Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов

Блоги

10.10.2019
5277

Тағдырым!

ҚҰМАЙМЫН МЕН, жалғыз жүріп жорыттым,
Қамаймын деп талай мәрте тор тіктің.
Ей, тағдырым, дегеніңе көнбес те ем,
Талмап жұтып қоямын деп қорқыттың.
 

МҰҢАЙДЫМ МЕН жан біткенге сездірмей,
Еңсемді тік елергенге ездірмей.
Бір күн жұтып қоятының ақиқат,
Еншімді бер құр далаңды кездірмей.
 

БҰЛ АЙБЫНМЕН жүреді екем қанша енді,
Басымдағы бар қуаныш теңселді.
Күлгенімді көргің келсе бақыт бер,
Түк те берме иегімнен көргің келсе кемсеңді.
 

ҚҰЛАЙМЫН МЕН, одан басқа қайтемін,
Тапқан болсаң жүрегімнің айт емін.
Таппаған соң саған да арнап жыр жаздым,
Жанарымда жасырынған жайт едің.
 

ҰНАЙМЫН МЕН, біреулерге ұнаман,
Оған бола биігімнен құламан.
Бұдан да асқар биіктерге шығамын,
О, тағдырым, тек сен өзің бол аман!
 

ҚҰДАЙДАН МЕН ылғи соны сұранам(ын),
Тілеуіңді десе деймін құп алам(ын).
Кедей болса бай болуды аңсайтын,
Бай болған соң... Бап тапқызбас бұл адам.
 

СҰРАЙМЫН МЕН, пендемін ғой, ашкөзбін,
Жан дертімнің жан дауасын тапшы өзің.
Дауа тапсам артық тілек етпеймін,
Осы менің қашан да айтар ақ сөзім.
 

ШЫРАЙМЫН МЕН, шуақ шаша алмаймын,
Шаң-шаң болып бірақ жерде қалмаймын.
Арманыма жеткенімше алысам(ын)
Шаршасам да, шалдықсам да талмаймын.
 

ЖЫНДЫ АЙМЫН МЕН, жалғыздықтан жабықтым,
Тыңдаймын деп сезімнен кидім қамыт мұң.
Жарыққа ұмтылған жаным әлсіз, талықсып,
Құшағында тұншықтырды табыт - түн.
 

ҰРЛАЙМЫН МЕН, мың шабыттан ұйқасты,
Арпалыстан үстімдегі үй қашты.
Асау шабыт алысқанда алдырмай,
Түн ауғанда талай рет ұйқы ашты.
 

ЖЫРЛАЙМЫН МЕН, сөніп, өшіп біткенше,
Жыр айдынын алып келем құт берсе.
Бұл өлкеден кетіп қалам(ын) алайда,
Жаратқаным шық десе...


Поделиться:      
Оставить комментарий: