Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жазушылар одағы мен Алматы қаласы музейлер бірлест...

11.03.2021 3090

Жазушылар одағы мен Алматы қаласы музейлер бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 12+

Жазушылар одағы мен Алматы қаласы музейлер бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - adebiportal.kz

Қазақстан Жазушылар одағы Алматы қаласы музейлер бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Меморандумға сәйкес аталған мекемелер өскелең ұрпаққа эстетикалық тәлім-тәрбие беретін, отансүйгіштікке баулитын бағдарламаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, көрмелер, мәдени-ағарту іс-шаралары мен экскурсиялар ұйымдастырып, көрнект қаламгерлердің шығармашылық өмір жолы, қоғамдық қызметі мен ізденістерін жан-жақты насихаттау барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

«Біздің бірлестіктің құрамында әдеби-мемориалды музей бар. Мұқанов, Мүсірепов... Сол жерде болашақта ақын-жазушылардың іс-шараларын өткізсек деген жоспарларымыз бар. Зиялы қауымның жәдігерлерін жеке комплекс дейді ғой, кешендік музейге қабылдау жұмыстарын жасасақ», – деді қалалық музейлер бірлестігінің директоры Әнуар Үмбетәлиев.

Аталған қос ұйым өкілдері қаладағы бірқатар мұражайларға қатысты ойларын ортаға салды. «Елдің әдебиеті мен мәдениетін көркейту қай кезеңде де мойынға артылған жүк боп қалмақ», – дейді ел ағалары.

Алдағы уақытта тараптар Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық меретойына орай көшпелі көрме ұйымдастыру, Бірлестікке кіретін музейлерде ақын-жазушылармен шығармашылық кештер өткізу сынды көптеген әдеби-мәдени шараларды бірлесіп атқарады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар