«Қазақтың Ұлы жазушысы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

16.03.2022 78090

9-наурыз күні Қазақстан жазушылар кітапханасында Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы және  Әуезов ауданының 50 жылдығына орай «Қазақтың Ұлы жазушысы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Кітапхананың оқу залында ұлы жазушының өмірі және шығармашылығына қатысты көрме оқырман назарына ұсынылды. Филология ғылымдарының докторы Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып конференцияны жүргізді. Конференция Әуезов ауданының әкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлының құттықтау сөзімен басталды. Белгілі кино және театр актері Болат Әбділманов «Абайдың жұмбағы» спектакілінен монолог оқып көпшілікті тәнті етті. Мәдениеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, «М. Әуезовтің Мұражай-үйі» Мәдениет орталығының директоры Дияр Қонаев та сөз кезегін алып, Мұхтар Әуезов туындылары мен өмір жолы жайлы ой-пікірімен бөліскен болатын. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Ананьева Светлана Викторовна «М.О. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының компаративтік зерттеулер аспектісіндегі көркем аудармасы»  тақырыбына баяндама жасады. Конференция барысында кітапхана қорына М. О. Әуезовтің шығармашылығы туралы жаңа кітаптар, «Қазақстан менің тағдырымда» атты заманауи әдебиеттің хрестоматиясы мен Қазақстанның Халық жазушысы Морис Симашконың шығармашылығына арналған алғашқы халықаралық әдеби оқулардың қорытындылары бойынша жарық көрген ғылыми жинақ табысталды. 

Поделиться: