«Түркістан уәләяты» газетінің алғашқы авторы – Шахмардан Ибрагимов

27.03.2019 7477

  

Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов 1840 жылы дүниеге келді. Ұлты башқұрт, Орынбор губерниясында туып өсті.

  

Әскери отбасында дүниеге келген.

  

Сол кездегі тәртіп бойынша Сібір кадет корпусын бітірді.

  

1856 жылы аудармашы болып сұлтан Шыңғыстың орнына отырады. Омскі қаласында 1863–1867 жылдары қазақ тілінен сабақ береді. Шахмардан 1865 жылы «Қазақтарды басқару» халық комиссиясының мүшесі болады. 1867 жылыгенерал-губернатор К.П. Кауфманның бұйрығы бойынша губернаторлық ставкада парсы және татар тілінің аудармашысы болып қызмет атқарады.

  

1870 жылы Ш. Ибрагимов сол генерал-губернатордың бұйрығы бойынша «Түркістан уәләяты» газетінің редакторы болып қызмет атқарады. 1882 жылы Ш. Ибрагимовті отставкаға жібереді, бірақ 1884 жылы қайта шақырылып, әр түрлі дипломатиялық нұсқаулар бойынша қызмет атқарады. 1890 жылы Ш. Ибрагимовті Арабия еліне елшілік қызметімен барады. 1891 жылы Ш. Ибрагимов осы елде обадан қайтыс болады.

  

Өте жоғары білімді, талантты, қоғам қайраткері болды. Ол он жылдан астам уақыт «Түркістан уәләяты» газетінің авторы болып сонымен бірге газет бетінің тіл тазалығы мен материалдардың дұрыс жазылуы, лексикалық тазалығына, басылуына аса мән беріп отырды.

 

Кейіннен «Дала уәләяты» газеті болып қайта басылып, алдыңғы газетке қарағанда көп жетістікке жетті. Ш. Ибрагимов қазақ халқының тұрмыс тіршілігін, сат-дәстүрін, мәдениетін жан-жақты білетін шебер зерттеуші десе де болады. Ол кісінің мына еңбектерініен білеміз: «Қазақ халқының этнографиялық очерктері», («Очерк этнографии казахского народа») (1876ж), «Қазақ халқының молдалары туралы», («О муллах в казакских степи») (1874ж), «Қазақ елінің сот анықтамасы», («Заметки о казакским суде») (1878ж). Ш. Ибрагимов қазақ халқының бұрыннан келе жатқан мақал-мәтелдерін, нақыл сөздер, жұмбақтарды газетке жарыққа шығарды.

  

Тағдыры мен өмірі Ш. Уәлихановпен өте ұқсас тағдыр болды. Шахмардан сұлтан Шыңғыстың аудармашы- секретары қызетін атқарды. Шоқан 11–12 жасынан Шахмарданды қалай халықтың мұң-мұқтажына қарап, оған қалай көмек бергенін өз көзімен көрді де, ол бала Шоқанға қатты әсер етті. Олар екеуі де бірдей генерал-каратель М. Г. Черняевті жақтырмады. Ш. Уәлиханов қайтыс болғаннан кейін Ш. Ибрагимов оның еңбектерін жинап, бір жүйеге келтірді. 1870 жылы генерал-губернатор К. П. Кауфман Алтын Емелге шығып, Шоқанның бейітін көріп, адамшошырлық қалыпта екеніне көзі жетіп қатты қынжылды. Ш. Ибрагимов «Түркістан уәләяты» газетінде Ш. Уәлихановтың үлкен еңбегін жазып, ғалым, қазақтың бір туар зерттеушілерін бағалауға шақырып халықты ол туралы ескерткішті бағалуды айтты. Ш. Ибрагимов 3 мақаласын Ш. Уәлихановқа арнап жазды. И. П. Кауфманның бұйрығы бойынша Шоқан қабіріндегі тасқа жазылған түрлі сөздер өшірілді.

  

Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов өзінің еңбектерін қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік мәртебесі бар ұлы еңбектердің бірі деп айтуға болады.

Поделиться: