Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Жүз жылдық жалғыздықтың» авторы дүниеден өтті...

18.04.2014 1572

«Жүз жылдық жалғыздықтың» авторы дүниеден өтті...

Gabriel_García_Marquez_(recadrage).jpg

Колумбияның атақты жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Габриэль Маркес 17 сәуір күні Мехико қаласында 87 жасында дүниеден өтті. Бұл жөнінде Associated Press хабарлайды.

Алғашқы шығармалары 1947 жылдан бастап жарияланған. Туған жері Аракатаға ұқсайтын Маконда қаласы бейнеленген «Үзілген жапырақтар» (1951) повесінен бастап, жалғыздық сарыны Маркес шығармаларының басты тақырыбына айналды. Латын Америкасында әр түрлі газеттерде тілші қызметін атқарған ол көптеген Еуропа елдерін аралады. 1961 ж. Мексикаға барып, алғаш Испанияда, толық нұсқасы 1966 ж. Мексикада жарық көрген «Қайырымсыз мезет»  романын аяқтады. 1962 жылы «Үлкен шешені жерлеу» атты шығармасы, 1967 жылы  «Жүз жылдық жалғыздық» романы жарыққа шықты. 

Романды орыс тілінен қазақ тіліне 80-жылдардың аяғында Кеңес Юсупов аударған болатын. Жарты миллион данамен таралған романда Буэндиа ұрпағының өсіп-өркендеуі арқылы  Латын Америкасының тарихы мен өркениеті, адамзаттың сана-сезімдік эволюциясы көрсетілді. Ауыр науқастан көз жұмған қаламгер Колумбия халқының мақтанышы, әлем әдебиетінің классигі. 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар