Мені іздемейтін өлең
Мені мен Мен
Басында бір-бірінен алыс тұрған,
Екі саз сәйкес келіп, жабыстырған.
Тәнім мен жаным бірге араласып,
Мені мен Менді жақын табыстырған.
Өмірді...
Ойлау үшін кеңдік берген,
Содан да жан – қуаныш, шерді өткерген.
Өзім мен өзім болып қалу үшін,
Мен бе екен, (менмін дейді!) «мен» деп келген?!.
Сондықтан мен өмірге керек едім,
Кезінде менді мен деп, елемедім...
Ала берсем дегенді ойладым көп,
Енді ойлаймын, өмірге не беремін?!.
Араласып құйынды дүрмектерге,
Мәз боламыз әйтеуір күн өткенге.
Біздер аздап жүрерміз көңілдерде,
Қаламыз ба білмеймін, жүректерде?!
Мені іздемейтін өлең
Өзіңді жаным сағынған қандай,
Мен бұлай жанып, есілмес едім?!
Алыстан анау жағылған шамдай,
Елес боп қалды-ау есімде менің.
Автор.
Мен көрсем де...
Жүрсем екен, сенің түспей көзіңе,
Жақындамай, жақсы көру ту сыртыңнан езіле.
Кейде өзімнен өзім алшақ жүремін,
Ұнау үшін өзіме.
Шым-шытырық көзің көрген (елес болып) іздер жүр...
Сыртымыздан бақылаушымыз қарап бізге сын көз тұр.
Басқалары тануы үшін барсың ба әл де, жоқсың ба,
Бар екенін «өзіңнің,»
Жүрген дұрыс тексеріліп бір мезгіл?!.
Қымбат жан бар… жоғыңнан да, барыңнан,
Іздемей-ақ, күндіз-түні сол – жаныңнан табылған.
Жақын жүріп алыс жандай көргеннен,
Ең сәтті шақ, ең тәтті шақ –
Алыс жүріп сағынған!
Күн ағып барады...
Сенбесең сұра,
Ағып барады,
Жоқ маза,
Бұрылуға бермей шама.
Сенбесең сұра,
Ағып барады,
Іздеп пана,
Күн батты жанып шала.
Сенбесең сұра,
Ағып барады,
О,тоба!
Таң атты осы ғана!
Сенбесең сұра,
Күн де жаңа.
Кірігіп тұрғаны,
Өмір де екі ара,
Бержағы ақ, аржағы қара!
Поделиться: