«Әбіш әлемі» атты шығармашылық байқау өтеді
Аталмыш байқау Әбіш Кекілбайұлының 80 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылғалы отыр.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және «Егемен Қазақстан» газеті АҚ қараша айныың соңында Нұр-Сұлтан қаласында «Әбіш әлемі» атты оқу конгресін өткізуді ұйымдастырып отыр. Конгресс аясында «Әбіш әлемі» шығармашылық конкурсы өтеді.
Шығармашылық конкурстың мақсаты: жазушының саналуан тақырыптағы шығармалары мен еңбектерін қайта оқып, зерделей түсу арқылы оның санқырлы талантына тағзым ету және оны әлем жұртшылығына таныту.
Конкурс мына аталымдар (номинациялар) бойынша жарияланады:
«Әбіш Кекілбаев – заңғар жазушы» (қаламгерлік қыр-сыры);
«Әбіш Кекілбаев – заманауи ойшыл» (философиялық көзқарасы);
«Әбіш Кекілбаев – сырлы суреткер» (шығармашылық шеберлігі);
«Әбіш Кекілбаев – айшықты ақын» (ақындық қолтаңбасы);
«Әбіш Кекілбаев – тағлымды тарихшы» (шежіреші-тарихшылдығы);
«Әбіш Кекілбаев – ғұлама ғалым» (ғылыми-зерттеушілігі);
«Әбіш Кекілбаев – сындарлы сыншы» (шыншыл-сыншылдығы);
«Әбіш Кекілбаев – сұңғыла саясаткер» (ішкі-сыртқы саясаттың білгірі);
«Әбіш Кекілбаев – қоғам қайраткері» (әлеуметтік-қоғамдық қызметі);
«Әбіш Кекілбаев – ұлағатты ұстаз» (ұстаз–шәкірт сабақтастығы);
«Әбіш Кекілбаев – кемеңгер көсемсөзші» (публицистік қызметі);
«Әбіш Кекілбаев – білікті білімпаз» (түпсіз терең білімдарлығы);
«Әбіш Кекілбаев – талантты тәржімашы» (телнұсқа туындыгер);
«Әбіш Кекілбаев – абыз, әулие» (болашақты болжампаздығы);
«Әбіш Кекілбаев – патриот өлкетанушы» (туған жер тарихы);
«Әбіш Кекілбаев – этнограф-ғалым» (тұрмыс-салт зерттеушісі);
«Әбіш Кекілбаев – өнер зерттеушісі» (әншілік, күйшілік өнер);
«Әбіш Кекілбаев – дархан мінезді дарын» (мінезі бай тұлға);
«Әбіш Кекілбаев – асыл азамат» (азаматтық-ұстанымдық қасиеттері);
«Әбіш Кекілбаев – үлгілі отбасы иесі» (отбасылық тәлім-тәрбиесі).
Конкурсқа қатысушылар аталған номинациялар бойынша байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған шағын шығармаларын мына электронды пошта арқылы жолдау керек: е-mail: contest_abish.k@bk.ru (естелік, эссе, көсемсөз, әңгіме, арнау-өлең, жыр-толғау, рецензия, ғылыми талдау, сын-мақала, т.б. ) жолдай алады. Белгілі бір еңбектен үзінді келтірілген жағдайда оған сілтеме жасалуға тиісті.
Әрбір автор тек бір аталым (номинация) бойынша ғана байқауға қатыса алады.
Әрбір аталым бойынша қаржылай сыйлықтар және арнайы жүлделер тағайындалған.
Шығарма материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар: Файлдың аты автордың аты-жөнімен сәйкес келуге тиіс. Шығарма мәтіні бірінші бетінің оң жақ шекесіне «КОНКУРСҚА» деп жазылуы керек. Көлемі 2-3 беттен аспайтын болсын, мәтін шрифті «Times New Roman» - 14. Шығарма авторы туралы мәліметтер: толық аты-жөні, жасы, қызметі, мекен-жайы, байланыс телефондар және электронды поштасы көрсетілуге тиіс (Қосымша).
Шығарманы тапсыру мерзімі: 2019 жылдың 10 қарашасы күнгі сағ. 18.00.-ге дейін. Арнайы құрылған қазылар алқасы конкурс қорытындысын шығарған соң жеңімпаздарға хабар жіберіледі. Сыйлықтар мен жүлделер Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы 30 қарашада тапсырылады.
Жеңімпаз авторлардың шығармалары баспадан жеке жинақ болып шығады.
Құрметті қаламгерлер!
Конкурсқа қатысуға асығыңыздар!
Ұйымдастыру комитеті
Қосымша
ҚАТЫСУШЫ АНКЕТАСЫ
Тегі, аты-жөні__________________________________________
Туған жылы ___________________________________________
Мекен-жайы___________________________________________
Ұялы телефоны________________________________________
Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны_________________________________________________
Номинация атауы______________________________________
Поделиться: