Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Жолдаудың еркін форматта өткені ұнады...

05.10.2018 3282

Жолдаудың еркін форматта өткені ұнады

Жолдаудың еркін форматта өткені ұнады - adebiportal.kz

Жолдаудың еркін форматта өткені ұнады. Президенттің сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туралы Үкіметке салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тапсырма бергені қазіргі уақыттың талабы деп есептеймін.


Содан кейін көкейіме қонған тамаша ұсыныс: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Елбасы «Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» - деді. Ұлттық әдебиетімізді дамытып, жас дарындарды қолдау мақсатында өзім қызмет ететін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осы жылдың 2 мамырында Жас ақын-жазушылар кеңесін құрған болатын. «Жас ақын-жазушылар кеңесі тек қана министрлік жанынан құрылып қана қоймай, басқа облыстардағы әкімдердің жанынан өнер және әдебиет саласында әдістемелік-сараптамалық жұмысты жүзеге асыру үшін консультативтік-кеңестік ұйым болып құрылу керек», - деп Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсыныс жасаған болатын. 2019 жылғы ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА бұл жұмысымыз жандана түседі деп қуанып отырмын!

Бауыржан Қарағызұлы, ақын,

ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар