Байрағымыз — бөрі. Ұранымыз — Алаш. І БӨЛІМ. «ҚАЗ»-дан ҚАЗАҚҚА
04.05.2018
5154
Байрағымыз — бөрі. Ұранымыз -— Алаш
І БӨЛІМ. «ҚАЗ»-дан ҚАЗАҚҚА
Қазақ ұлтының атауы орта ғасырлардағы Ұлы Даланың төскейінде орын алған салттан орныққан. Ол салттың түркі тілдес халықтардың арасына тараған атауы – қазақылық. Қазақылық – орта ғасырлардағы түркі халықтарында пайда болған әлеуметтік институт. Бұл институттың көне негізі ертедегі ру-тайпалық қоғамдағы ер кісілердің алғашқы әскери қосын құру, әскери демократия кезеңінен бастау алатыны кәміл. «Қазақылық» - қимыл-әрекеттер жиынтығы. Оның қысқарған формасы – қазақ.
Поделиться: