Бибігүл Жексенбай: Норвегияда буллинг деген атымен жоқ

05.03.2021 4733

Белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Норвегиядан арнайы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қызметкерлерімен онлайн-сұхбатқа шықты. Ол Батыс педагогикасы формуласы қандай, Еуропа және қазақ менталитетінің өзара сабақтастығы мен қайшылылықтары турасында көсіле әңгімелесті.
​ 

 

Бибігүл ханымның сөзінше, Қазақстан мектептерінде әжептәуір мәселе болып отырған буллинг, Норвегияда деген атымен жоқ. Мұғалімдер мен оқушылар арасы болса, тым жақын секілді. Балаларға өз ата-анасынан гөрі мұғалім жақын саналатын деңгейде.
​ 

 

Ал, балабақшадағы балалардың көп уақыты сыртта өтеді екен. Сонымен қатар, балабақшадан бастап христиандық діни құндылылықтарға баса назар аударылады. Балалар балабақшадан тек су ғана ішеді. Тамағы үйінен әкелінуі тиіс.
​ 

 

Дамыған елдердің қатарына енетін Норвегияның білім беру жүйесі мен қоғамында тығыз байланыс бары байқалды. ​

Поделиться: