Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Жыр жауһары" поэзия оқулары...

06.04.2015 5546

"Жыр жауһары" поэзия оқулары

"Жыр жауһары" поэзия оқулары - adebiportal.kz

Қазақтың классик ақындарының шығармаларын интернет кеңістігінде үздіксіз насихаттау мақсатында І республикалық «Жыр жауһары» поэзия оқулары  арнайы жобасын ұсынады. Арнайы жоба интернет байқау түрінде жүргізіледі. 

 

                                  303 (1).jpg 
 


 

Байқауға қатысу үшін мына шарттарды орындау керек: 


 

1. Поэзия оқуларына қатысушылар төмендегі ұсынылған ақындардың өлеңдерін (қалаған ақынынан 1 өлең) өзі оқып, оған бейнеролик немесе аудио нұсқасын жасау арқылы қатыса алады. 


 

2. Ұсынылатын ақындар: 


 

  • Абай Құнанбаев 

Шәкәрім Құдайбердіұлы 

Сұлтанмахмұт Торайғыров 

Мағжан Жұмабаев 

Ілияс Жансүгіров 

Сәкен Сейфуллин 

Қасым Аманжолов 

Мұқағали Мақатаев 

Жұмекен Нәжмеденов 

Төлеген Айбергенов 

Қадыр Мырза Әлі 

Тұманбай Молдағалиев 

Фариза Оңғарсынова 

Жұматай Жақыпбаев 

Әмірхан Балқыбек 


 

3. Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.  


 

Жеңімпаздарды марапаттау:  


 

Интернет байқаудың қорытындысы бойынша әр ақынның үздік орындалған шығармалары бойынша жүлделі орындар тағайындалады. 


 

Гран при – біреу ( жүлделі деп танылғандар арасынан) 

І орын – 1 (біреу)  

ІІ орын – 3 (үшеу)  

ІІІ орын – 5 (бесеу)  

Арнайы жүлделер – 5 (бесеу) 


 

4. Ұсынылатын жұмыстар 2015 жылдың 1 қарашаcына дейін қабылданады. 

5. Ұсынылатын жұмыстарды «Әдебиет порталы» интернет-жобасына тіркеліп, «видео жүкте» тетігі арқылы жолдауға болады.

6. Видео жүктеу кезінде нақты қай оқуға қатысып жатқанын анықтау үшін арнайы хэштег арқылы ақынның аты көрсетілуі керек. Мысалы, #Абайоқулары #Мұқағалиоқулары Байқауға жұмыстарыңызды мына сілтеме арқылы жүктей аласыз.

46545.png 
 

7. Байқау жеңімпаздарын арнайы құраммен белгіленген қазылар алқасы анықтайды.

8. Жеңімпаздарды марапаттау қараша айында Астана қаласында эстрада жұлдыздарының қатысуымен салтанатты түрде өтеді.

9. Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны:  +7 (7172) 79 82 12; 8 778 999 85 89 (Whats App) 


 

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар