Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Спецпроекты
Нүсіпқан Қадырсұлтан

Нүсіпқан Қадырсұлтан


Нүсіпқан Қадырсұлтан 1987 жылы ҚХР Алтай аймағы, Шыңгіл ауданында дүниеге келген. Халықаралық  ұстаздар одағының мүшесі. «Суретшілер тілі» кітабының авторы. Алматы облысы,Алакөл ауданы,Ынталы ауылдық округі. 

Алты Алаш жырлап жатыр дәл бүгін...

 

Тас  түрмеде  көрседағы  азапты,

Жүрегімен  сүйген осы  қазақты.

Әттең, жарық етіп сөнер жасындай,

Жақсылардың өмірі неткен аз-ақ-ты.

 

Ұлтшылдарға жасалады  астамдық,

Ұлтшылдарға жасалады  қастандық.

Сан бұғауда  ақтабан, аштық көріп біз,

Қапылыста қара жерді  жастандық.

 

Жаңбыр жасқа шыланады  дала күң,

Жабылады жаттан келіп  жала-мұң.

Мың өліп, мың тірілем,   әйтеу бір,

Жүрек жүдеу, кеудем тыртық, жара мың.

 

Ақ қалпағы Хантәңірдей биіктірек,

Тұратын ақ бұлттарға  иық тіреп.

Ақын өтті өмірден амал қанша?

Маза бермей өртеген күйікті дерт.

 

Қайырсада бір заман қанатыңды,

Қақ айырып өткенсің  қара қылды.

Қаламыңды жаныңа серік етіп,

Қарашыққа түнеттің қара түнді.

 

Ақындардың сәруәрі  ұлықсың,

Мөлдіреген таңғы шықтай тұнықсың.

Алаш үшін арпалыспен алысқан,

Қызғыш жырың құдіретін кім ұқсын?!

 

Артта қалды баянсыз азап-мұңым,

Төгіліп тұр төбемнен ғажап күнім.

Алаңда ма? Аға жан, арыс ақын,

Сіз аңсаған қолымда  азаттығым.

 

«Мәңгілік Ел» ақындары андаспан,

Тарихы бар тектілікке жалғасқан.

Алты Алаш жырлап жатыр дәл бүгін,

Топырағың торқа болсын,Марғасқам!

 

 

 

Мен өзі кім едім?

 

Мен өзі кім едім?

Аптаған тілімді отпен,

Кешетін тек ғұмыр көктем,

Көк түркінің баласымын.

Мекен еткен Тұранын,

Жаттап өстім Құранын,

Тұнып тұр менде бар асылым!

Тербетіп жыр құрсағын,

Аңсадым қыр жусанын,

Мақпал төс  даласының.

Ән естілер алты қырдан,

Ақиқпын  алтын қыран,

Әлемнің дүр  дарасымын!

 

Мен өзі кім едім?

Жәнібек пен Кереймін,

Намысты жауға бермеймін,

Бөрі рухым биік тұрған.

Жарқырап жұлдызым,

Жалындап ұл-қызым,

Үлкенге бас иіп тұрған.

Аллах төгіп  арай от,

Әлфараби мен Абай боп,

Төбем көкке тиіп тұрған.

Алтын жырмен шөлмектей,

Жер анамды шөлдетпей,

Ақ нөсер ем құйып тұрған!

 

Мен өзі кім едім?

Сәлделі таумен теңескен,

Күлтелі белде кеңескен,

Қоңырқай жатқан ел едім.

Сар қымызға тоймаған,

Қырық күн тойын тойлаған,

Атымтай жомарт кең едім.

Алысқан жауын қоймаған,

Ат үстінде ойнаған,

Алмас қылышты ер едім.

Жетелеп ылғи таңғы үміт,

Әлемді мынау таң қылып,

Билеуге жерді келемін!

 

Мен өзі кім едім?

Салтын сақтаған,

Арын сатпаған,

Алланың құлы едім.

Тарихын жаттаған,

Ерлігін  жақтаған,

Абыздың ұлы едім.

Ғаламға  ұнаған,

Қаламға  құлаған,

От шарының нұры едім.

Бұзау тіс  қамшының,

Тас тесер тамшының,

ұйыған  мұңы едім!

 

Мен өзі кім едім?

Дәуір дауыл бұрқағымын,

Біліп қой  ұрпағымын,

Хас Сақ пен Ғұн бабамның.

Көшпенді дүлдүл керуен,

Сұрасаң  білгірлерден,

Қожасы мен бұл даланың.

Кескіні бөлек  ірімін,

Томсарып туған  бірімін,

Тоныкоктай  тұлғалардың.

Өмірімнің құлпы көктем,

Қазақпын  ұлты өктем,

Тағдыры ем бұл заманның!

 

 

Мен өзі кім едім?

Бақасы қойдай  шулайтын,

Балығы аттай тулайтын,

Сазаны ем тұма көлдің.

Бабамның рухы  медет,

Бір ақырсам сілкінер ед,

Сарбазы ем дуалы елдің.

Күймен ашып құса мұңды,

Жырмен кестім тұсауымды,

Қосында боп құба белдің.

Жүйрік ем жел қабыздан,

Тебінгіден  тер ағызған,

Дәл өзімін құлагердің!

 

Мен өзі  кім едім?

Тәп-тәтті  гүл ерін,

Қып-қызыл  күн едім,

Өзгермес менің реңім!

Алашым еді тірегім,

МӘҢГІЛІК ЕЛДІ тіледім,

Ол деп соғар жүрегім!!!

 

Оралмас бақыт

 

Махаббатпен сен  ойнама,

Отына  күйіп  жүрмегін.

Мені де  енді  ойлама,

 Қазбайым сендік жыр кенін.

 

Сарғайып бір сағынбаспын,

Тұрсада  күнім  тұнжырап.

Сар уайымға  салынбаспын,

Кетеміз  алыс   тым жырақ!

 

 

Шынымен  мендік  емессің,

Тағдыр  қатал  білемін.

Мен үшін енді  елессің,

Таппаған жүрек  бір емін.

 

 

Бақыты болып басқаның,

Өткен  күнді  өшіресің.

Ашылсын дәйім аспаның,

Несіне  көп   өшігесің?!

 

Кіргенде бастың  ақылы,

Мені бір күн  кешіресің.

Оралам деме  ақыры,

Әттең, сонда  кешігесің.

 

Жүрістен  керек жаңылмау

Жүрекке сыйла  жылуын.

Бақытты болшы жаным-ау!

Жұтқызды деме  жыр  уын.

 

Тілеулес болып  жүремін,

Жылама сенде  шырайлым.

Тоқтап қалмаса  жүрегім,

Мен бәріне  шыдаймын!

 

Оставить комментарий:
Captcha