Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Жүрегі жырдан жаралған» атты жазба ақындар мен ән...

24.09.2016 5294

«Жүрегі жырдан жаралған» атты жазба ақындар мен әншілер байқауы өтті

«Жүрегі жырдан жаралған» атты жазба ақындар мен әншілер байқауы өтті - adebiportal.kz


Кеше Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі шеңберінде қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің жауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және жас таланаттарды таныту мақсатында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық жазба ақындар мен әншілер байқауы салтанатты түрде өтті.


DSCF9750.jpg


DSCF9690.jpg


DSCF0005.JPG


Байқауды ашып берген облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов тіл айлығы қорытындысы бойынша бірқатар азаматтарға Алматы облысы әкімінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарын тапсырды. Сондай-ақ тіл жанашырларына Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамоталары да табыс етілді.


DSCF9753.JPG


Шара барысында «Әдебиет порталы» мен аталмыш Тіл басқармасының жыл басынан бері бірлесіп өткізген «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты онлайн-мүшәйраның жеңімпаздары марапатталды. «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасының жетекшісі Бауыржан Қарағызұлы порталдың Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығын тапсырды.


DSCF0120.jpg


Осыдан кейін басталған «Жүрегі жырдан жаралған» байқауы Тұманбай Молдағалиев туралы фильмді көрсетумен ерекше есте қалды.


Байқауға Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулетов, ақын, Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты Бауыржан Қарағызұлы, дәстүрлі әнші, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлі, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Ахмет Кендірбекұлы қазылық етті. Өнер сайысына еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 29 жас өнерпаз қатысты.


DSCF0065.JPG


Жас ақындар Тұманбай Молдағалиевке арнаған және тәуелсіздік тақырыбындағы екі өлеңін оқыса, жас әншілер ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады.


Байқау жүлдегерлеріне облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың дипломдары мен ақшалай сыйлықтары табыс етілді. Әншілер арасында бас жүлдені Астана қаласынан келген Әнел Смайылова иеленсе, атыраулық жас ақын Серік Қойшығұлов өзге үміткерлерден оза шығып, бас жүлдені жеңіп алды.


DSCF0075.jpg



Т. Молдағалиевқа арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты республикалық байқауындағы жүлдегерлер тізімі




Ақындар



Ынталандыру жүлдесіне ие болғандар



1.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

30 000 теңге

Рахымжан ОРЫНБАСАРОВ (Атырау облысы)

2.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

30 000 теңге

Мешіт ҒАЗИЗ

(Қостанай облысы)

3.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

30 000 теңге

Тұрар БЕКМЫРЗА

(Қызылорда облысы)

4.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

30 000 теңге

Дана АХМЕТОВА

(Шығыс Қазақстан облысы)


Арнайы жүлде


1

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

40 000 теңге

Қуаныш ОСПАНОВ

(Ақмола облысы)

2

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

40 000 теңге

Қайырхан ЖҰБАНИЯЗОВ (Ақтөбе облысы)

3

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

40 000 теңге

Нұрболат ЖОЛДАСБЕК

(Жамбыл облысы)

4

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

40 000 теңге

Жәлел ШАЛҚАРОВ

(Қарағанды облысы)

5

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

40 000 теңге

Ердәулет БҰХАРБАЕВ

(Оңтүстік Қазақстан облысы)


ІІІ орын


1

Басқарманың ІІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

60 000 теңге

Талғат МЫҚИ

(Батыс Қазақстан облысы)

2

Басқарманың ІІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

60 000 теңге

Балтабек НҰРҒАЛИЕВ

(Алматы қаласы)

3

Басқарманың ІІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

60 000 теңге

Ажар ЕРБОЛҒАН

(Астана қаласы)


ІІ орын


1

Басқарманың ІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

70 000 теңге

Динара МӘЛІКОВА

(Алматы облысы)

2

Басқарманың ІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

70 000 теңге

Бақытжан ӘМІРОВ

(Маңғыстау облысы)


І орын


1

Басқарманың І дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

80 000 теңге

Айбек ОРАЛҚАНОВ

(Павлодар облысы)


Бас жүлде


1

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

100 000 теңге

Серік ҚОЙШЫҒҰЛОВ

(Атырау облысы)




Әншілер



Ынталандыру 


1.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

30 000 теңге

Бағдат СЕЙІТ

(Ақтөбе облысы)

2.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

30 000 теңге

Дархан ҚҰЛБАБАЕВ

(Батыс Қазақстан облысы)

3.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

30 000 теңге

Жансұлу ӘБУОВА

(Жамбыл облысы)



Арнайы жүлде



1.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

40 000 теңге

Қуаныш АЛТЫБАЕВ

(Алматы қаласы)

2.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

40 000 теңге

Фахруддин СЕЙІТБЕК

(Оңтүстік Қазақстан облысы)

3.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

40 000 теңге

Олжас НҰРАЛИЕВ

(Қызылорда облысы)


ІІІ орын


1.

Басқарманың ІІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

60 000 теңге

Гүлнұр АЙМАХАН

(Ақмола облысы)

2.

Басқарманың ІІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

60 000 теңге

Амангелді АХМЕТЖАНОВ (Қарағанды облысы)

3.

Басқарманың ІІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

60 000 теңге

Нұрперзент ЖҮСІПБЕКҰЛЫ (Маңғыстау облысы)


ІІ орын


1.

Басқарманың ІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

70 000 теңге

Жібек АЙТБАЕВА

(Павлодар облысы)

2.

Басқарманың ІІ дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

70 000 теңге

Жарқынбай ДЕРИПСАЛДИН (Қостанай облысы)


І орын


1.

Басқарманың І дәрежелі дипломы және ақшалай сыйлық

80 000 теңге

Гаухар ЕРМЕКҚЫЗЫ

(Алматы облысы)


Бас жүлде


1.

Басқарманың дипломы және ақшалай сыйлық

100 000 теңге

Әнел СМАИЛОВА

(Астана қаласы)



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар