Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жүрекке жылы жеті жинақ...

22.05.2014 3301

Жүрекке жылы жеті жинақ

Ол қазақ елімен қатар алыс-жақын шетелге де танымал тұлға, адам физиологиясы мен жан-жануарлар физиологиясы саласында білікті маман. Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры, Сократ сыйлығының лауреаты. 

IMG_8315.JPG

Бүгін ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында биология ғылымдарының докторы, профессор, Нүркен Мырзаханұлының 7 томдық «Ғылыми, ғылыми-бұқаралық және шығармашылық еңбектері» жинағының тұсаукесері өтті. 

IMG_8362.JPG

Нүркен Мырзаханұлы адам физиологиясы мен жан-жануарлар физиологиясы саласында білікті маман. Ұлағатты ұстаз
Тұсаукесер кешіне филология ғылымдарының докторы, академик Сейіт Қасқабасов, жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай, «Астана» медициналық университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Даленов, Тұран-Астана университетінің студенттер мен оқытушылары қатысты. 

IMG_8283.JPG

Жеті жинақтың I томы - «Лимфа жүйесі» тақырыбына,  II томы -  «Лимфа айналымы»,  монография, III томы -  «Физиологиялық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі», IV томы -  «Физиология. Педагогикалық валеология негіздері. Экологиялық эссеге» арналса, V томы -  бұл «Ауыл шаруашылық негіздері» атты оқу құралы, VI томға «Валеология. Экология. Білім», ал VII томға ғалымның өмір, руханият туралы толғаныстары, замандастарына арнау өлеңдері, мақалалары енгізілген.

IMG_8346.JPG

Тұсаукесер кешіне келген қонақтар, ғалымның замандас достары сөз алып Нүркен Мырзаханұлына лебіз тілектерін білдірді, шәкірттері ұстаздарына арнап жырдан тарту жасады. 

IMG_8308.JPG

Кеш иесі сөз соңында «менің ендігі арманым – филология ғылымдарының магистрі болу» деп жүрек түкпіріндегі ізгі тілегін жасыра алмады. Жетпіс жастың асуына жеткен ардақты ақсақалдың асыл арманы жөнді деп ойладық. Қазақ ғылымының дамуына, биология ғылымына еңбегі сінген ғалымның алдағы уақытта да тіл ғылымына да түрлі жаңалықтар әкеліп, оқырмандарына әлі талай жинақтарын ұсынады деген сенімдеміз. Түрлі ғылым саласында есімдері алтын әріптермен жазылған қазақ зиялы қауымындағы қара таяқты ақсақалдарымыз аман болсын!  


Салтанат Қожа



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар