Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 70 жыл...

30.01.2015 3681

Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 70 жыл

жуматай
Бүгін жыр қағаны - Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 70 жыл. Алдағы жылы елімізде  Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтпек. Ақын есімі мен өлеңді төрге оздыратын бұл мерейлі күнге дейінгі әдеби шаралар әлден-ақ басталып кетті.   

Осы орайда Қазақстан Жазушылар одағында «Тағзым» клубының қолдауымен Жұматай поэзиясына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті.
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында жыр жалынына өртеніп өткен ақын Жұматай Жақыпбаев есімі бүгінде қазақ өлеңінің көгінде жарқырап тұр. Ақындық жолында музасына айналған Ләйләсін шыбытты жырларына арқау еткен шайырдың шығармашылығы өз оқырманын тамсандырмай қоймайтыны анық.   
Кешті Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай ашып, Темірхан Медетбек, Ұлықбек Есдәулет, Зейнолла Тілеужанов, Қуанышбай Құрманғали, Темірғали Көпбаев сынды қаламгерлер естелік айтып, Ағайша Исағұлова, Роза Әлқожа сынды өнер иелері ақын сөзіне жазылған әндерді орындады. Бұған қоса Өнер академиясының бір топ студенттері ақын өлеңдерінен құралған поэтикалық композиция ұсынды. Әдеби кешті белгілі ақын Әділғазы Қайырбеков жүргізді.
Кезінде айналасына таланттарды топтастырып, жыр Қағанатын құрған қаған Жұматайдың нояндары бүгінгі күні қазақ өлеңінің бір-бір жарқын өкіліне айналып, ұлт әдебиетіне барынша адал қызмет етуде.

Сіздерге Жұматай шайырдың әйгілі Ләйләсына арнаған бір топтама жырларын ұсынамыз.

adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар