Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Басты бет
Арнайы жобалар
Арнайы жоба «Поэзия әлемі»

Жыр жауһары

 

Қазақтың классик ақындарының шығармаларын интернет кеңістігінде үздіксіз насихаттау мақсатында І республикалық «Жыр жауһары» арнайы жобасын ұсынады. Арнайы жоба интернет байқау түрінде жүргізіледі.

 

Байқауға қатысу үшін мына шарттарды орындау керек:

 

1. Поэзия оқуларына қатысушылар төмендегі ұсынылған ақындардың өлеңдерін (қалаған ақынынан 1 өлең) өзі оқып, оған бейнеролик немесе аудио нұсқасын жасау арқылы қатыса алады.

 

2. Ұсынылатын ақындар:

 

  • Абай Құнанбаев
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы
  • Сұлтанмахмұт Торайғыров
  • Міржақып Дулатов
  • Мағжан Жұмабаев
  • Ілияс Жансүгіров
  • Сәкен Сейфуллин
  • Қасым Аманжолов
  • Мұқағали Мақатаев
  • Жұмекен Нәжмеденов
  • Сағи Жиенбаев
  • Төлеген Айбергенов
  • Қадыр Мырза Әлі
  • Тұманбай Молдағалиев
  • Фариза Оңғарсынова
  • Жұматай Жақыпбаев
  • Әмірхан Балқыбек

 

3. Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

 

Жеңімпаздарды марапаттау:

 

Интернет байқаудың қорытындысы бойынша әр ақынның үздік орындалған шығармалары бойынша жүлделі орындар тағайындалады.

Гран при – біреу ( жүлделі деп танылғандар арасынан)

 

  • І орын – 1 (біреу)
  • ІІ орын – 3 (үшеу)
  • ІІІ орын – 5 (бесеу)
  • Арнайы жүлделер – 5 (бесеу)

 

4. Ұсынылатын жұмыстар 2018 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады.

 

5. Ұсынылатын жұмыстарды «Әдебиет порталы» интернет-жобасына тіркеліп, «видео жүкте» тетігі арқылы жолдауға болады.

 

6. Видео жүктеу кезінде нақты қай оқуға қатысып жатқанын анықтау үшін арнайы хэштег арқылы ақынның аты көрсетілуі керек. Мысалы, #Абайоқулары #Мұқағалиоқулары 

 

7. Байқау жеңімпаздарын арнайы құраммен белгіленген қазылар алқасы анықтайды.

 

8. Жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылы желтоқсан айында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.

 

9. Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: +7 (7172) 79 82 12;

 

adebiportal.kz

 

ары қарай оқу

Көп оқылғандар

Есенбай Құли. Музыка сезімге әсер етсе, сөз ойды орайды

01.07.2022
299
Асылында, саз өнері сөздің құдыреті жетпес ішкі құ

Академик Ғарифолла Есімнің төрт кітабы америкалық атақты сайтта сатылымға қойылды

30.06.2022
108
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының конституция залында академик, жазушы, абайтан

Қазіргі жастар: кітап оқу мәдениеті

30.06.2022
63
Қазақта «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «

Кинорецензия туралы бір сөз

30.06.2022
32
Бәріміз білетіндей кинорецензия ең әуелі фильмге жазылатын сыни талдау