Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жастар – қоғамдағы ең негізгі қозғаушы күш

10.10.2017 3027

Жастар – қоғамдағы ең негізгі қозғаушы күш

Жастар қашанда қоғамдағы ең негізгі қозғаушы күш. Бойында намыс оты кернеген жастар әрқашан өз елі үшін еш аянып қалмайды. Мемлекеттегі өзгерісті жастар қолдаса онда ол міндетті түрде жүзеге асады. Ақын Мағжан Жұмабаев:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін, - деп бекерге айтып өтпесе керек. Биылдан бастап елімізге латын әліпбиіне көшу жөнінде әңгімелер қозғала бастады. Ал, бұл бастаманы Оңтүстік жастары қолдайды.

— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2025 жылдан бастап, латын әліпбиін қолдстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Латынға көшкенімізанысқа енгізу керектігін айтты. Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үде ұтатын тұстарымыз бар, - дейді ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова. Оның пікірінше, біріншіден, бұл тіл тазалығы мәселесіне қатысты.

Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу — қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.

Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқымыз келеді, — дейді Балмаржан Нарбекова.

— Қазақ елі тәуелсіздік алғанына жиырма алтыншы жылға аяқ басты. Бүгінгі жастар еліміздің өркендегенін, жылдан-жылға дамып келе жатқандығын көріп отыр. Олар азат рухта тәрбиеленіп, өздерінің бай тарихына мақтана алатындай сезімде бой түзеуде, — дейді ОҚО жастар орталығының директоры Береке Дүйсебеков.

Оның пікірінше, отаршылдық санада емес, тәуелсіздік рухтағы қазіргі қазақ жастары ұлтын сүйетін патриоттық сезімде қалыптасып келеді.

— Біз жастар латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз деп сеніммен айта аламыз. Латын әліпбиіне көшу - біз жастар үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ!, — деп атап өтті Б. Дүйсебеков.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар