Өлі және тірі әдебиет
Млилиард халқы, бес мың жылдық әдебиеті бар қытайлар бізден неге нобель әдебиет сыйлығын алған жазушы жоқ деп, сан мың рет ойланды, толғанды. 2000 жылы «Рух тауы» атты роман жазып Франция азаматығы алған тұңғыш қытай Гao Cинцзянь аталмыш сыйлықпен қанжығасын майлады. Қытайда оның шығармалары контрревoлюциялық үндeу ретінде қарaлып мемлекет тарапынан шeктеу қoйылған. Қуғын-сүргiнге ұшыраған Гао Синцзянь сөз тaсушылардан қорқып, 400-ге жyық шығармасын өз қолымен өртeп жіберген. 1989 жылы қытай азамaттығынан айырылып, Францияға саяси қaшқын ретінде көмек сұрaп келеді, нәтижeсінде Фрaнция азамaты болады. Гао Синцзянь өзінің бiр сұхбатында «менің үш ғұмырым бар, біріншiсі Қытай мeн онда тyып-өстім, ер жеттім, екіншісі Фрaнция, менің шығармаларымa Қытaйда шектeу қойылғаннaн кейін, менің түсiнгенім жазyшыға жазyды шектеу oл өз-өзін өлтiргенмен тeң, дәл сoл кeзде мен әдебиeттің қаншалықты маңызды екенін түсiндім, Фрaнцияда мeн сол армaныма жетіп екiнші ғұмырымды бaсымнан кешкeндей бoлдым, ал үшінші өмірім oл Нобель сыйлығын aлған кезде бір мезeтте басыма түскен осыншама танымалдылықтан дeнсаулығым сыр беріп, өлiм аузынaн қалдым осы кезде менің үшінщі ғұмырым бастaлды» дейді Гао Синцзянь.
1982 жылы Гао Синцзяньға өкпе обыры деген қорқынышты диагноз қояды. Гао Синцзянь алты апта бойы өлiктiң күйiн кeшiп жүpді. Сол қиын шақтардағы ол таулы аймақтардағы буддалық ғибадатханаларға барып буддаға табыны, құлшылықта болады. Гао Синцзянь екінші мәрте тексеруліден өтеді. Осы тeксерілістің нәтижeсі қорқынышты диагнозының жоқ екені анықталады. Жақсы жаңалықты естіген Гао Синцзянь қайта өзінің өмірлік адами болмысына келеді. Романның негізігі сюжеті де осы болады, басты кейіпкер осы ауруға шалдығады. Аурудан емделу үшін ол таулы аймақтарға саяхаттайды. Таулы аймақтардағы буддалық ғибадатханаларға барып буддаға табынады. Романның рух әлеміне дендейтін осыдан көз жеткізе аламыз. Басты кейіпкердің аурудан құлан таза сауығуы буддаға сенімін одан әрі күшейтеді. 1982 жылы Гао Синцзянь романды жазуға кіріседі. Роман жеті жыл бойы жазылады. Алайда, роман өз елінде қытайда жазылып бітпейді. Романның соңғы тараулары 1989 жылы Пaриж қалaсында жазылады. Алғашқы кітап жинағы 1990 жылы Тайпиньде басылып шағады. 1992 жылы атақты швед синологы Горaн Мaлмквист романды швед тіліне аударады. Гао Синцзяньның «Рух тауы» романында әлі күнге дейін Қытайдың оңтүстік жіне оңтүстік-батыс аймақтарындағы сақталған ескі дәстүрлер жайлы мол деректер береді, және одан алған әсерлерін жазады. Роман Лао цзының даналығына негізделген. Құрылымы өте күрделі. Романы 81 тараудан және 400 000 (төрт жүз мың) сөзден тұрады. «Рух тауы» - бұл авторлық монолог. Бұл ұзын монологта адамның есімдері аталмайды. Автор тұлғалардың үш түрін пайдаланады: Мен, сен және ол, сонымен қатар, осы үш жіктеу есімдіктеріне нақты анықтама немесе сілтеме жоқ. Мен, Сен және ол кейіпкерлерді анықтау үшін, сізге мәтінді зерделеп оқуға тура келеді. Біріншіден, автор өзінің «Менін» үшке бөліп жазады және «Мен», «Сен», «Ол» үш жақ арасындағы белгісіздік тудырады. Романның мәтінің алып қарасақ, «Мен» «Рух тауын» шын мәнінде табу үшін саяхаттайды, себебі ол поезбен саяхаттап келе жатқанда, жанында отырған жолаушы оған «Рух тауы» атты жер бар, ол жерде ауыруларды жазады»,-деп айтады. «Мен» «Рух тауын» емделу үшін іздеймін дейді. Ал, енді «Сен» және «Ол» «Рух тауын» өзінің ішкі-жан дүниесінде іздейді. Олар ішкі тепе-теңдікті тек осы «Рух тaуында» ғана табaмыз дeп ойлайды. Романның сюжетін қарастырсақ, «сен» «мен», «ол» қоғамдағы болып жатқан жағдайлардан шаршап, жанға жай болатын басқа бір жерді іздейді. Себебі осы роман Гао Синцзяньның қyғынға ұшырап, Сычуаньда саяхаттауына мөжбүр болған кезіндегі күндeлігі ретінде жaзылған. «Сеннің» «Рух тауын» іздeуі мемлекеттегі сaяси жағдайдан шаршап шалдығып, енді өзімен-өзі болaтын жер табу eді. Романның 5-ші тарауында басты кейіпкер «олмен» кездеседі. Ол басты кейіпкермен бірге саяхаттайды. Сонымен бірге, ол басты кейіпкердің «Рух тауын» табуына кедергі болады. Бірақ романның соңына қарай басты кейіпкер мен «олдың» жолдары екіге бөлінеді. Осылай жіктеу есімдіктерге бөлінісі адамның тәні мен жанның және ойының бір-бірімен келіспеушілігі айқын көрінеді. Яғни, адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы, тіпті, адамның өз-өзімен күресінің көрінісін көре аламыз. Шын мәнінде де, бұл адaмның бoлмысы. Осы романды оқи отырып, біз өзіміздің өміріміздегі болып жатқан қарама-қайшылықтарды түсіне аламыз. «Мен», «сен» және «ол» есімдіктерді қолдaнғанымен, автордың тірегі болып «Мен» өзі қалады. Автордың үш жіктеу есімдертерін пайдалануы адам табиғатының күрдeлілігін көрсeтеді. Сонымен қатар, үш жаққа бөліп қарастыруы автордың объективті түрде адам болмысын терең талдағандығын байқаймыз.
Гао өзінің өзіндік теориясына үлкен мән берді. Оның айтуы бойынша:Мен өзім оңтүстіктің тумасы болғандықтан, таза өркениетті жақсы көремін. Мен конфуциандық ілімін (моральдық-этикалық мәдениетті) қабыл алмаймын. көптеген адамдар Қытай мәдениеті туралы айтқан кезде, конфуциандық ілімді шынайы қытай мәдениетінің мазмұны дейді. Бірақ өнер адамы тұрғысынан қарастыратын болсақ, мұндай ортодоксальдықтың ешқандай мән-мағынасы жоқ. Мен қытай мәдениетінде өзге рух пен бейнені көремін деген. Осы «Рухты іздеу» авторды қайда алып келді? Ол өзінің рух тауларын тапты ма? Басты ақиқатты білдім бе? Бұл сұрақтарға жазушы, әрине, белгілі бір нақты жауап бермейді: өйткені қойылған сұрақтар соншалықты күрделі және көп өлшемді, бұл «іздеу» шексіз уақытқа дейін созылуыда мүмкін. Осыны жақсы түсінген жазушы романды әркім өзінше түсініп, талдау алатын көп мағыналы символдық метафорамен аяқтайды. Рух тауын іздеуі немен аяқталатынын ол өзіде білмейді. Оның тынысы ауырлап, кеудесіндегі жүрегі қағып, басы сынып қатты ауырады. Недеген нәзік өмір, — деп кейіпкер одан әрі еңбектейді. Солай автор сюжеттегі негізгі әрекеттеуші «менге» қайтып оралады: Мен кенеттен терезенің арғы бетінен қарда қозғалыссыз отырған кішкентай жасыл бақаны байқадым, ол бір көзімен жылпылықтатып тұрған кезде, екінші домалақ көзімен маған тесіліп қарап тұрды. Мен оның, бәлкім, Құдай екенін түсіндім. Дәл осындай кейіпте Ол менің алдыма келіп мені бақылап тұрғандай болды. Ол менімен сол домалақ көзімен сөйлесіп тұрғандай болды. Мүмкін ол мен сияқты бейшара бақытсыз адамды көріп маған өзінің мейірімділігін танытты».
Кейіпкер өзінің Құдайын таба алды ма? Әлбетте, Бұл әлем адамның алдына ылғида жаңа мәселелер қояды, сол себепті ол үнемі азапқа толы ізденісін қайтадан бастайды: «Мен мұнда көктегі жұмақтың бір бөлігі қайдан түскенін білмедім. Мен жан-жағымды қарай бастадым. Дәл осы сәтте мен: Мен шыныменде ештеңе түсінбедім. Өйткені, менің арттым түсініксіз жұмбақ. Ал мен болсам өзімнің түсінбеушілігімді түсінген сияқты кейіппен алдадым. Шын мәнінде мен ештеңе түсінген жоқпын. Иә, Мен шын мәнінде ештеңе түсінбедім. Дәл осылай!
Міне, осылай, Гао Синьцзянь өзінің романың аяқтайды. Ол оқырманға осылай метафоралық және метафизикалық кодын ашып көрсеткен.
Адамның ақылы жетпейтін, шамасы келмейтін, шарасыз қалатын нәрселер аз емес. Сіз көзбен көре алмайтын, құлақпен ести алмайтын, мимен ойлана алмайтын тек жүрекпен сезетін әлем, міне бұл ғылымда метафизика делінеді. Сіз оған сенбей амалың жоқ, егер сенбесеңіз өзіңнің жартылуыңа, қызыл шақалақтан есейуіңе, адуынды күш иесі болғаныңа, терең ойыңа, қартайу, соңында өлетініңе сенбейсің деген сөз.
Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да ол нәрселер сізге тілкелей де, жанамалай да әсер етеді, және олар өте маңызды. Біз ешқашан олардан құтыла алмаймыз.
20-ғасырдың басында пайда боған Қызыл қоғам ақын-жазушыларға қызыл қалпақ кигізді, олар амалсыз Құдай, аруақ, періште, жын-шайтанды жоқ деп, өлі әдебиетті жасады. Қызыл түсті әдебиет- рухсыз социалистік реалстік әдебиет. Әдебиеттің тәні бар да жаны жоқ. Тек саясаттқа қызмет ететін құрал, билешуші тап өз бағытына жүргізетін шеңбердің ішіндегі әдебиет болды.
Қызыл әдебиет метафизикалық әлемді әдебиеттен алып тастады, ал ол күштер әдебиетте жоқпыз деп, ешқашан жоқ болмайды, керісінше қара күштер(жын-шайтан) қуанып өршілене өз жұмысын жасап, адасқан адамдарды адасқан үстіне адастырды. Солай оның сыбырлауын біз ой еркіндігі, қиялдың жүйрктігі деп адамзатқа зиянды, үлкен күналарды еркіндік, теңдік, кіслік құқық деп дәріптедік....
Біз метафизиканы «соқыр сенім» деп атап, өзімізді одан жоғары қойып шайтанның әскеріне айналғанымызды білмей қалдық. Соның жанды көрінісі әдебиетте зинаны- ерлік, жігіттік деп жырлау. Әйелдің жалаңаш денесін сұлулық деп ұрандату, сан түрлі сұрқиялық пен қатігездікті жазу әдетке айналды.
Қытайдың Даду (Бесбалық) Бейжің қаласын 1271 жылы Құбылай қалың әскерімен басып алып, Юан империясын (元朝) құрды, 1279 жылы қазіргі Қытай териториясының негізін қалады. Осы кезде Қытайда жаңа әдебиеттің негізі қаланды, атақты Гуан Ханчиң, Уаң Шыфу, Бай Фу, Ма Жыюн қатарлы өз заманының озық драма жазушылары әдебиетке басқаша сарын алып келді. Сахналық жаңа жанрдың аты “аралас драма” (杂剧) деп аталды, онда бастан-аяқ жазушы жалықпай жұмыс жасайды, яғни шығарманы өзі жазады, сахнада барлық кейіпкердің образына өзі кіреді, демек өзі сценарист, өзі режиссер, өзі актер болады. Осы кезең Қытай әдебиетінде сахналық шығармалардың алтын ғасыры саналады, бұл қаламгерлер әдебиеттегі “шындық пен жалғанды (幻与真)” жаңаша жалғады, халық арасына кең тараған аңыз, мифтерді өз шығармаларында сол күннің шындығымен өте тамаша ұштастырды.
Миң патшалығының соңғы кезінде дию-пері, жын-шайтан, аруақ сияқты тылсым күштерді қатыстырып ұзақ роман жазу тіптен қыза түсті.
神怪小说 Жиячиң патша тұсында өз бигіне жетті, онда буддизм құдайлары, жын-албасты, шайтанды кейіпкер етіп роман жазу үрдісі жедел дамыды: Шүй Жоңлин мен Лушишың жазған “Пың Чын яни”, Ли Шужин жазған “Жиң Хуаюан” романдары және Пу Сұңлиң жазған “Лияужай аңыздары” осы бағытта жазылған. Қытайда XIII ғасырдың соңғы жартысында басталған қиял-ғажайып дию-перілер әдебиеті XIX ғасырдың басына дейін жалғасты.
1980 жылдан кейнгі қытай әдебиеті үзілген үрдісті қайта жалғастырды, тірі әдебиет жасады. 2012 жылғы нобел иегері Мо Ян шығармасында қиял мен шындықты ұштастыру жағынан алдына жан салмайтын жазушы. Сонымен бірге оның ешкімге ұқсамайтын, әлемге басқаша көзбен қарайтын ерекшелігі жұртты елең еткізбей қоймайды. Оның тарихи көзқарасы өте терең, ол ежелгі мифтермен аңыз әңгімелерді бала шағында жаттап өскен, және әлем ауыз әдебиетінде қызыға оқыған, оның таңғажайып тамаша дүниелер жазуы осыдан. Мо Ян шығармашылығындағы ұшқыр қиял тартымды фантастикаға ұласып жатады. Мо Ян – Қытай әдебиетіндегі әу бастан өзге жазушыларға ұқсамады, жасампаздық қуаты дамылсыз тасқындаған, туындылары арқылы әдебиетте қатты дүмпу тудырған, оған стилистика жағынан да зор үлес қосқан, әдебиет тарихы тұрғысынан алғанда қазіргі замандағы Қытай әдебиетінің басты өкілдерінің бірі саналады. Қытай реалдығына (тіпті өз ауылына) табанын мықтап тіреген, дәстүрлі әдебией шеңберді бұзған, мета физикалық әлемге дендеп кірген тұсаусыз да жанкешті, дарынды да еңбекшіл қаламгер. Мо Ян –адамды жырлады. Ол көбінесе ез бен ынжықты, сорлы мен бейшараны емес, жігерлі мен қайратты, күштіні жазатын жазушы. Кей сыншылардың оны зор эстетикалық рухы бар жазушы дейтіні де осыдан. Сондай-ақ, ол аса сезімталдыққа ие, тілге шешен де жүгенсіз асау, содыр қаламгер.
Мо Ян – күшті фантастикалық қуатқа, батыл инновациялыққа ие, көп қырлы, аса қиялшыл да елестеткіш, бейнелеуге шебер, дарынды жазушы. Мо Ян өз прозасында ерекше субъектив сезім әлемін жасайды, дүлдүл мініп ғарышты шарлағанды баяндайды, сырлы трансзендентті объектив дүние сомдап, айқын авангардтық рең береді. Талай сыншылардың оны сиқырлық реализм әсеріне қатты ұшыраған дейтіні содан. Бұл арадағы трансзендентті дүние деген – білімнің немесе саф рационалдың объекті емес, ниеттің немесе практикалық рационалдың қажетті тұспалы, тіл шеберлігі мен психологиялық емеуріні.
Мо Янның сиқырлы реализмі – қытайша сиқырлы реализм. Оны мыналардан да көреміз. Мо Ян прозасының ең басты үлесі – барлық кейіпкерлерін антропологиялық деңгейге қайтарып, адамды жануар, тіршілік, алғашқы тірлік иесі етіп, мәселелерге социологиялық, этикалық әдіспен қарауды бұзуында, халықтың күйін бақылаушы санатында емес, жай жұрттың бірі ретінде суреттеуінде. Мысалы, «Өлім мен өмірдің күресі» бір адам талай құбылады – адам да, жылқы да, сиыр да есек те бола береді. Ол шығармаларында бірсыпыра жануарды сөз ете келіп, сол барыста Қытайдың ертегілеріндегі жан иелері басқаға ауысыуы іспетті (қазақ халқында да аққудың аруға айналуы сынды) реинкарнациялық доктринаның ықпалдарын жаңғыртады. Оның «шарап елі» романындағы прокурор Диң Гурудың алдында майға қуырлған тірі бала бейнесі, прокурордың күнаға белшесінен батқан лас тәнінен жиркене бөлініп кеткен жанын суреттесе, «41 хикаят» романдағы ет жегіш әулие бала бейнесі көз алдыңнан еш кетпейді. 35 күнде жазаған «Сарымсақ жыры» романындағы кісінеп жүретін тай көз алдыңда арлы-берлі шауып жүреді, бар мен жоқтың ортасындағы элес бейнесі сондай сәтті шыққан. Жаны бар тірі әдебиет. Қытайлық екі нобель иегері де қызыл әдебеиттің шеңберін бұзған алып жазушылар. Олар өз түсінігінде, өз сенімінде әдемі дүниелер жазды, біз ше?
Поделиться: