«AМБРОЗИАНА» КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ ЕЛОРДА КІТАПХАНАСЫНЫҢ ТӨРІНЕН ОРЫН АЛМАҚ
Үстіміздегі жылдың 21-22 мамыр күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы елордамыз Астанада «Әлем астаналарының шежіресі» атты Халықаралық көрме өткізеді.
Аталмыш іс-шара Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылатын бұл көрме – тарихи мұраны насихаттауға және Қазақстанның мәдени-тарихи құндылықтарының халықаралық дәрежеде танылуына бағытталған ірі мәдени әрі имидждік жоба болып табылады.
Іс-шара барысында әлемдегі ең ірі кітапханалар сирек кездесетін басылымдар, құжаттамалық жазбалар, еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты кітапханалар қорларындағы фотосуреттер, шығармалар және басқа да жазба ескерткіштерін ұсынады. Әлемнің ірі кітапханалары арнайы астаналарды көшірудің әлемдік хроникасы туралы ақпараттарымен таныстыратын болады. Сонымен қатар, әлем елдерінің тарихын анықтауға үлес қосқан шығармалар мен еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысы бар жазба мұралар туралы мол мағлұмат беретін сирек басылымдар мен фотоколлекциялардан құралатын деректі көрмелер ұйымдастырылады.
Халықаралық көрмені өткізу халықаралық мәдени алмасуды одан әрі жетілдіру, мәдениеттер диалогын және кітапханааралық ынтымақтастықты дамыту үшін ақпараттық ресурстарды жинақтауға және кеңейтуге мүмкіндік береді.
Көрменің безендірілуі «Aмброзиана» кітапханасының (Италия) жәдігерлдері болып табылатын маңызды үш қолжазбаның көшірмелерімен жүзеге асады:
1. Леонардо да Винчидің басты көмекшілері – Қайта өрлеу дәуірінің ұлы математигі Лука Пачолидің «De Divina Proportione» көшірмесі;
2. 4-5 ғғ. ежелгі грек кодтары, Саймон Мартинидің миниатюралары (Ilias Picta ');
3. Франческо Петрархке тиесілі Вергилдің шығармалары бар қолжазба.
Халықаралық көрменің жұмысында пленарлық отырыстар мен кітапхана бизнесі туралы өзекті мәселелер бойынша секциялар жұмысы, сондай-ақ, ғалымдармен, ақындармен және жазушылармен шығармашылық кездесулер өткізіледі.
Іс-шараға ТМД және әлем елдері ұлттық кітапханаларының жетекшілері, Қазақстанның ұлттық және аймақтық кітапханалары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, баспагерлер, мемлекеттік мәдениет, білім және ғылым институттарының жауапты қызметкерлері, кітапханашылар және т.б, шақырылып отыр.
Іс-шараға шетелдік 40 қатысушы, еліміздің аймақтарынан 60 қатысушы, Астана қаласындағы ғылыми және шығармашылық ортадан 150 зиялы мен астана қонақтары қатысады.
Айта кетейік, Астананың 20 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапхана халықаралық деңгейде 5 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Поделиться: