Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Жусан Қыз» оқырманға жол тартты...

04.02.2014 3233

«Жусан Қыз» оқырманға жол тартты

«Жусан Қыз»  оқырманға жол тартты - adebiportal.kz
1081693_459674610799735_571711180_n.jpg

2014 жылдың ақпан айында ақын Азамат Тасқараұлының «Жусан Қыз» атты жыр жинағы Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді. 

Азамат Тасқараұлы – ақын. ҚР Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран при иегері.

Ақынның аталмыш кітабы халықаралық «Алтын қыран» қайырымдылық қорының (Президенті – Исламбек Салжанов) демеушілігімен Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Кітаптың көлемі 5 баспатабақ. Таралымы 1000 дана. Кітапқа алғысөз орнына аға буын өкілдері – Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, марқұм Фариза Оңғарсынова, Бүкіләлемдік Өнер мен Мәдениет Академиясының академигі, жазушы Роллан Сейсенбаев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері Жәркен Бөдеш, Қазыбек Иса, Маралтай Райымбекұлы және ҚР Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Талғат Ешенұлы секілді ірі қаламгерлер өз пікірлерін білдірген. Кітаптың сыртқы мұқабасына семейлік талантты суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Талғат Тәтиевтің картинасы пайдаланылған. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар