Алаш арыстары

21.12.2017 8531

Алашым деп аласұрған, 
Ұлдары бар қазақта дара туған. 
Қазағым еркін құстай самғасын деп, 
Жандарын өздерінің қия салған. 

Бар Байтұрсыновтай дара тұлғам 
Бөкейханов жарқырап, жұлдыз болған. 
Бірі айы, бірі күні болып, 
Дулатовта қазаққа бола туған. 

Қазақтың мақтанышы Жұмабаев, 
Және бар тағлым болар Торайғыров. 
Қазағымды қалың қайғы қаптағанда, 
Тыныштығын сыйлаған Тынышбаев. 

Ұлы қазақ бар кезде өлмейді ұлылырда, 
Ерлерімнің ерлігі мәнгілік ел жадында. 
Ұлықтаған ұрпағың өздеріңді, 
Бас иеді батырларым алдарыңда.

Поделиться: