Жүрек жарасы
14.12.2020
4766
Оны кім тонап кеткенін Жұман шырамытып отыр. Осы төңіректі күнде маңайлайтын Бақберген деген шыпана бар. Кезіккен жалғыз адамды тонайды. Ұрлығы мен кісі тонайтын жаманшылығынан ауылына сыймай, осы маңнан шықпайды. Әйтеуір ондай жаманшылығын Жұманға көрсеткен емес. Оған аулақ жүр деп ұрсады. Сонда да ол аға-аға деп шишасын алып келіп, плитаға жылынып кететін.
– Адамдарға жалданып жүмыс істеймін. Қазір отын шауып, асханаларға тасып жүрмін. Нан мен азын-аулақ теңгені солар береді.
Көп жыл бұрын Алматыда оның пәтері, келіншегі мен кішкентай қызы болған. Құрылыс инженері болып жұмыс істепті. Күндердің күнінде оны үш айлық біліктілігін жоғарылату курсына Мәскеуге жібереді. Үйде қалған бхгалтер жұмысындағы келіншегі демалыс күндерінің бірінде қызын жетектеп төркініне тартады. Туған ауылын көріп, ата-анасымен қауышып қайтпақ еді. Қыс мезгілі, жол жайсыз. Мінген таксилері Қордай асуына жете берісте жол апатына ұшыраған екен. Бәлекет аяқ атында ғой. Жолдан шығып кеткен көлік бірнеше аунап барып қатты екпінмен жуан ағашқа белімен соғылыпты. Қас пен көздің арасында үш адамның өмірі қиылды. Ауыр қасырет...
«Ұшарымды жел білер, қонарымды сай білер» демекші, өзі сықылды қаңғыбастарға қосылып, көше кезіп жүре берді. Нан, шарап үшін жалданып, кез-келген жұмысты істейді. Бірақ тұрақсыз болды. Жеке кісілердің жұмысын істегенде ол үйдің балалары мен әйелін көріп көңілі құлазиды. Соған шыдамағасын істі аяғына жеткізбей безіп кететін. Ондайда өз қызы мен келіншегі есіне түседі, қатты күйзеледі. Қаңғыбас болып талай рет қала ауыстырды. Серіктеріне ілесіп Ресей ауып кеткен кезі де болды.
Қысымен базарда кісінің қап-қап сәбіз-картоп, қызылша, пияз, алма, қиярын арқалап, өзбекке тиын-тебен тауып береді. Өзбектің Рахмон деген жиені бар. Ол базарларда алып-сатарлық кәсіп істейді. Ілмиіп қалған қап-қара еді. Сол келіп, кейде қаңғыбастың үйшігінде қонып қалатын. Бір жаманы, ол анаша шегеді. Бір күні анашаны бұған да ұсынды. Бұл бас тартты, махоркасы да жетеді ғой. Рахмон анашасын шегіп алып, тиісетінді шығарды. Түнімен ұйқы бермей, біресе жылайды, біресе тоқтаусыз күледі, арасында қаңғыбасты жұдырықтайды. Бөлмені шашып тастайды, отырған жерін көк түтінге айналдырады. Қаңғыбас таң атқанша әрең шыдайды. Сондай түндердің бірінде Рахмонды желкесінен қысып тұрып, аузына бір шөлмек шарапты құйды. Шеккен анашаның үстіне барған шараптың әсерінен Рахмон сылқ ете құлап, бірден ұйықтап кетті. Қаңғыбас оның үстін еденге төселген алашамен жауып тастады да таңның атуын күтті. Ол бұл үйден қашып кетуге бел байлаған еді. Бірақ қақпа құлыптаулы. Мамыр түсіп қалған, түнгі баяу жел көңіл түкпірін қозғайды.
– Иә.
Бармасқа амалы жоқ.
Олар «Чорсу» автостанциясынан Ташкент–Шардара автобусымен жүріп кетті. Шардараға қонып, ертеңіне ары қарай Сүткент деген жерге жетпек.
Қойды құмның төріндегі Қараөзек деген жерге дейін айдап барды. Қаңғыбас мұндай даланы ешбір көрген емес. Мұнда да өзі әскерде болған Қиыр Шығыстағы сияқты биік жалдар, терең өзектер болады екен. Бірақ орманы тым аласа, саясы да жоқ сексеуіл, ал табаны құм. Көктемде құмның беті жап-жасыл құраққа айналып, сексеуіл шашақ атып, дала керемет көріктеніп кетеді екен.
Ағайындылардың әкесі он-он бес күнде бір келіп тұрады. Балаларына азық-түлік, үйдің керек-жарағы, қойға қажетті дәрі-дәрмек, қаңғыбасқа деп шарап пен темекі әкеледі. Әсіресе кеңшар басшылығының адамдары құм аралап келе қалса құдай берді. Ол күні қой сойылады, арақ ішіледі. Жалмұрат бұған ет, арақ береді. Қосай қатыгез еді. Қаңғыбасқа болмашыға жекіріп, жұдырықтап та жүретін. Жалмұраттың келіншегі Зәмира Қосайға: «О бейшараны қинап ұрғаның не?!» – деп зекіп тастайтын.
Көз байланғанда қазақ қаңғыбас Жолбарысты ертіп, қойды түнетуге жайлауға барды да Жалмұрат үйге оралды. Ал ертеңіне мейманды жөнелтіп болғасын Жалмұрат қойға кетіп, қаңғыбас үйге қайтты. Қосай тойдан келген екен. Ол: «Менің тоқтымды неге сойдың?» – деп қаңғыбасты дап-даласын шығара таяққа жықты. Екі келіншек болмағанда өлтіріп қояр ма еді, кім білсін. Зәмира шыр-шыр етіп ара түсіп, әрең дегенде қайнысын тоқтатып, үйге кіргізіп тастады. Қаңғыбасқа ит екеш иттің де жаны ашып, қыңсылап қалды. Зәмира оның қол-басын жуып, қанаған жерлеріне көкдәрі сүйкеп, көйлек-шалбарын ауыстырғызды. Қызыл қан киімдерін жуып, кептірді.
Бір күні Қосай: «Менімен жүресің. Ұрлық жасаймыз. Сәтті аяқтап келгеннен кейін саған тиісуді қоямын. Ешкімге айтпайтын бол», – дейді. Ал Жалмұратты: «Әкем Жыланды фермасындағы қырқымға арнап қора салғанға жәрдем беріңдер деген. Әр отардан жәрдемші барады екен, соған қаңғыбас екеумізді үш-төрт күнге жібер», – деп алдайды. Жалмұрат өзі қой түнетіп, келіншектер күндіз жаятын болып, бұл екеуін жібереді. Зәмира бөз қалтаға бірнеше таба нан, піскен ет салып жолдарына береді. Бір атқа мінгескен екеуі жолда бара жатып, Қосай қаңғыбасқа ұрлықтың мән-жайын айтады.
– Енді мен Байырқұмға барып, ағашты алатын адамды ертіп келемін. Сен осында отыр. Есіңде болсын, ұсталған жағдайда мен ештеңе білмеймін. Сен өзің мойныңа аласың. Артынша-ақ өзім босатып аламын. Милицияның бәрін танимын. Ұқтың ба? – деді де атын тебініп жүріп кетті.
– Ал, ел жоқта жылдамдатайық, – деді алушы.
Ағаш тиелген жүк көлігі тас жолдан шығып, дария бойындағы қара жолға түсті. Тоғай әсем қалпынан танбай, жиде иісі аңқып тұр. Ұзақ жүрді. Байырқұмға иек артып қалғанда соңдарынан шаң білінді. Жеңіл мәшине ұйтқытып келеді. Алушы кісі учаскелік милиционердің көлігін алыстан таныды.
– Бір амалы болар.
Қаңғыбас құмнан, Қосайдан, мына инспектордан шаршады. Жүйкесі тозып, не болса о болсын деді де ұрлықты өз мойнына алды. Бұған таңданған инспектор хаттама түзіп, қаңғыбасты аудандағы тергеу изоляторына жөнелтті де жіберді. Оны құтқарған да, хабар алған да жан болған жоқ. Соңынан сот өтіп, мемлекет мүлкіне қол сұқты деген айыппен төрт жылға қамалып кетті. Жазасын Шымкентте өтеп шыққаннан кейін ешқайда кете алмай, қаланың әр жерін бір маңайлап күнін өткізіп жүрген бейшара екен.
Бақберген есін енді жиған адамдай аңтарыла қарады да курткасының астындағы арақты үстелге қойды. Жұман қақпағын ашып, үш пиялаға бөліп құйды.
–Ал, еске алсақ, алайық, – деді. – Маған жер басып жүрудің қажеті де жоқ. Эх, шаршадым...
<div style=font-family:'Segoe ui= historic',= 'segoe= ui',= helvetica,= arial,= sans-serif;color:rgb(5,5,5);font-size:15px;background-color:rgb(255,255,255);=>
Сөйтті де пияланы саусақтары адырайып кеткен күс-күс қолына ұстап, ішіндегісін бір-ақ жұтып жіберді.
Поделиться: