Күз әлемі
Күз келіпті,
Зер төгіп... ол да сәні,
Жапырықтың ұмтылған жолға бәрі.
Аппақ қылып аспанды аппақ бұлттар,
Ескі бұлтты жел тырнап, бор жағады.
Дәл мендей ме,
Біреу сені іздер ме еді,
Күзде де бар махаббат?!
Қайда жүрсің әй, аспан күз келгелі?
Шашылады жапырақ,
Параттан соң көшедей, біз көргелі.
Еш кедергі болмаса, не істер еді?
Бірдеңені сезеді, біледі де...
Кейде күткен қонақтай кеш келеді.
Салмақ түсіп бұлттардың жүрегіне,
Жатып алып аспан да, түс көреді.
Елестетем,
Көңілде бір күдік тұр...
Қара бұлттан папақ киіп алған басты.
Жауар ма еді айқайлап, сілкініп бір,
Жасап алса қиялда қолдан бақсы.
Бәрі қызық!
Қанын ішіп масаның... шөлдегенде,
Көлденең бе келемін жарып, ұшып!
Жарайды енді көрелік сен де, мен де,
Аспан жолды кеспесе қара мысық,
Қайда барам жаумаса, көнбегенде,
Бұлттар жатыр тарыдай жаңа пісіп!..
ххх
Күз еді...
Толқындар дәл бұлай бүлінбес,
Атылған аспанға.
Жер мен көк арасын қосқанда,
Теңізде бір елес кезеді.
Түнеуге мұңдасы, келмеді шағала...
Өртеніп өзегі, қайық түр толқынды жағада,
Келді ме кезегі... дәл бүгін,
Мойнына байлаған шынжырын соңғы рет үзеді?!
Сосын ол, өзінің жолымен тереңге кетеді.
Аспанда күркіреп, қоштасу гимні ойнайды,
Қашанғы әдеті, жаңбыр ғой жауатын.
Жалт ойнап күркіреп, жаңбыр тұр сіркіреп,
От бірақ жанбайды, тарылып ауа тым,
Жүрегі дем алса, демінен шырақтың сөнгені,
Қайықтың өлгені...
Бұлттар ғой жылаған көз жасын шығарып,
Қоштасу гимні,
Өңіңде көргенді, көреді түсіңде...
Ол... кетіп барады ішектей бұралып,
Жаңбырлы теңіздің ішінде.
Поделиться: