Странник
ЖОҒАЛҒАН
(Бауыржан Қарағызұлы)
І
Пенденің бәрін Адам дедіңіз,
табам дедіңіз ғаламнан,
Жоқты.
Бәрінен жалыққан кезде, маған келіңіз.
Маған келіңіз, Жоғалған.
Өзіңнен-өзің қорыққан күні,
өзіңнен-өзің қашқаннан,
қорық қанкүні,
құрметің артар Аспанға.
Жападан жалғыз торыққан түні,
маған келіңіз, Жоғалған.
Дос көрдім бәрін, қош көрдім бәрін,
опасыз неткен, о, жалған.
Соқыр көзден де жаскөрдім, жаным,
келіңіз маған, Жоғалған.
Жоғалған, бізді сұраған көзге,
тура қараңыз, мұңайған.
Жападан жалғыз жылаған кезде,
қашыңыз барлық «құдайдан»...
Таланған сенім, тоналған көңіл,
кез болар түбі арайға...
Күтемін Сізді, Жоғалған өмір,
келіңіз маған қалайда
(перевод на русс.яз Дидо)
СТРАННИК
I
Человеком
людей называют
говорят, в этом мире
полно.
Не видел.
Приходите ко мне,
коль устали,
Странник,
и ты приходи.
Если ты
до небес превозносишь,
избегая себя самого,
в одиночестве лишь узнавая.
Не печалься,
ко мне приходи.
Как бы ты ни приветствовал
друга,
постоянства ни в ком не ищи.
У слепцов видали ли слезы?
О, живущий
приди расскажу.
На вопросы всегда отвечайте
прямо, глядя сразу
в глаза.
Ну, а если слеза
к вам подкралась
в одиночестве
скрасит она.
Потерявший однажды доверие
тяжело обратно найти.
Время все раставит
и вылечит,
Ну, а если не так,
приходи,
Странник.
ІІ
Әкеден жалғыз емеспін,
Алыста-а-ан Ананың мейірін көрдім,
Жоғалған.
«Жалғызбын мүлде» демеспін,
көп ішінде бір Құдайға сенгендей,
Жалғыздық маған, саған келгендей
жолықты... Жалықтым.
Жалықтым, күнім, расы,
ей, кімдер бар дейсің, жанды ұққан?!
Мас болып, лаң салатыным –
сондықтан.
Сондықтан,
өзіме-өзім жүгіріп,
өзімнен-өзім қашқанда,
мөп-мөлдір болып, жанарда жаралған,
моншағымды іліп жүрекке,
өзіңді іздеймін, Жоғалған,
сондықтан..
ІІ
У отца не один я рос
материнскую любовь
издалека я видел,
Странник.
Не говорю, что одинок совсем,
мне одиночество
как и тебе встречалось.
Устал.
Так притомился,
по правде говоря.
И, если руку к сердцу приложить
доверился б лишь Богу.
А кто душу понял тут –
не пьяный ж в сорре?!..
вот так вот..
убегая от себя –
себя ищу
держа у сердца
ожерелье, сотканное
светом..
вот так вот, Странник..
III
Күн туғанда басыңа
жоламайды көлеңкелер қасыңа...
Күнтуғанда басыңа
қандай ғажап Ай туғаны керіліп,
ұмытасың сатқындығын сағаттың,
барлығынан жерініп,
отырасың жалғыз өзің егіліп,
қандай ғажап!
Жүк түскендей арқаңнан
үңілесің өміріңе болконнан,
өмір саған үңіледі,
жарықтық,
ащы өксік тығылады қолқаңа,
шер толқиды, тістенесің, шыдайсың,
көңіліңнің кемсеңіне құлайсың...
Қап-қараТүн сипағанда басыңнан,
шыдай алмай жылайсың,
қандай ғажап!
III
Тень не приблизится
с восходом солнца.
С восходом
зародится новая луна.
От мира отстранившись
одиноко
ты забываешь
о потерянных часах.
Удивительно!
Груз скинув с плеч
на жизнь посмотришь
с издали,
и в миг почувствуешь
ее взгляд на себе.
Вся яростная жалость
на судьбинушку
печалью станет не робща.
Душа тоской растерзанная
мается,
но наступает ночь
она опять в слезах.
Удивительно!
ІV
Көзінен уақыт тамшылап:
Дін керек пе? Әлде, Алла керек пе?!, -
деп сұрады, Жоғалған.
...о-о-о, міне, енді өзіңе оралдың.
Енді сөзіңе жылылық.
Өзіңе-өзің керексің.
Өзің жоқ болсаң,
сезім жоқ болса,
қажеті бар ма олардың?!
Оралдың. Өзіңе оралдың, Жоғалған...
Жан көзімен қарашы,
ана-о-оу көңіл көкжиегінде
бүр жарған маңдайын гүлге сүйдіріп,
күллі ғарышты айналған,
айналған тағдыр ішінде жаңбыр исімен ойланған
Жолушыларды көрдің бе?!
Көрмедің бе, әлде Жоғалған?!
О, нендей еді тілегің?
Ішің біледі.
Ауырар ұзақ жүрегің...
Түн төгілгенде мұңлы далаға алқымнан алған
Арыңның аппақ сұрағы – көзіңнің күлгін бұлағы.
Оның кемерінде құрақтай қаулап,
нәп-нәзік нұр өсер лаулап дұғалы.
Аузыңнан ұшқан жалғыз сөз,
бір тамшы жасқа айналса,
ойларың шығар кінәлі.
Күнәлі емес тағдырың.
Төкпеші көзіңнен уақытты.
Сосын, өзіңнен кетпеші енді,
Жоғалған.
ІV
Время текло:
«Религия важна
иль Бог?!-
спросил Странник
о, разговоры по душам нужны?!
Теперь ты оказался себе нужным,
обернувшись?
Нашел себя ль,
вернулся ли к себе? –
без этих чувств
во всем нет прока.
Видал ли на своем пути,
тех, кто созерцает по дождю
круговорот всех судеб,
Странник?
Не видел?
Сердцем посмотри –
сознание распустится как лотос
и за горизонт бескрайний
уведет,
почувствуй
как вращается в тебе
весь космос.
Лишь чувства знают
щемящую на сердце боль.
Что скажешь?
Ночь рассыпается в степи
беря за горло скорбью,
совесть вопрошает
мутными слезами.
Но,
стоит свету появиться,
проблескивая
средь заросли травы,
молитва с уст взлетает тут же
и возвращается
раздумьями слезы.
Безгрешная судьба.
Не предавай себя,
Странник,
вода как время..
V
Жоғалған,
кел, ішейік түннің көз жасын,
азбасын жаның,
қозғасын шерді уақыт,
сол қызық!
Илікпе, сені адам санамайтын наданға,
билікке қол шығарайық, қолдасын!
Ғасырлар бойы алдандық,
ғасырлар бойы қаңғырып жүрдік,
Жоғалған.
Бүгін, мәңгілік
һам
әңгүдік
Жаңғырып тұрмыз,
Абай.
Ойхой, жасасын әлгі жаңғырық,
тағы да мың жыл жаңғырып...
Жаңғырған жартас - Сизиф тағдыры.
Жарайды, қойшы оны...
Көбелектің қанатындай нәп-нәзік,
және
сондай көркем көңілімізді қорғайық,
жылатып алмайық Сөздерді,
құлатып алмайық Рухты.
Рух! Рухтың аты - Ол Ақын,
әу бастан Жаратқан серті болатын,
Жоғалған!
V
Эй,
Странник,
идем,
слезы в ночи испьем,
потревожив былую боль,
душу опустошим.
Да-а,
интересно
невежда Человека не увидит.
а вольный руку даст,
поддержит.
Не приклоняйтесь!
Обманутыми мы не век скитались,
Странник.
Абай,
сегодня возродились мы.
Эге-ей!
Пусть эхом раздается
отголосок
еще лет тысяч.
Гора меняясь –
меняет путь Сизифа.
Да,
что об этом,
хватит..
Настрой веселый охраним,
столь нежный
от печальных слов,
и Дух не оброним.
Дух!
Поэт его имя!
Странник,
пусть будет это клятвой
перед Небесами.
VI
Жоғалған.
Өзіңнен бәрі.
Ұнамағанды ұнаттың,
күнәсіз жанды құлаттың көзіңнен.
Енді,
ессіз езуден аққан сөз,
жүрегіңді жылатты...
Көңіліңді уатты улы мұң.
Па-ра-до-кс!
Қойшы оны...
Мына жол - біздің жол емес шындығы.
Сонша неге жан ұшырасың құлдығым,
Ғайыпқа....
Лайық па сенің адасқақ ғұмырың?
жалғанға, алданған Рухың?!
Лайық па?!
Лайық па?!
Жаның,
Арың,
Ойың,
Арманың...
Ардағым.
Түсін...
Түсің - бұл Өмір.
Жоғалған,
табаныңда тапталаған,
неге сонша асығасың мақтанға?!
Ұқпадым...
(перевод на русс.яз Дидо)
VI
Все,что когда-то мы не любили
по вкусу пришлось с годами.
Чистую душу омыв грехами
ядом сердце свое отравили..
Затем тешим,
Странник, себя,
Па-ра-докс!
По правде сказать,
подчинять обнадежив,
немыслимо
этот путь ложный,
но бог с ним..
Но,
считать верным блужденье по жизни
в иллюзии лжи пребывая?!
Приемлемо разве?!
Достойно ль
душе
совести
мыслям,
мечтам
и любимым..
Пойми..
Пойми эту жизнь пройденным,
Странник,
не спеши ошибаться..
Поделиться: