Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жазушы Рахымжан Отарбаев Түркияның қос медалімен м...

17.11.2016 4441

Жазушы Рахымжан Отарбаев Түркияның қос медалімен марапатталды

Жазушы Рахымжан Отарбаев Түркияның қос медалімен марапатталды - adebiportal.kz


4.png

Қазақтың классик жазушысы Рахымжан Отарбаевтың 60 жылдық мерейтойы Түркия астанасы Анкара қаласында кеңінен аталды. Түркиядағы Қазақстан елшілігінің ғимаратында Еуразия жазушылар Одағының қолдауымен жазушының «Ақ көбелектер» әңгімелер жинағы мен «Бас» романының тұсаукесері өтті. Сонымен бірге «Kardes Kalеmler» журналының қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арнаған санының да таныстырылымы сәтті жалғасын тапты. Кітаптарды түрік тіліне жазушы Мәлік Отарбаев пен ғалым Гүлзада Теменова аударған.


Жұртшылықпен және қала басшылығымен кездесудің соңында жазушыны «TÜRKSOYдың» Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қабылдап, мерейтой иесін құттықтады.

Ел мерейін өсірген қаламгер Қазақстан елшілігінің «Қазақстан-Түркия» бауырластық медалімен және «TÜRKSOY» тағайындаған «Haldun Taner» Халықаралық медалімен марапатталды.

FotorCreated.jpg




adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар