Тыныштықпен сырласу

12.12.2017 5445

Тыныштықтың мазасын тағы бұзып,

Ойлар мені түрткілеп үзік-үзік.

Жалғыздықта отырмын тағы бүгін.

Дариясында сананың, малтып, жүзіп.

Мұң шағамын, шер айтамын үздігіп,

Мың құбылып, жүз жылаймын, жүз күліп.

Жалғыздық бар, тыныштық бар сыр шертер.

Отын жаққам үмітімнің жүз үріп.

Құпиямның тең жарымы өлеңде,

Ал қалғаны, рух жаныма көлеңке.

Айдың арғы беті сынды сырларым.

Ей, жазмышым сол сырлармен өлем бе?

Тұнып жатыр су түбінде тас сынды.

Уақыт өте жанның дерті асқынды.

Не шара бар? Жалғыздыққа Тәңірім?!

Не амал бар?! Тағдырыма тасқынды!?

 

Поделиться: