Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жұлдыз Ілебаева, ақын: «Жаңа Жолдау ертеңге деген ...

17.11.2014 2707

Жұлдыз Ілебаева, ақын: «Жаңа Жолдау ертеңге деген сенімді күшейтті»

Жұлдыз Ілебаева, ақын: «Жаңа Жолдау ертеңге деген  сенімді күшейтті» - adebiportal.kz


Жұлдыз.jpg«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты туралы халыққа жаңа Жолдауында Елбасымыз халық үшін аса маңызды деген жәйттарға баса назар аударып, Үкімет алдына нақты тапсырмалар қойды. Жалпыұлттық даму жоспарымыз анық, жарқын болашаққа қадам басуға ниет етіп жатқанымыз да хақ. Ұлттық қордан жұмсалатын қыруар қаржының нысанасы белгілі. Шешімін таппай келе жатқан пәтер мәселесі қолға алынатын болыпты. Жаңадан отау құрып, шаңырақ көтерген жастар үшін - бұл қуанышты жаңалық. Бас қаламыз – Астананың өзінде қаншама отбасы үйсіз-күйсіз жүр. Ай бойы еңбек етіп тапқан ақысын жалдаған пәтеріне беріп, өлместің күйін кешіп жүрген жандар қаншама. Салынған үйлердің сапасының нашарлығы жайында да естіп те, теледидардан көріп те жүрміз. Осы мәселелердің түйіні тарқап, нәтижесі болса дейміз. Мұнымен бірге, мектептер салуға, еліміздің он жоғарғы оқу орындарында ғылым мен өндірістің байланысын нығайтуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, және тағы басқа түйінді жәйттарға айқын басымдықтар беріліп отыр екен. Тыңдап отырсаңыз бәрі де Қазақстан халқы үшін.

Жылдағыдан ерте жолданған Жолдаудың өз ерекшелігі бар. Келе жатқан жыл – тарихи белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, лайықты деңгейде атап өту парызы тұр алдымызда. Бұл біздің бабалар алдындағы қасиетті борышымыз.

Сонымен бірге, «Нұрлы жол» Жолдауының аясында Астанаға апаратын және ел өңірлерін бір-бірімен қосатын жолдарды салу және жөнге келтіру ісі қолға алынатындығы туралы айтылған. Қазақстандағы елді-мекендер арасындағы тас жолдардың кедір-бұдыр, ойқыш-ұйқыш жерлері түзелетіні де жағымды хабар. Тек барлығы сөз жүзінде ғана жасалып қоймаса екен.

Әрине, жаңа жылға қадам басқалы отырған халық үшін жаңа Жолдау ертеңге деген сенімді күшейтті. Нұрлы болашаққа – «Нұрлы жолмен», жаңа жылға жақсы ниет, үкілі үміт арқалап барамыз енді. Әрбір атқан таңымыз арайлы, күніміз шуақты, байрағымыз көкте желбіреп, әнұранымыз асқақтап төрткүл дүниенің төрінен шырқалып жатыр. Және ең басты байлығымыз – тыныштығымыз бар. Нұрлы болашаққа - бірлігіміз бекем боп, бір тудың астында қосылған басымыз алауыз болмай, айрандай ұйып жетсек екен!

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар