Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

ОТКРЫТОЕ МНЕНИЕ

09 ноября 2020
928
0

Көктем түні

 

Қараңғы түн айнала тылсым басқан,

Жұпар иіс аңқиды гүлді бақтан.

Айдың жүзі мөлдіреп су бетінен,

Қара мақпал жамылған жұлдызды аспан.

Салқын самал бетіңе өпкен лебі,

Жаңарған бар дүние жердің беті.

Сұлу ай жер бетіне нұрын төккен,

Неткен әсем көктемгі түн келбеті.

Құстар сайрап, ән салып үндеседі,

Ақын үнсіз түнменен тілдеседі.

Шабыт беріп,таза ауа, көктем демі,

Жыр жазып, көңілінен сыр шертеді.

Жаныңа рахат сезім нәр себеді

Көктем түні,  не деген ғажап еді!


Поделиться:
     
Оставить комментарий:
Captcha