Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Жыр алыбы – Жамбыл» әдеби ревюі

22.06.2021 864

«Жыр алыбы – Жамбыл» әдеби ревюі 12+

Нұр-Сұлтан қаласының Жамбыл Жабаев саябағында (Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысы) «Жыр алыбы – Жамбыл» әдеби ревюі өтті. Елбасы кітапханасының «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылған шара Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орайластырылған.

22 маусым – ақын өмірінде де, халық тарихында да көптеген мағыналық, белгілік реңк бар күн. Біріншіден, бұл Еске алу және аза тұту күні, себебі, 80 жыл бұрын, 1941 жылы адамзат тарихындағы ең қанды соғыс басталды.

Осы соғыстың тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі – Ленинград құрсауы еді. 80 жыл бұрын Ұлы дала елінен қала қорғаушыларына «Ленинградтық өренім!» атты жалынды сәлемін жолдаған Жамбыл ақын 1945 жылдың 22 маусымында өмірден озды.

Әдеби ревю барысында Жамбыл Жабаев ескерткіші тұрғызылған саябақта қала жұртшылығы бас қосты.

Оның барысында ақынның өшпес өлеңдері мен әндері шырқалды. Қатысушыларға соғыс және тыл ардагерлері үндеу жолдап, Қазақстанның қазіргі жазушылары мен ақындары сөз сөйледі.

Өздеріңізге аталмыш іс-шарадан фоторепортаж ұсынып отырмыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар