Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Открытое мнение
Кім болды екен?

ОТКРЫТОЕ МНЕНИЕ

22 мая 2021
115
0

Кім болды екен?

Бала кезімде болған осы уақиға есімнен кетпейді. Демалыс күні әкем мен ағамның отын дайындауға жиналып жатқанын көріп, мен де олармен ілесіп орманға келдім. Діттеген жерге жеткен соң, әкем атын доғарып, отқа қойды.

Әкем мен ағам ара, балталарын алып отын дайындауға кіріскен кезде мен ағаш маңынан жидек, шие тере жүріп, ілгерілей – ілгерілей қалың жыңғыл ағаштың қойнауынан анамның сүйікті жемісі бүлдіргенді тобатайға тере бастадым.

Бүлдіргенді тере жүріп, томарды қоршай өскен талдарға тірелдім. Көктем уақытында еріген қар сулары орман ішіндегі ойық жерлерге іркіліп, табиғи тоған пайда болады, ол тоған «томар» деп аталады. Томарды қоршай қалың талдар өседі. Ал, томар суы мөлдір тұщы (дистилированный) таза су болғандықтан, оны ауыл тұрғындары тұрмыстық мақсатта пайдаланатын. Ал талдың биіктігі 2- 2,5 метрге дейін жетеді. Содан ба, біздің жақтың адамдары еңселі адамдарды «Бойы талдай» деп айтатын. Бір қызығы жаз шыға жылы жақтан келген үйректер талдың ұшар басына ұя салып, жұмыртқа басатын.

Томардың жанына келіп енді кері қайтайын деп бұрыла беріп едім, қалың талдар арасынан бойы талдай, шашы өскен, бет-аузын жүн басқан, екі аяқты адам ба, әлде бір мақұлық па маған тесіле қарап тұр екен. «Адамның» түк басқан бетінен, тек екі көзі ғана жылтырайды. Екеуміз көзбен арбасып тұрып қалдық. Ол қимылсыз тұрған соң бұрылып орманнан шығуға бет алдым. Орманнан шыға бере, әлгі екі аяқты мақұлық тұрған жаққа қарасам, ол менен көзін алмай қарап тұр екен.

Сосын әкем мен ағама барып «Талдар арасында үсті - басын жүн басқан адамға ұқсас мақұлықты көрдім», - дедім. Менің айтқанымды естісімен әкем мен ағам қолына мылтығын ұстап орман ішіне беттеді. Мен мақұлыққа бармаңдар дегенімді тыңдамаған соң олардың соңдарынан еріп, оның тұрған жерін көрсеттім. «Мақұлықтың» тұрған жерінде болмай шыққаны абырой болды.

«Қорыққанға қос көрінеді деген», - деп ағам мені мысқылдады. Оған «Мақұлықты» шын көргенімді және одан қорықпағанымды айтып едім ағам айтқаныма сенбеді. Енді өз бетімше із кесіп, мақұлық тұрған жердегі қауға шөптің жапырылғанын әкеме айтып едім, ол: «Малдар жатқан ғой» деген соң, іштей тындым.

«Бұл кім болды?» екен деген ой көпке дейін есімнен кетпеді. Егер мақұлық болса, мені паршалап тастауы мүмкін еді. Бірақ ол маған тиіспеді, соған қарағанда адам болғаны да.

P/s. Бірде ала-қотан отырған ақсақалдардан «Осы өңірдің молдасы Бұқарада оқыған, қажылыққа барған діни сауатты бар ауызы дуалы адам болды, репрессия кезінде Қаратал жыңғылдарының арасында жертөле қазып бой тасалап өмір сүргенін бертін білдік. Заман тынышталған кезде ол орманнан шықты. Оның ісінен қылмыстық іс табылмаған соң күштік құрылымдар оны жайына қалдырса керек дегенді естідім. Ал менің қазір өкінетінім ол кісінің аты - жөнін ақсақалдардан сұрамағаным.

Бірде жолдасым екеуміз қалың жыңғыл орман ішінде жан-жағын қурай басып төбесі опырыла бастаған жертөлеге кездестік. Жөртеленің ішінде қолдан жасаған үстел тұр екен. Үстелдің үсті түсініксіз әріппен ойып жазылған.  Әріптері арабшаға да, кирилицаға келмейтін тік, ирек жазуларға таң-тамаша болдық. Тек уақыт өте келе руника жазуымен танысқан соң үстел үстіндегі жазулар бітік әріптерімен жазылған деген тоқтамға келіп, сол үстелді тауып алайын деп жертөлеге барып едім, жертөле жермен-жексен болып кетіпті. Әттең, әттең! Содан бері бала кезімде орман ішінде көрген адамым мен репресиядан қашып жөртеледе жасырынған адам бір адам болуы мүмкін депте ойлап жүрмін... 


Поделиться:
     
Оставить комментарий:
Captcha