Түркия «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде несімен таңғалдырады
2017 жылғы 10 тамыз, бейсенбі күні Астанада Түркия ұлттық күні аталып өтеді. Бұл күні ЭКСПО көрмесінің аумағы қызыл және ақ түстерге боялып, түрік халқының бай мәдениетінің лебі сезілетін болады.
Түркия ұлттық күнінің салтанатты ашылу рәсіміне Түркия Республикасының Экономика министрі Нихат ЗЕЙБЕКДЖИ мырза және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы қатысады.
Түркия, «Астана ЭКСПО 2017» көрмесінің дәстүріне айналған және барлық қатысушы мемлекеттер үшін өткізілетін ұлттық күнге қатысуға дайын.
Қазақстан мен басқа да қатысушы елдер өкілдерінің қатысуымен өтетін дәстүрлі түрік таңғы асынан кейін, ЭКСПО ұлттық сахнасында сағат 11.00-де өткізілетін ашылу салтанатымен бірге, Түркия павильонында және жалпы ЭКСПО көрмесінде түрлі іс-шаралар жалғасын табатын болады.Ашылу салтанатында, Түркия Республикасы және Қазақстан Республикасының атынан қатысып отырған министрлер, мемлекеттік қызметкерлер, басқа елдердің өкілдері, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысатын болады.Екі елдің әнұраны айтылғаннан кейін, Түркия Республикасының Экономика министрі Нихат ЗЕЙБЕКДЖИ мырза және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы ашылу салтанатына байланысты сөз сөйлейтін болады.
Ашылу салтанатынан кейін, Вейсель Челикдемир халқымыздың құндылықтарын паш ететін құм шоуымен сахнада өнер көрсетеді. Ал,«Анатолия оттары» би тобы«Хорон» биін билеп, осы арқылы,Анатолия халқының бай мәдениеті мен күш-қуатын көрсететін болады.
Ашылу салтанатының соңында, «Мехтеран» түрік әскери оркестрінің парады өтеді. Көрермендерге мыңдаған гүлшоқтары мен Түркия жалаушалары беріліп, ЭКСПО көрмесінің аумағы қызыл және ақ түстерге боялады.
Күні бойы өтетін осы іс-шаралардың шеңберінде, Expo EnergyHall сахнасында сағат 17:00-де түрік өнер майталмандары, қонақтарды өз өнерлерімен тамсандыратын болады. Профессор Эрол Парлак және Синан Аййылдыздың орындауында халық әндері шырқалады. Аталмыш іс-шара, Қазақстан тыңдармандарына танымал әнші Бурактың концертімен жалғасатын болады.
Energy Hall сахнасындағы концерт, «Анатолия оттары» би тобының керемет билерімен тәмамдалатын болады.
Таусылмайтын энергия
«Астана ЭКСПО 2017» сахналары мен аумағындағы концерттерден бөлек, Түркия павильонында да бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Келген қонақтар, павильонның ішінде және сыртында болып жатқан іс-шараларға қатыса алады, сондай-ақ әсер, би және әндерге толы ұзақ уақыт бойы ұмытылмайтын күн өткізіп, түрік қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысып, осы күнге орай дайындалғын сыйлықтарға ие болып, түрік дәмді тағамдарынан ауыз тиетін болады.
Түрік экспорттаушыларының қолдауымен, қонақтарға жаңғақтар, кептірілген жемістер, баклава, рахатлукум, кәмпит, балмұздақ, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, апельсиннен жасалған сусындар, макарон өнімдері, булгур және зәйтүн майы негізіндегі дайындалғантағамдар ұсынылады.
Өте үлкен тосын сый: Жаужүрек Ертұғрыл – Түркия павильонында…
Шетелде де, Қазақстанда да көрермендердің зор ықыласына бөленген «Ертұғрыл» телехикаясының табысты актерлері Нуреттин Сонмез (Бамсы Бейрек), Дженгиз Джошкун (Тургут Альп) және продюсерМехмет Боздаг, Түркия павильонының көрермендерімен кездесіп, интервью барысында көрермендердің барлығына өз қолтаңбасын қалдыратын болады.
Редактор үшін:
Халықаралық Көрмелер Бюросы (BIE) тарапынан 19-ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылып келе жатқан ең беделді және елдерді таныту бағдарламаларының ең мықтысы болып саналатын ЭКСПО көрмелерінің биылғы тұрағы – Қазақстанның елордасы Астана қаласы. Түркияның, 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта 3 айы бойы өткізілетін «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған осы көрмеге қатысуы, Түркия Республикасының Экономика министрлігі мен «Астана ЭКСПО-2017» әкімшілігі арасында 2016 жылғы 5 тамызда қол қойылған хаттамамен ресми түрде бекітілген.
Жалпы ауданы 25 гектарды құрайтын «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде, Түркия шамамен 1000 м²-лік алаңда орналасқан павильонын ұсынады. 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өтетін көрмеде Түркия павильонының жанында Таиланд, Иордания және Әзірбайжан павильондары орналасқан.
2017 жылғы 10 маусым, сенбі күні басталған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Түркия павильонының ашылуы, Түркия Республикасы Экономика министрінің орынбасары- Түркия Ұлттық секциясының комиссары Тарык СӨНМЕЗ мырза, Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат УЯНЫК мырза, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлының қатысуымен өткізілді.
Ашылу күнінде Түркия павильонына 6500 адам келген болса, бүгінгі күнге дейін келген қонақтардың саны 400000 адамнан асып түсті.
Түркия «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде
Тақырыбы: Тақырыптық тұжырымдама:
Түркияның «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіндегі тақырыптық тұжырымдамасы – «Тұрақты энергия үшін жаһандық синергия». Осы синергияның бір бөлігі болып табылатын Түркия, бүкіл күш-жігерімен, көзқарасымен және әлеуетімен энергия орталығы ретінде тұрақты энергияны қолдайтынын мәлімдейді. Бұдан бөлек Түркия, ортасында адам шоғырланған тақырыптық құрылымды үлкен жауапкершілігімен тұжырымдады.
Логотип:
Түркия, болашаққа сеніммен қарайтын бейбіт ел екенін мәлімдейтін маңызды үндеуді қамтитын, таза энергияны білдіретін, күн мен күнбағыс түріндегі негізгі композициядан құралған логотипті таңдады.
Логотиптегі шеңбер орталықты білдіреді. Бұл таңба, Орталық Азия түркі халықтарының петроглиф таңбаларында да күн болып табылады.
Сыртқа қарай ашылып тұрған жапырақтар, энергияның және адамзаттың орталықтан бастау алып, барлық әлемге таралуын білдіреді.
Шоғырлану:
Түркия бар әлеуетін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде энергияны әділетті түрде таратуға және бүкіл әлемдегі бейбітшілікті қолдауға бағыттаған.
Энергия деген – өмір.Біздің жерімізде адамдар 12000 жыл бұрын да өмір сүрген.Анатолияның көпғасырлық тарихы мен жері барлық замандағы мәдениеттердің және табиғи ресурстардың қайнар көзіне айналды. Еліміздің бүгінгі таңда да әлемнің болашағын қалыптастыратын энергияларды әзірлеуде және болашаққа апаруда маңызды рөл ойнайтын «табиғи қиылыс» болып табылады.
Түркия, энергия тұжырымдамасына үлкен жауапкершілікпен қарайды және бүкіл әлемдегі бейбітшілікті, энергияны әділетті түрде таратудың, оны үнемдеудің маңыздылығына, сондай-ақ таза және жаңғыртылмалы энергияға да ерекше көңіл бөледі.
Электр энергиясы саудасының орталығы бола отырып, өзінің аса белсенді энергетикалық саясаты негізінде энергетикалық база болып табылатын Түркия, болашақ энергиясы саласындағы өзара іс-қимылдың инновациялық түрлері үшін мінсіз бағдарламаларды дайындап қойды. Сондай-ақ осы саладағы өз құндылықтары мен тәжірибесін ұсынады.
Тәсілдеме: «Түркиядан әлемнің болашағына»
Түркия өзінің арнайы жобаларында, энергияның тиімділігі және энергияның климат өзгерісіне ықпалы сияқты жаһандық ауқымдағы мәселелерді қозғайды.Күн энергиясы, жел, су, геотермальды қайнар көздер, биоотын сияқты таза және жаңғыртылмалы энергия көздерін алға шығарады, сондай-ақ жер асты ресурстарын да паш етеді. Минералды ресурстар сыныптамасы бойынша әлемде маңызды рөл ойнайтын Түркия, жаңа табыстарға және инновацияларға жолкөрсету мақсатында электр энергиясын өндірумен байланысты салаларда пайдаланылатын минералдармен жасалатын жұмысқа бар күшін салуда.
Түркия павильонын қалыптастырған идеялар
Өткеннің ізімен, болашаққа бет алу
- Түркия павильоны, өз қонақтарын Анатолияның көне диірмендерінен шабытпен жобаланған ашық есіктермен және Анатолия Селжұқтары дәуіріндегі ою-өрнекпен нақышталған сәулетті қабырғалармен қарсы алады.
Энергия табиғатта
- Көне заманның атмосферасынан бөлек, қонақтарды судың сыбдырыменқарсы алып, осылайша Анатолия табиғатының жомарттығына назар аударылады.
Әсерлендіретін контраст
- Қонақтар павильонның табалдырығын аттағаннан кейін ерекше бір энергия ағымын сезінеді.Қабырғаларға ілінген проекторлар мен үлкен экрандар Түркияның энергиясын тиісті сәндікпен бірге павильонның қонақтарына береді.Цифрлық проекцияның көмегімен адам және табиғат, білім және тәжірибе тақырыбындағы әсерлендіретін контраст ұсынылады.
Көк аспан астында
- Бөлімшелер арасындағы шеңбер тәрізді өткелдер, энергетикалық дәліздер болып табылады және осы дәліздердің барлығы павильонның ортасында орналасқан өмірді білдіретін бір аспан күмбезімен (цифрлық күмбезбен) біріктіріледі. Аспан күмбезі «Әлемнің болашағы үшін, энергия орталығы – Түркия» маңызды үндеуін білдіреді.
Энергияны бейбітшілік және болашақ үшін әділетті түрде таратудың қайнар көзі – Түркия
- Түркия павильонының ең соңғы бөлігінде, бейбітшілік пен әділдіктің рухани нышаны Мәулана Жалаладдин Румиге құрмет көрсетіледі. Мәулананың рухани тәліміне сілтеме жасай отырып, жер бетіндегі бейбітшілік үшін энергияны әділетті түрде таратуға назар аударылады, сондай-ақ «сема» салты мен тұрақты энергетика арасында байланыс орнатылады. Голография технологиясының көмегімен әуеде билейтін дәруіштер, қонақтарды Мәулананың «Кел, кел кім болсаң да кел» сөздерімен шақырады.
Мәдени өзара іс-қимыл
Түркия өз павильонында, әлемге ықпалын тигізген ұлы тұлғалар мен мәдени құндылықтардың жиынтығын энергетика тұжырымдамасымен бірге ұсынады. Жібек жолынан бастап энергетикалық дәлізге, Анатолияның су диірмендерінен бастап гидроэлектрлік станцияларына, сүйіспеншілік философиясын дәріптеген Мәуланадан бастап адамзатқа қол ұшын берген бүгінгі Түркияға дейін…
Бейбітшіл ниеті және «бейбітшілік үшін бөліс» көзқарасымен әлемнің болашағына бағытталған энергия орталығы – Түркия…
Анықтамалық ақпарат алу үшін:
info@turkeyexpo2017.com
Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің
Сауда бөлімі
Ұялы тел.: + 7 705 222 25 13; + 7 705 204 09 92
Поделиться: