Сағыныш та бақыт қой мен аңсаған!

25.09.2019 4858

Іздедім самал желдің ескенінен,

Аспандағы бұлттардың көшкенінен.

Іздедім, таба алмай аласұрдым,

Жұлдыздардың таң ата өшкенінен.

Іздедім таң арайы атқанынан,

Кеш түсіп, күн көрпесін жапқанынан.

Жарқыраған жұлдыздан таба алмадым,

Айға серік болған ба нұрлы тұлғаң?!

Сағына іздесемде күллі әлемді,

Мейірімді бейнеңіз елес болған.

Зарығып, қолым жетпей, жабыққанмен,

Сағыныш та бақыт қой мен аңсаған!

Поделиться: