Мемлекеттік хатшы елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Ұлттық академиялық кітапханға арнайы келіп, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарымен жіті танысып шықты. Заманға сай оқырмандарға қызмет көрсету ісінің озық жетістіктеріне куә болып, кітапханада жұмыс жасайтын зиялы қауым өкілдері және жастарымен «Жастар коворкинг» орталығында кездесті.
Мемлекеттік хатшы кездесуге келген әрбір ақын-жазушылармен сөйлесіп, пікір алмасты. Дана Абайдың 175 жылдығы мен ғұлама ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай еліміздегі зиялы-қауым өкілдеріне белсенді атсалысуға шақырды.
Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында былай деді:
- Руханият шаңырағының бүгінгі ең қадірлі оқырманы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев. Елімізге сыйлы парасатты азаматтардың бірі де бірегейі. Өз ісінің білікті маманы ретінде білеміз.
Мемлекеттік хатшы кездесуге келген әрбір ақын-жазушылармен сөйлесіп, пікір алмасты. Дана Абайдың 175 жылдығы мен ғұлама ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай еліміздегі зиялы-қауым өкілдеріне белсенді атсалысуға шақырды.
Шараға Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраев, ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы Баянғали Әлімжан, абайтанушы Асан Омар, ақын, прозашы, аудармашы Орынбай Жанайдаров, балалар әдебиетінің жазушысы Дария Түкенқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым-хатшысы Төрегелді Тұяқбай қатысты.
Поделиться: