Cловак тіліндегі «Қазақстаннан 101 әсер» кітабы оқырмандарға таныстырылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп, словак тілінде Қазақстаннан 101 әсер кітабының халықаралық онлайн-тұсаукесерін өткізді.
Бұл әдемі фотоальбом қазақ жерінің көркем табиғатын, сәулет ғимараттарын, көрікті жерлерін таныстыра отырып, еліміздің өзіндік ерекшелігі мен дәстүрлерін егжей-тегжейлі ашып көрсетеді.
Кітап коронавирус пандемиясының өршіп тұрған сәтінде жарық көрген. Ол кезде адамзат қалыпты өмірге қайта оралуы үлкен сұрақ еді. Саяхат – адам өмірінің ажырамас бөлігі екенін ескерсек, бұл кітаптың қиын-қыстау кезде басылып шығуының үлкен мәні бар. Бұл кітап – әлем елдерінің шекараларының жақын арада әр саяхатшы үшін ашық боларының үлкен символы мен кепілі.
Онлайн іс-шара Қазақстан, Словакия Республикалары мен Ұлыбританияны, екі елдің шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің басын біріктірді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Юрьевич Василенко, Словакия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мирослав Коллар, Hertfordshire Press баспасының авторы және редакторы Ник Роуэн, KazakhTourism АҚ директоры Ержан Еркінбаев, Financninoviny баспасының бас редакторы Владаимир Бачиш, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева, Братиславадағы Экономикалық Университеттің профессоры Елена Каштякова, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің басқарма төрағасы - ректоры Майнұр Мырзамадиева, кітаптың аудармашысы Тимея Юрчова, баспагер Марат Ахметжанов қатысты.
Поделиться: