Байрағымыз – Бөрі. Ұранымыз – Алаш. ІІ БӨЛІМ. «БӨРІ»-ден БАЙРАҚҚА

04.05.2018 4575

Байрағымыз – Бөрі. Ұранымыз – Алаш

ІІ. БӨЛІМ. «БӨРІ»-ден БАЙРАҚҚА

 Қандай іс немесе бастама болсын алдымен идея түрінде пайда болады. Қазақылық салтта белгілі бір идеологиялық шатырдың астында өсіп-өнгені, дамығаны сөзсіз  және оның ірге қазығы берік, діңгегі мықты болуы тиіс еді. Далалық өлкелерде тәуелсіз, еркін өмір сүру салтын қалаған қазақылық мүддеге қызмет ететін идеологиялық құралды тотем бабаларға деген наным-сенім атқарды. Түркілердің тотемі - далалық өңірдегі ең жыртқыш, азулы, әрі азатшыл аң қасқыр.

Поделиться: