Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
Меңтайым

Блоги

13.12.2017
4103
0

Меңтайым

Соңғы диалог

Менің ныспым Мұса. Бұл қалаға оқуға келіп, студент деп аталатын шенді иеленгендердің бірімін. А, айтпақшы, бұл қалала жүргеніме де екінші жыл болып қалды. 
Əнеугүні университетіміздің ішіне кірсем мен тұратын жатақхананың бір топ ұл-қыздары əңгіме-дүкен құрып тұр екен. Олар мені байқамаған сыңайлы, мен оларды байқадым. Сабақ басталуына əлі он бес минут бар, дəліздегі дəл ортадағы орындықтардың біріне отыра кеттім. Түні бойы бақылауға дайындалған мен үшін орындыққа бір сəт те отыру - үлкен демалыс ұқсап көрінді. Аздап демалайын деп көзімді жұма бергенімде жатақхананың ұл-қыздарының əңгімесінен Мұса... Мұса... деген сыбырларды естідім. 
Мұса? Қай Мұса екен?! Араларындағы бір жігіттің есімі ме, əлде мені айтып жатыр ма? Олар əңгіме арасында Мұса деген сайын біреу келіп маған сəлем беріп жатқандай боп, дұрыс демала алмадым. 
Сабақ басталуына он минут қалды. Он минутта, Құдай-ау, көп əңгіменің басын қайырып тастауға болады екен-ау!
Күбірлескен адамдардың топаралық əңгімелері құлағыма естілді. Құлағымды сол адамдардың ортасына дейін жеткізгендей, бүкіл əңгімелері құлағыма анық естіліп жатыр. Əдетте өсек тыңдамайтын едім. Ұнатпаймын да... 
Бұл қыздар мен жігіттердің арасындағы əңгімені өсек деп қабылдайын ба, əлде бопсалау ма?! Түсініксіз. Мен жайлы айтылып жатқан түсініксіз жəне жалған пікірлер өзімді өзіме жақсы танытайын деді ма, əлде басқа ма?!
Адамды өзінен артық ешкім жақсы тани білмейді деп жататын еді. Құдай салмасын, мен жайлы неткен пікірлер айтылып жатыр десеңізші?! 

- Мұса-Мұса, жалпы кім ол? Қандай жігіт?- дей қалды біреусі.
- Ый, қайтесің?! Жүрген біреу да. Жатақханада күн сайын көру əдетке айналып кетті, өзімшіл жігіт екен. Сəлемдесуді де білмейді.
- Солай мекен?! Елдің бəрі сол баланы мақтай береді ғой тегі. Солай десиш... Айтпақшы, оның қызы бар ма? 
- Иə, қызы бар. Бар болғанда, сүйетін қызы бар. Бірақ жүрмейтін сияқты, бір қарасаң жүретін сияқты. Түсініксіз...
Диалог құрушылардың бірері өзімді танитындар еді: 
- Мұса ондай емес еді ғой, жақсы жігіт!-деп тоқтала қалды.
- Түһ, қыздар! - дей қалды бір топ қыздардың арасында нəзік дауыстысы, - Сырттан сөйлеудің қажеті жоқ, не болса да болмысы сондай болғаны да, қайтесіңдер. Əр адамның бір жақсылығы болады ғой,-деді.
Ол қыздың мені қайдан танитыны беймəлім. Нəзік қана дауыс мені тебірентіп, өзімен бірге əкетіп бара жатқандай. Мені мүлде танымайтын, оқуға жаңадан келген қыз мен жайлы қайдан біледі?! Кім екенін көргім келді де, Мұса еместей болып жаймен артыма қарадым. Барлығы біздің жатақханада күн сайын көріп жүрген балалар мен қыздар. Жігіттер деуге де болатын шығар. Бірақ мені бала деп атаған өздері ғой, демек олар да бала. Балалар мен қыздардың арасында сөзін жалғастырып тұрған - орамал тағып алған, сүйкімді келген сары қыз екен. Ол қыздың не деп жатқаны маңызды емес болып қалғандай 'либөф с первого вызгляда' болып қалдым. Орамал тағып алған, тырнағы мен қалағандай - боялмаған жəне өсірілмеген, өзі де бояуды бетіне төкпепті. 
Міне, сұлулық деген - осы. Көркем мінез бен əсем келбет. Айтарым бұл емес еді, негізі... 
Сабақтың басталуы үшін қоңырау соғылып, студенттер өз аудиторияларына қарай ағыла бастады. Мен де есімді жидым. Ағыла өтіп жатқан студенттердің күбірінен 'перваштардың' даусы естілмей қалды. Тек сол аралықта өз аудиторияма қарай бару үшін сөмкемді иығыма асынып жатып соңғы диалогтарды ғана ести алдым. 
- Іш пысып кетті, басқаларға сабақ, біз қашып кете салсақ қайтеді?! 
- Иə, сөйтейік, қазір сабаққа кіргенімізбен апайымыз екінші курстағы Мұсаны мақтай береді. Мұса-Мұса... 
- Жақсы онда, қашсақ қашайық. Ертеңгүні бір амалын тауып апайдан құтылармыз. 
- Ай қыз? Апайдан бір жолға құтыла аласың-ау, Мұсаны айта бермесі үшін Мұсадан құтылу керек боп тұр.
- Онда Мұсаны бүкіл елге жамандайық, абыройын төгейік. Сонда апайымыз да оны айтпайтын болар.
... - Бұл дұрыс емес қой, қыздар. Апай солай десе, демек расымен жақсы болғаны да. Оның кім екенін білмеймін, десе де оның абыройын түсіруді емес, өз беделдеріңді көтеруді ойласаңдаршы,-дей қалды, мен танымайтын жаңағы орамалды сары қыз.
Мен үндемей тұрып қалдым. Мынадан кейін не дерсің?! 
Барлығы кетіп бара жатып, арасынан біреусісі: - Мұсаға қайтсек те тиісуіміз керек, абыройы түссе ешкім де мақтамайды, есесіне біздің де құлағымыз тыныш болады,-деп айтты. 
Міне қызық, мен жайлы неткен сөздер бар. Өз құлағыма өзім сене алмадым. Тым ойы тар, ғайбаттайтын қыздар баршылық екен-ау. 
...
Менің абыройымды төккісі келген сол қыздар қазір 'Мұса мен сары қызды' қайтсек айырып жібереміз деп ойлап жүр. Ай, өмір-ай... 
Айтқанымдай-ақ, сол күнгі сабақтардан кейін сары қызды іздеп едім. Мені бір топтың ішінде жалғыз өзі қорғағаны үшін алғыс айтып, сол жерде сол əңгімелерді естіп тұрғанымды айттым. 
Сары қыз ұялып кетті, анық. Менен тобының атынан кешірім сұрады. 
Міне, ғажап... Көзге тіке қарауға ұялатын қыз сол баяғы нəзік даусымен ғана кешірім сұрады. Мен үшін маңызды емес еді өзгелердің ойы, бірақ осы бір қызға көркем мінезі үшін алғыс айту - міндетімдей көрінді.

Біз қазір біргеміз. Мұса жəне сары қыз... 
Біздің арамызды бөлгісі кеп жүрген оның топтастарына 'бірге төтеп береміз' деп шештік. Сыйластықпен құрылған үлкен махаббат бар арамызда. Десе де, армандау тегін! Əлгілер арамызды бөлуді армандай берсін, əлі күнге дейін солай, ал біз болашақтың армандарын құрып тастадық! Бізді ешкім айыра алмайды! 

(НҰРҒИСА ҚҰРМАНБАЙ)

Меңтайым өлеңдер жинағының авторы


Поделиться:
     
Оставить комментарий: