Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда кітап жауған күн...

24.05.2017 9029

Жетісуда кітап жауған күн

Жетісуда кітап жауған күн - adebiportal.kz

Биыл Алатау мен Алакөлдің арасын алып жатқан жазиралы өлке – Жетісу даласында қызғалдақ емес, кітап өскен секілді, жаңбыр емес, жыр жауған секілді көңіл-күй бар.

Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кейінгі он жылда 372 автордың кітабы жарық көрсе, биылғы жылдың бірінші жартысының өзінде – 39 автордың кітабы сүйіншілі қауымның сөресінен табылды. Ал екінші жарты жылдықтың еншісінде тағы да қаттаулы кітаптар тұр.

Мұқағали Мақатаев пен Бердібек Соқпақбаевтың Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ағылшын тілінде мұхиттың арғы бетінде жарық көрген кітаптарының тұсаукесерінде аймақ басшысы Амандық Баталов «әдебиетке әрқашан қолдау көрсетілетінін» айтса, аймақ басшысының орынбасары қызметіне келген Жақсылық Омар келген бетте жастармен кездесу өткізіп, жас қаламгерлерге уәде беріп еді. Уәдесінде тұрды. 18 бен 45 жас аралығындағы Жетісу ақындары мен жазушыларының бүйірі томпиған қос томдығы қолға тиді. Жастардың интеллектуалдық және рухани потенциалын көрсететін қос томдық маңдайымызға жарасып-ақ қалды. Қойын-қонышымыз кітапқа толды. Мұнда Астана, Алматы, Талдықорғанда ой бағып жүрген қаламгерлер де, таудың баурайында, өзен бойында қой бағып жүрген жас қаламгерлер де бар. Көбінің кітапқа алғаш шығуы. Мұнда болашақ Мақатаев та бар, болашақ Мұратбеков те бар десті сөз білген ағайын.

Кітап сөреңізде орын болса, шыққан кітаптар тізімі төменде:

1. Ғұсман Жандыбаев. Жыр мен Сыр. Ақынның ертеректе жазылған өлеңдері мен шығармашылық жолының белестерінен сыр шертетін зертханалық жазбалары

2. Тұрдыбек Алшынбаев. Қасиетті мекен. Хикаяттар мен әңгімелер.

3. Күнболат Омаров. Жетісу жерінде. Тарихи-деректі роман. Қазақ зиялыларының бұл күресі жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде аз ғана уақыт өмір сүрген қазақтың тәуелсіз «Алаш елі» мен «Алашорда» мемлекетінің пайда болуына ұйытқы болып, «Алаш» ұлттық партиясын құрды

4. Әдепхан Жақыбаев. Баркөрнеу. Өлеңдер жинағы.

5. Мэлс Керейбаев. Толқиды Ақсу. Ілияс Жансүгіров өлеңдеріне жазылған Ән-романстар, хорға арналған шығармалар.

6. Сәбит Биболов. Ескелді би – даналық дариясы. Ескелді бидің 325 жылдығына арналған жинақ.

7. Алена Нурбекова. Поединок с судьбой. Размышления, мысли, стихи.

8. Әдильхан Сахариев. Волчьи пляски. Рассказы и повести.

9. Әміре Әрін. Айқабақ. Өлеңдер жинағы.

10. Құдаш Мұқашев. Жалғыз тораңғы. Драма, повесть, әңгімелері мен балаларға арналған шығармалары.

11. Қадырша Құрманов. Есімде сол бір шақ. Естеліктер, әндер.

12. Нұрила Бектемірова. Өмір бір басқа, көңіл бір басқа. Хикаяттар мен әңгімелер жинағы.

13. Хасен Көптілеуов. Сезім сыры. Өлеңдер, поэма, очерк-өлең, арнау жырлар.

14. Мәулетхан Ақсанов. Өмір өткелдері. Деректі әңгімелер, ой-толғау, эсселер.

15. Мұса Жанәділов Түлеп ұшты жүректен жыр-құстарым. Таңдаулы өлеңдері мен толғаулары, термелері, әнге арналған мәтіндері.

16. Жангелді Немеребай. Қар гүлдері. Өлеңдер, баллада, арнау жырлар.

17. Жұмаш Оспанбекова. Қоңыр әуен. Өлеңдер, толғаулар, монологтар.

18. Қанағат Қарашев. Жанымның жайсаң сәттері. Өлеңдер, естелік-эсселер, әңгімелер мен хикаят.

19. Майра Сулейменова. Ильяс. Книга о жизни и творчестве И.Жансугурова.

20. Дүбек Мұсанов. Дала жыры. Өлеңдер.

21. Виктор Никитин. Жеңіс-Победа. О земляках-героях нашей Жамбылской земли, солдат, ушедших с земли Жетысу на великий страшный бой с врагом. О великом подвиге тружеников тыла войны.

22. Қаракөз Сейітжанқызы. Үмітімді үкілеген – қаламым. Әңгіме, ойтолғау, эссе, новелла, естеліктер.

23. Сайлаубай Тойлыбаев. Т1, Т 2. Сарноқай саздары. Лирикалық өлеңдер.

24. Гүлжанат Нұршанова. Қараталдың қарлығашы. Гүлайым Түстікбайдың мақала, өлеңдері мен өзі туралы естеліктері.

25. Сәкен Иманасов. Саясы самал бәйтерек. Хикаяттар мен естелік-эсселер.

26. Әбдіғали Сариев. Толық шығармалар жинағы. 1-кітап. Ой-толғамдар, арнау өлеңдер, толғау-қиссалар және айтыстар.

27. Мұхаметәлі Қазбанбетов. Алаштың соңғы асы. Деректі әңгімелер мен естелік-эсселер.

28. Қанат Тілеухан. Қараштың әңгімелері. Повесть және әңгімелер.

29. Бейбіт Сарыбай. Біздер, біздер... Әзіл-шыны аралас әңгімелер.

30. Шолпан Жұмәділова. Сағынғанды сағындым. Ой-толғамдар, сыр-сұхбаттар, естеліктер.

31. Жасан Зекейұлы. Бел омыртқа аурулары. І-тарауда адам денесінің құрылымын зерттейтін ғылым – анатомияның жалпы міндеті, тарихы және өрлеу жолдары. ІІ-тарауда адамның қаңқасы, ондағы жеке-жеке сүйектер, олардың байланыстары талқыланады.

32. Жасан Зекейұлы. Акупунктура. Анатомияның жалпы міндеті, тарихы және өрлеу жолдары, оның басқа медицина ғылымдар саласындағы орны жөнінде баяндалады.

33. Мәди Алжанбай. Құлажирен. Әңгімелер мен аудармалар.

34. Есболат Айдабосын. Сүлікқара.

35. Наурыз Қылышбаев. Тәттібай мерген. Тәттібай батыр жайында.

36. Ерлан Жүніс. Арманшыл таңның бұлттары.

37. Жетісуға құйылған жылғалар. Антология

38. Тау мен өзен жырлары. Антология

39. Амандос Аканаев. Академия художеств. Казахстана

Ерлан Жүніс


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар