ҚҰТ

19.10.2017 8751

 

Бауырлас Қырғыз елінің Нурлан Калыбеков деген мықты ақыны бар. Жақсы көретін ағаларымының бірі. Осы ФБ арқылы анда-сонда әгімелесіп тұрамыз. Таныстығымыз Бішкек қаласында Kalicha Jakypova қарындасым екеуміздің кітабымыздың тұсаукесері кезінде басталған болатын. 
Бүгін сіздерге Нұрекеңнің бір өлеңін аударып, назарларыңызға ұсынып отырмын. Қабыл алыңыздар! Нұреке, Бар Болыңыз Аға!

 

 

ҚҰТ

 

Қайдан келді? Белгісіз...
Тоқ соқпады, жай да келіп түспеді,
шиыршықталған бір бума от келіп 
бетімнен осты,
өртеніп кетпедім.
Миымның іші бұрынғыдан да бос,
Мен әлемге, әлем Маған сіңгендей,
ұлы күшке кеткенсимін айналып...
Жарқ-жұрқ етіп, уылжып, балқыған сезімдер;
бауырымды езген күлкілер;
жынды қылып жіберуге аз қалды.
Жүрегімнен сансыз Күн көрдім.
Айлар келе жатты тізіліп.
Тырнағым мен шашымның ұшында
бажыраяды жұлдыздар.
Көкірегім, төбем, аяқ астында,
қабат-қабат аспандар
толқа-толқа жіптердей домалайды тоқтамай.
Жер көремін есепсіз
басқан, ұшқан, жүзген және сөйлеген.
Көрдім тағы сұлулықты әм қорқынышты иелерін тірліктің.
Жағалаудағы бұлақтар
Аспан түсті мұхиттар
Иесі болып шықты
менің қара тәнімнің. 
Түпкі Рухымның Құдайы мен Құдайлары
Жабық есік артында ұзақ кеңесті.
Неге кеңесті? Не деді?
Түк те айтқан жоқ...

 

Авт. Нурлан Калыбеков

 

аударған Бауыржан Қарағызұлы

Поделиться: