Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Открытое мнение
Өмірім таудан аққан бұлақтайсың (өлең)

ОТКРЫТОЕ МНЕНИЕ

26 мая 2019
966
0

Өмірім таудан аққан бұлақтайсың (өлең)

 

Өмірім таудан аққан бұлақтайсың,

Жел тұрғанда желкілдер құрақтайсың.

Маза бермей, соққылап оңға-солға

Түбінде қайда барып тұрақтайсың?  

 

Өмірім жауабы жоқ сұрақтайсың,

Анадайдан қылтиған мұраттайсың.

Ертеден кешке дейін ес жиғызбай,

Түбінде қайда барып тұрақтайсың?

 

Өмірім елеңдеген құлақтайсың,

Шектен шығып жүрсем де құлатпайсың.

Ал кейде тегіс жерде сүріндіріп,

Түбінде қайда барып тұрақтайсың?

 

Өмірім шауып өтер пырақтайсың,

Сайдан қашқан түлкідей бұрақтайсың.

Уақытым бірте-бірте құмға сіңіп,

Түбінде қайда барып тұрақтайсың?

 

Өмірім жол сілтеген шырақтайсың.

Міне жеттім дегенде жырақтайсың.

Жылдан-жылға тәттісің шыбын жанға,

Түбінде қайда барып тұрақтайсың?

2011


Поделиться:
     
Оставить комментарий:
Captcha
Добавить произведение