Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
100 ЕСІМ
Жастар пиаршыл арзан жұлдыздарға емес, нағыз тұлға...

25.10.2018 3557

Жастар пиаршыл арзан жұлдыздарға емес, нағыз тұлғаларға қарап бой түзесін

Жастар пиаршыл арзан жұлдыздарға емес, нағыз тұлғаларға қарап бой түзесін - adebiportal.kz

«100 жаңа есім» халықтық жоба болғанын қалар едім. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында болғандықтан алғашқы маусымында науқаншылдық байқағандаймыз. Аймақтардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың дауыс жинау жарысы болып кеткендей еді. Биылғы форматы ұнап отыр. Елімізде түрлі үкіметтік емес ұйымдар, бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, қауымдастықтар көп. Талай қоғамдық игі шараларды бірлесіп атқаруда. Білім беру болсын, қайырымдылық, денсаулық сақтау, аз қамтылған топтардың мүддесін қорғау сияқты салаларда жұмыс жасауда. Жеке адамдардан гөрі осындай бастамашыл топтардың жұмыла көтерген жүгі әлдеқайда салмақтырақ. Осындай бастамаларды қолдау, салалық бірлестіктерді, ұйымдарды насихаттау мақсатында биыл өтінімдер институционалды түрде қабылданады деп ұйғарылған екен. Дегенмен жеке азаматардың өтінішін де қалыс қалдырмауды шешіпті. Жоба басқарушыларының айтуынша осындай ұйымдар атынан келген өтініштерге басымдық беріледі. Бұл - құптарлық нәрсе.

Біздің қоғамда біреуге таныс, біреуге беймәлім түрлі тұлға бар. Тұлға дегеніміз әлбетте тек шоу-бизнес өкілдері емес. Олар ғалымдар, медицина қызметкерлері, бизнесмендер, мұғалімдер, қарапайым еңбек адамдары. Жоба осындай тасада қалып бара жатқан қаһармандарды елге көрсетуді көздеуі тиіс. Жастар пиаршыл арзан жұлдыздарға емес, нағыз тұлғаларға қарап бой түзесін деген мақсатты көздейді деп сенемін.

Жобаның аты – «100 жаңа есім». Яғни, жаңа қаһармандарды, жаңа жұлдыздарды шығару, көпшілікпен таныстыру. Бұл басқаларға да өз жұмыстарында мотивация әкелмек. Сондықтан да нағыз халықтық жоба болады деген ойдамын.

Аршат ОРАЗ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар