Жемқорлықпен күрестің құқықтық мәселелері мен шетелдік тәжірибелері
Қазақстан Республикасы Ата Заңында еліміздің зиялы, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық нормаларды ұстанатындығы айқын көрсетіліп, республиканың дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы, бөлінбес бөлігі екендігі жария етілген.
Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға қатысты проблемалардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып саналады. Оның мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғауға, ҚР Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы мәселелердің жүйелі орындалуына және оған қарсы күрес жүргізу – құқық қорғау органдары, Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің заман талабына сай, нәтижелі еңбектерінің арқасында орындалады деп сенім артылуда.
Қол жеткен табысқа тоқмейілсімей, талапты күшейте отырып, осы бағыттағы жүйелі талапты күшейте отырып, осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды белсенділікпен жалғастыру – қазіргі таңдағы аса жауапты міндет.
Қазіргі таңда еліміздің өркениеттер мемлекеттер қатарынан өзінің лайықты орын алуға ұмтылып отырғанда азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау – мемлекетімізді нығайтудың маңызды мәселесіне айналып отыр. Әлеуметтік құбылысқа айналған қылмысқа тосқауыл қою бағытында атқарылар жұмыстардың ірілі-ұсақтығы жоқ екенінөзі де айқындады. Бұл ретте қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің маңызы жоғары.
Сыбайлас жемқорлық негізінен, көзге көріне бермейтінқылмыс. Сондықтан да оның ізіне түсіп, қолға ұстап алу қиын. Ол табиғатында құпия түрінде жүзеге асырылатын жымысқы қылмыстар қатарына жатады. Ұстала қалған күннің өзінде сан алуан түлкі бұлтаңға салып, жазадан сытылып кетудің, сан түрлі айлаларын іздейді. Бірақ не нәрсенің де шегі бар, қанша жерден құтылып кетуге тырысса да жұртшылық алдында бетпердесі ашылады. Бұл арада БАҚ арқылы беріліп жататын қылмысты хроникалар, жемқорлық тақырыбындағы түрлі жанрлы хабарлар, мерзімді басылымдардағы әшкерелеу мақалаларын ресми семинарлар мен басқа да басқосуларда осы мәселелер төңірегінде ой бөлісу-саяси ерік-жігерді арттыра түседі. Бірақ бұл арада “жемқорлық – қоғамдық дерт, онымен баршамыз аяусыз күрес жүргізуіміз қажет” – деген сияқты үндеулерден гөрі сыбайлас жемқорлық нақты адамдарға қандай нақты кеспатын, зиянын тигізеді деген сұрақтарға жауап іздеген әлдеқайда ұтымды болмақ[1].
Өйткені парақорлықтың әсерінен әлеуметтік нысандар, яғни мектеп, аурухана салынбай жатады. Салықты бұрынғыға қарағанда көп төлейді, жұмыс орындары азаяды, жалақы төмендейді. Қысқасы, қоғамдағы әлеуметтік қырсыықтардың басым көпшілігі осы қолы таза емес жемқорлардан келіп жататыны айтпаса да түсінікті.
Әрине жемқорлықтың қандай дәрежеде қоғамдық ашу туғызатынын айту қажет. кейбіреулер оп-оңай айта салатын болса “ашу-ызаны” лауазымдарын асыра пайдалану арқылы меншікке қол сұққандар туғызып жатса жұртшылық бұл астамшылыққа бей-жай қарай алмайды. Мемлекет қаражатын қалағанынша қарпып алудың қарапайым азаматтардың қалтасына түсумен бірдей екенін терең сезінетін жұртшылық мұндайда үлкен күшке айналады.
Отандық заңнаманың жетілмегенін пайдаланып, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа малынған “бетке ұстарлары” республика бюджетінің кірісіне шамалас қисапсыз капиталды шетелдерге жібергенін естіп жүрміз. Оларды қайтару оңайға түспесі анық. Ал, ҚР Үкіметі Халықаралық валюта қорынан жылда несие сұрайды.ол өзінің беретін несиесінің есесіне Қазақстанның реформа жүргізуіндегі өз дербестігін жоғалтуына дейін талап қойып отыр. Батыстың біздің экономикамызды қаржыландыруы біз үшін арзанға түспейтіндігіне жыл асқан сайын көзіміз жетуде. Экономикалық қауіпсіздік проблемасына мән бермесек, ұлттық тәуелсіздігімізді жоғалтып алуымыз әбден мүмкін[2].
Сондай-ақ, парақорлыққа да ерекше көңіл бөлу қажет. ол да мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың ең жаман түрі. Парақорлық жөніндегі көптеген қылмыстық істердің әр түрлі, қисынсыз себептер мен ұзақ уақыт қаралмай немесе Қылмыстық кодекстің басқа баптарына негізсіз дәрежеленіп, бұрмалайтын жағдайлары да бар. Әсіресе, кейбір соттар өздерінің әріптестеріне қатысты істерге “түсіністікпен” қарайтын сәттері де жоқ емес[3].
Билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің жолындағы тосқауылдардың бірі – экономикалық және саяси (немесе мемлекеттік) элиталар арасында тығыз өзара байланыстың бар екендігі. Экономикалық мемлекеттік және жеке секторлардың үйлесіп кетуі қазіргі кезде қиын боп тұр. Жек сектордың жедел дамуы үшін қатаң заң енгізу керек, сол арқылы оны мемлекеттің араласуынан қорғауға және жеке сектордың заңдылықты сақтауын бақылауға мүмкіндік тудыру қажет.
Соңғы бірнеше жылдарға созылып келе жатқан мәселелердің бірі – бюджеттің кіріс бөлімін орындау және оның шығыс бөлімін бақылау. Мұның екеуінде де сыбайлас жемқорлықты кездестіруге болады. Бюджеттің салық бөлімін орындау үшін көп нәрсенің керегі жоқ – өндірістік кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік беретіндей салық заңнамасын қабылдау және салық төлеуден жалтаратындарға қатаң санкция белгілеу. Сонымен қатар, қолма-қол ақша айналымын біртіндеп шектеу, ол үшін ақша қаражатын қолма-қолданушылықтан қаптаған ұйымдардың арылу және сыбайлас жемқорлыққа дем беріп отырған өзара есептесу дегенді мүлде азайту.
Сондай халықтың маңдай теріммен, қиындықпен жиналатын бюджет қаражатының өз мақсатында жұмсалатындығына бақылаудың болмауы да көңіл алаңдатады. Мысалы, жергілікті әкімшілікке, мектепке немесе кәсіпорынға мемлекет бөлген субвенциялар нақты алушыға жеткенше, жол-жөнекей жарым-жартылай, кейде көп бөлігі талан-таражға түскенін хабарлардан көріп, естіп жүрміз. Оған әкімшілік шенеуніктері тікелей қатысады.
Cыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызушылар заң бойынша жазаға тартылуы тиіс. Заңда көрсетілген лауазымды адамдардың басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуына және мүдделеріне өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалануына, жоғарыда тұрған ресми адамдарға сыйлықтар таратуға және қызметтен тыс қызмет көрсетуіне, қызметі мен жұмысы жөнінен лауазымды адамдармен немесе мүлік салынатын құмар ойындар ойнауға қатысуға, сондай-ақ ҚР-ның жеке және заңды тұлғаларының есебінен мемлекеттік және шетелдік туристік, емдеу және сауықтандыру және өзге де шақыруды қабылдауға, өзге де мүлікті сатып алуда заңдарда көзделген артықшылықтарды пайдалануға, өзге де мүлікті сатып алуда заңдарда көзделген артықшылықтарды пайдалануға тиым салынып, кінәлі адамдар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, заңсыз алынған сыйақылар мемлекеттік бюджетке табыс етіледі[4].
Аталмыш қылмыстардың алдын-алу және онымен күрес жүргізу мақсатында мына іс-шараларды жүзеге асыруды басты назарда ұстау керек:
- Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істерді айрықша назарда ұстап, ай сайын осындай тұрпатта қаралған істердің қорытындысын шығарып отыру;
- Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істерді сотта қарау тәртібі мен реттеріне нұқсан келтірген судьялардың тәртіптік жуапкершілігін қатайту;
- Мұндай істердің барысын қадағалап отыратын судьяны бөлу;
- Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істерді қарау мерзімін нақты белгілеу.
Қазіргі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық – құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс.
Еліміздің төл заңдарын қабылдап, олардың орындалу пәрменінің арта түсуі мемлекеттік деңгейдегі тәртіпті нығайтып, сыбайластықты тежей түсері хақ. Алайда, адам баласының пендешілік пен қу құлқыны қай заманда, қай қоғамда да болып отырғанын ескерсек, қылмыстың бұл түрі-сергек қарауды қажет.
Әлемде жалпы жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге Еуропа Одағы, БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Америка мемлекеттерінің ұйымы, сонымен қатар, Экономикалық Ынтымақтастық және даму Ұйымы қосылады. Тарихи дамудың қазіргі кезеңінде жемқорлықтың трансұлттылығы бүкіл қоғамдастық қауіпсіздігі үшін төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді. Халықаралық жемқорлыққа қарсы мыналарға бағытталған құқықтық, саяси, ұйымдастырушы шаралар кешені ретінде стратегия қажет:
- қоғамдық жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру;
- жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты көтеру;
- жемқорлық құқық бұзушылықтарды сыныптаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, заң құзіреті әділет параметрлерін унификациялау;
- жемқорлық әрекеттерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оның алдымен қаржы саласында ашықтық атмосферасын жасау[5].
Жемқорлықпен күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Нидерланды, Финляндия, Ұлыбритания, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Норвегия, Швейцария, АҚШ, Австралия, Сингапур, Люксенбург, Ирландия, Израиль, Дания, Австрия, Жапония, Германия, Исландияны жатқызуға болады.
Аты аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері – осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып, соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.
Мәселен, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді:
- сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жазалау жүйесі – бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тиым салуды және мемлекеттік қызмет ұсынатын барлық әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді;
- сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін тұлғаларды лауазымға тағайындау;
- арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі;
- лауазымдық тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі – шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау[6].
Жемқорлықпен күрес жүргізетін басқа топ институционалдық деп аталады. Бұл топ жемқорлыққа қарсы мүлде басқа күресті көрсетеді. Олардың ойынша, жаңа әдіс, жаңа жолға бар бағдарламаны жойып тастап, нормитивтік іс-әрекеттерін өзгерту керек. Институционалдық жемқорлық өзгерістерге мынадай мысал келтіруге болады: сайлау үрдісінде ашықтық, жариялылық қамтамасыз ету; үкімет жұмысына және орныдаушы басшылығына парламенттің бақылауы; сайлау үрдісінде қаржы мәселесіне бақылау жасау; мүлік мәселесін шектеу; мемлекеттік қызметкерлерінің кіріс-табысын, қаржы міндеттерін, шенеуніктердің табысын көтеруін, ылдық қаржы есебін беру, жемқорлыққа қарсы арнайы заң қабылдау, әкімшілік және қылмыстық жазалау т.б[7]. Сайлаушылардың дауысын сатып алу көптеген мемлекеттерде дәстүрге айналған. Бұл әдіс АҚШ, Ұлыбританияда және басқа Еуропа мемлекеттерінде ХІХ ғасырда кең таралған. Қазір осындай шаралар шектелсе де, бүгінде осындай заң бұзушылық байқалады[8].
Израиль жемқорлықтан жеткілікті түрде ерікті мемлекеттердің бірі болып есептеледі. Израильде шенеуніктер үшін едәуір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған және сыбайлас жемқорлық анықталған жағдайда олар қатаң жазаланатындықтан, төмен деңгейлі жемқорлық жоқ дерлік. Себебі, бұл елдерде мемлекет көп ғасырлы күрес нәтижесінде құрылған.Ондағы жемқорлыққа қарсы күрес, Нидерланды елінде қолданылатын шараларға қоса, “мониторинг жүргізудің белгілі қайталануы” жүйесі арқылы жүргізіледі.
Италия мен Испанияның сайлау үрдісінде басқа шаралар қолданады. Ықпалы зор үміткерлерге саяси партиялардың көсемдері “патронаж” деген әдісті пайдаланады. Бұл әдістің маңызы мынада: сайлау кезінде көмектескен адамдарға мемлекеттік органдардан бір пайдалы қызметтерді ұсынады. 1966 жылы Тайландта өткен сайлау сайлаушыларға сыйлықтар тарату негізінде өтті[9]. Сондықтан көптеген мемлекеттерде сайлауды өткізу барысында ашықтық талап етіледі. Екіншіден, сайлау компаниясын қаржыландыруды бақылауға алып, нормадан жоғары қаржыландыруға тыйым салынады.
Оңтүстік Африка Республикасында бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейі көптеген Еуропа елдеріне қарағанда төмен. Олар қабылданған жаңа заңдардың көмегімен Үкіметті Парламент алдында есеп беруге міндеттеу арқылы, шенеуніктер мен депутаттарға табыстары және басқа да салық төлейтін мүліктері жөнінде декларация тапсыру және мемлекеттік жүйенің ашықтығын қамтамасыз ететін қадамдарды қабылдау жолымен қол жеткізілді[10].
Ботсванада жемқорлықтың қарқынды өсуін тежеуге келесі шаралар алдын алды: шенеуніктердің санын қысқартып, олардың жалақысын көтерді және мемлекеттік мекемелердің құрылымы ықшамдалды әрі сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне дереу санкция салынды.
Канадада “Әдеп ережелері” атты Кодекс парақорлықты - Конституцияны бұзу және мемлекетке опасыздық жасаумен теңестіреді. Ол 1985 жылы қабылданған. Параны алған адам да, оны берген адам да қылмыстық жазалауға жатады. Осы ереженің басты мақсаты – “қоғамның мемлекеттік аппаратқа және оның қызметкерлеріне деген сенімді арттыру”.
1992 жылы Францияда қабылданған лауазымдық тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін жауапкешілігін реттеу саласында 1983 жылғы 13 шілдедегі «Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары және міндеттері туралы» Заң - 1994 жылы қыркүйекте күшіне енген Қылмыстық кодексінің маңызы орасан. “Мемлекеттік қызметкелердің құқықтары және міндеттері туралы” Заңға сәйкес мемлекеттік шенеунікке “өзін тек қызметке арнау” міндеті жүктелген, бұл ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің міндеттеріне ұқсас.[11]
Канада мен АҚШ-тағы мемлекеттік билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістерінің бірі:
1. Өз мүддесіне қарай мемлекеттік мүлікті және ресурстарды пайдалануға шектеу қою.
2. Сыйлықтарды алуға тыйым немесе шектеу салу.
3. Үкіметті ведомство немесе министрлік алдына өтініш берген бұрыңғы мемлекеттік қызметкерлердің істеріне шектеу қою[12]. Яғни, Канада мен АҚШ заң жүйелері мемлекеттік қызметте мүдде шиелінісін болдырмайтын әкімшілік кодекс және тәртіптің әдеп қалыптарын қосады, осының нәтижесінде қызметкерлер арасындағы адалдық пен кәсіптіктің ең жоғары деңгейіне жетуін талап ететін мемлекеттік ресурстарды пайдалану. Осындай көргендей, АҚШ пен Канаданың мемлекеттік қызмет туралы заң жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасуына пайдаланған бірқатар тәсілдер бар.
Сингапур – Азиядағы сыбайлас жемқорлық құбылысы мардымсыз елдердің бірі. Ол Швейцария мен Австралиядан кейінгі 3 орында деп жарияланған. Арнаулы зерттеулерге жүгінсек, ол 12 Азия мемлекеттерінің ішінде ең аз сыбайласқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық елдердің заңнамаларында қарастырылған, бірақ Сингапур үкіметі сияқты жүйелі, әрі қатаң заң талаптары - біраз елдерде ғана бар. Сингапурдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің жетістіктерімен таңдандырады. 1960 жылдан бастап мемлекет көшбасшылары бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан-жақты бағдарламаны жүзеге асырды.
Мөлдірлікке қол жеткізуде, ақпараттарды көрсетуде, жұртшылыққа таратуда және мәліметтерді таратуда жаңа Интернет-технологияларды қолдану тәжірибеге берік енді. “Мөлдірлік мәдениетінің” ашық үлгісі ретінде 1999 жылы Сеулдегі жаңа “Open” бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама арнайы қағидалар негізінде құрылған екен.
Қорыта айтар болсақ, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында шет мемлекеттердің тәжірибелерін бөлісу қажет. Сингапурдың мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көлемінде есептеуді, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мүлкі, активтері т.б. есеп жүргізуді , сыбайлас жемқорлық жағдайлары жайында хабарлаған адамдар туралы құпия ақпараттарды қатаң сақтау, мемлекет қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуға тыйым салу.
Жемқорлыққа және басқа да Заңға қайшы іс-әрекеттерге қарсы күрес негізінен алдын алып түсіндіру шаралары арқылы жүргізілуі қажет. біз ешкімге “былай істе” – деп айтуға қақымық жоқ. Бірақ та олардың істеген іс-әрекеттерінің өздері үшін қандай нәтиже беретінін көзіне көрсетіп, шұқып түсіндіруімізге болады. Эфемерлік, уақытша “дүниені белінен басып” тіршілік еткені үшін өте қатаң жазаға ұшырайтынын көрсете, түсіндіре білуіміз қажет. Тек қана біздің әрқайсымыз кісіні мақсатқа жеткізетін өзінің адал еңбегі, ойының, іс-әрекеттерінің, сөзінің, басқа кісілермен қарым-қатынасының тазалығы ғана екенін түсіне білуіміз қажет.
[1] Лунеев В.В., “Коррупция, учтенная и фактическая” // Государство и право, 1996 г. с.80
[2] Еуропа Кеңесінің “Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы”, Страсбург. 1999 жылдың 27 қаңтардағы Конвенциясы, 10-б.
[3] Болшой энциклопедический словарь, Москва, Советская энциклопеия, 1991 г. с.244
[4] Наджаров А., “Коррупция”. Рабочая трибуна, 1990 г. 22 мая
[5] Садыханұлы М., “Жемқорлықпен күрес бүкіл халықтық сипат алуға тиіс” // Дала мен қала. 2008 ж. 15 ақпан, №7. 3-б.
[6] Құттаяқов Ш., “Қазаннан қақпақ кетсе...” (Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ой-толғамдар). Астана, 2000. 152-б.
[7]Қапышева Салтанат, “Сыбайлас жемқорлықпен күрестің шетелдік тәжірибесі”, ҚР Заң шығару Институтының Жаршысы. №4(28) 2012 ж.
[8] Максимов С.В., “Основы противодействия коррупции”. Москва, Спарк 2000. с.228
[9] Кистауова З., “Казахстан в борьбе за улучшение делового имиджа” (материал предоставлен Центральноазиатским агенством политических исследований) // К обществу без коррупции. 2003 г., №2 (15). с.29-31
[10] Дональд Баузер. Коррупция в Казахстане. // Материалы международной научно-практической конференции. Астана, 1999. – с.73.
[11] Ахметов А. “Коррупция в минусе когда борьба с ней”. // Казахстанская правда. №127. 2007. – с.1-2.
[12] Құдайбергенов М.Б., Кодекс поведения должностных лиц по поддержанию провопорядка: Учебник. Алматы, 1999. с.320.
Поделиться: