Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жұмекен Нәжімеденов атындағы жыр мүшәйрасы

03.11.2014 2796

Жұмекен Нәжімеденов атындағы жыр мүшәйрасы

ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов атындағы «Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім...» республикалық жыр мүшәйрасының
        ЕРЕЖЕСІ 

                                                jp (2).jpg

Байқаудың мақсаты: Жұмекен мұрасын Қазақстан халқына, әсіресе жастар арасында насихаттау, оның шығармашылығын адамгершілікке, имандылық рухына тәрбиелеуге, келешек ұрпақ игілігіне пайдалану.

Мүшәйра шарттары:

35 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады:
Ж.Нәжімеденовке арналған өлеңі;
Еркін тақырыптағы 1 өлеңі;
Белгіленген тақырыпқа (билет сұрақтарына сай) арналған қолма-қол өлең шығару өнері сынға түседі;  (уақыты – 3минут) 
Жүлдегерлерге лауреаттық атақтар, дипломдар және қаржылай сыйлықтар табыс етіледі;
 
Жүлделер:

Бас жүлде – 200 000 теңге;
І орын – 150 000 теңге;
ІІ орын – 100 000 теңге;
ІІІ орын (екеу) – 70 000 теңге;
Ынталандыру сыйлықтары – бесеу

Қатысушы ұсынатын құжаттар:

  Арнау және еркін тақырыптағы өлеңі;  
  Қысқаша өмірбаяны;
  3х4 түрлі-түсті фотосуреті;
  Жеке куәліктің көшірмесі;
  Байланыс телефоны

Мүшәйраға қатысу туралы:

Мүшәйраға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды 2014 жылдың 17 қарашасына дейін altyn_topshy@mail.ru электронды почтасына жіберіп, үміткерлер алдын-ала іріктеуге қатысады;
Мерзімінен кешіккен құжаттар қабылданбайды;
Алдын-ала іріктеуден өткен ақындарға 18 қараша күні хабар беріліп, мүшәйраға шақырылады.

Республикамыздың барлық облысынан қатысатын талапкерлердің жол шығынын жіберуші жақ көтереді. Жатын орны мен тамақтандыруды ұйымдастырушы жақ қамтамасыз етеді. Атырау қаласына келу мерзімі 11 желтоқсан, 2014 жыл.

Байланыс телефондары:
Атырау қаласы, Абай көшесі, 8 үй.  
Байланыс телефондары: 8701 684 80 08; 8702 959 80 08; 8 7122 32-68-49. 

Өтетін уақыты: 12 желтоқсан, 2014 жыл.        
Өтетін орны: Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы.      
                                                                   
adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар