Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлының қос романы жайлы пікір

27.07.2021 2998

Жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлының қос романы жайлы пікір 12+

Көрнекті қазақ жазушысы, Халықаралық "Золотое перо Руси" әдеби сыйлығының жүлдегері (2019ж), Башқортстан жазушылар одағы тағайындаған шетелдік қаламгерлерге арналған әдеби сыйлықтың лауреаты (2020ж), "Роман&Драма" әдеби журналының бас редакторы Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Ащы да тәтті өмір» (Мәскеу, 2020 ж. «Художественная литература», түрікше Түркияда (Бенгю, 2021) жеке кітап болып басылып шыққан) кітабы жайлы Ресейдің әйгілі «Север» журналында, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын, жазушы, мәдениеттанушы, Горкий атындағы Әдебиет институтының «Поэзия» бөлімін тәмамдаған, Марина Цветаева атындағы сыйлықтың, халықаралық И.А.Гончаров атындағы сыйлықтың, Эрнест Хемингуэй атындағы сыйлықтың лауреаты Елена Крюкова жазушының қос романын жан-жақты талдап, жоғары бағасын берді.

Жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Жизнь горькая и сладкая» атты кітабы өткен жылдың соңында Мәскеуде орыс тілінде жарық көрген болатын. Жазушының бұл жинағы алдымен 2018 жылы Астанада «Ащы да тәтті өмір» деген атпен қазақ тілінде басылған. Бұл туынды «Олигарх және Олимп» атты роман-элегия мен «Интерадам» деген роман-әфсанадан тұрады. Осы кітап Ресей астанасында 14 баспа табақ болып басылып шықты. Заманауи көзқарасқа жазушылық шеберлікпен терең қозғау салған жаңа туындыға ресейлік баспа мамандары жоғары баға берген. Бұл туралы «Литературная газетада» рецензия жарияланды.

Жолтай Әлмашұлы 1957 жылы 14 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылында дүниеге келген. Жазушы, драматург, журналист, тарихшы, филолог- ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мәдениет қайраткері.

ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика (1979) факультетін, Алматы жоғары партия мектебін (1991) қызыл дипломмен бітірген. 1979 – 89 жылы Қызылорда облысында аудандық және облыстық газеттерде, облыстық комсомол комитетінде және Журналистер Одағының облыстық ұйымында басшылық жұмыстарда болды. Қалалық Советтің депутаты болды. 1991 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттінің аппаратында, Президент пен Үкімет аппаратында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1993-1994 жылдарда Республика президентінің Баспасөз қызметінде бас консультант болды. 1994-2020 жылдар аралығында Республика Үкіметі үкіметтік ресми басылымдарының бас редакторы қызметін атқарды. 2021 жылдан бастап "Қалдан-Жәлден" қоғамдық қорының президенті, "Роман&Драма" әдеби журналының бас редакторы.

Жетістіктері: Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде «Оянған ұрпақ» атты романы (2001) үшін жүлде алды. Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігі мен Жазушылар Одағы ұйымдастырған жабық әдеби конкурстарда проза және драматургия жанрлары бойынша бірнеше рет (2006, 2009, 2014, 2017ж) жеңімпаз атанды. Қазақстанның мәдениет қайраткері (2002ж), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2009ж), "Құрмет" Орденінің иегері (2014ж), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995ж), "Бәйтерек басындағы кездесу" драмасы Астанадағы Конгресс - холлда сахналанып, оны 1500 көрермен тамашалады (2005ж). "Мұңмен алысқан адам" драмасы ағылшын тіліне аударылып, Астанадағы "Шаңырақ" жастар театрының күшімен қала жұртшылығына көрсетілді (2014ж), Халықаралық "Золотое перо Руси" әдеби сыйлығының жүлдегері (2019ж), Башқортстан жазушылар одағы тағайындаған шетелдік қаламгерлерге арналған әдеби сыйлықтың лауреаты (2020ж).

Шығармалары: «Біздің команда», «Күн тәртібі», «Сұлтанбек Қожанов», «Нәзір Төреқұлов», "Садықбек Сапарбеков", «Найзашың», «Қызыр қойған Түркістан», «Қасиетті мекендегі қала», "Пенде мен періште", "Жеті жебе", "Ел мен елес", "Тоғыз тұңғиық", "Әуезов және Майлин", "Әбу Насыр Фараби", "Абыз Ахмет Иассауи", «Зов свободы», "Терзание души", "Вечная элегия" - секілді әңгімелер мен хикаяттар, тарихи эсселер кітаптарының авторы.

"Кең де тар дүние" трилогиясы ("Күлкі мен көз жасы", "Оянған ұрпақ", "Ұмытылған ұрпақ"), «Ащы да тәтті өмір» (Олигарх және олимп, Интерадам, Бумеранг, Бақидан келген келіншек, Жатпланеталық жігіт) - романдарының, 50-ге тарта драмалық шығармалардың (олардың 15-20-сы театрларда сахналанып жатыр) авторы.

"Жизнь горькая и сладкая" атты қысқа романдар топтамасы орысша Москвада (Художественная литература, 2020), түрікше Түркияда (Бенгю, 2021) жеке кітап болып басылып шықты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар