Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Спецпроекты
Табиғат Қайратұлы

Табиғат Қайратұлы


Табиғат Қайратұлы, 1991 жылы 18 қаңтада , Іле обысы Нылқы ауданы Мыс ауылында дүниеге келген.  Халықаралық қазақ-түрік университетінің  инженерия факултеті 4 курс студенті
 

Рух әлеміне үн қату

   (Таңжарық Жолдыұлына )

Ертегі болып естіліп бала күнімнен,
Өшпестей бейнең үлгі боп санаға ілінген.
Таңжарықтың түрмеде салған әні деп,
Көрші ақсақал бір әнді салады іңірде.

Әндетіп тұрып көзіне жас алатұғын,
Жыласа мұңлы көңілі басама тыным.
Енді ойласам көзжасы символы екен,
Еліне деген ерлердің махаббатының.

Ән соңын ауыр күрсініп, үзіп тынатын,
Мұңлы жүзінде тым терең сызық тұратын.
Есі кірмеген әрқайсы ойын баласын,
Таңжаық деген бір есім қызықтыратын.

Қартпенен кеңес құрмайтын серік боп ешкім,
Әңгімесі үшін қойға сан еріп те кеттім.
Сал-сері, ақын, би-шешен, батыр дейсіңбе…
Айтылған әрбір тұлғаға еліктеп өстім.

-кім?- дедім ата бір күні “Таңжарық”-деген,
Тұрдыда бір сәт ақсақал таңданып менен.
Осы елдің мәңгі қастерлі азаматы еді,
Қара басында қасиет қанға бітпеген.

Есейсең өзің табарсың жауабын іздеп,
Ол үшін талай жаз өтіп ауады күз көп.
Сенде өлгенше еліңе еңбек ете алсаң,
Артыңнан барар оқылған сауабы жүздеп.

Шежіре қарттан қызығып сұрап тұрғаным,
Ертегінде екен айтылған бірақ сыр мәлім.
Домбыра үнін естісем есіме аламын,
Күрсініп қарттың кеш құрым жылып тұрғанын.

Ақын бала атанған алты жасынан,
Әрбір адал ісімен нарқын асырған.
Артына мәңгі өшпейтін із қалдырыпты,
Аз-ақ ғұмыр кешсе де жарты ғасырдан.

Қарсы тұрып өлгенше зұлымдықтарға,
Нөсерлетіп төгілген жырыңда ық барма,
Қайсарлығыңның ешқашан қыры сынбаған,
Шыбыққа ши жүгіртіп, ұрып жыққанда.

Ата жұртқа өтіптің Нүптебектің  жырық көгімен,
Жазықсыз басқа жан сауға қылып келіп ең.
Ахмет, Мағжандарғада үн қосып кеттің,
Қазақтың азат боларын ұғып тегінен.
Алаш орданың арманын жеткізіп өлдің,
Жаныңды аларда жауыздық шығып шегінен.
Жалмауыз ғасыр жарығын жұта алмай әлек,
Аққан жұлдыздай қазақтың тіліп көгінен.

Қақпан қапқанда қаймықпай ,ой , арлан ерім,
Тірсекті қыйып қызыл қан бойалған ерін.
Тас қараңқы түрменің тар қапасынан,
“Қосжеңгені” айтып әндетіп ойанған едің.

Жыр әні болып жатталып дүр алашымның,
Рух көгінен өшпестей ұран асырдың.
Қадірлі ерлердің қаны мен жаны қыйылған,
Тәуелсіз елде мәңгілік тұрама асыл күн.
Арманым барма жолыңда жанымды қисам,
Құны артық емес солардан мына басымның.



 Әкеме алғыс


Қарсы алдымнан күтіп тұрған сан сұрақ,
Жауап таппай жүрегім тұр шәншіп-ақ.
Әсте аямай әкетайым ақырып,
Жігерімді жанымасаң қамшылап.

Кетуімде мұмкін менің адасып,
Отқа алдымен күйетін сен жаны ашып.
Бөлтірігін тістеп сүйген бөрілер,
Көрген емес ешбір итке талатып.

Арқамды осып қамшың қатты тигенін,
Деп ұғынам жан діліңмен сүйгенің,
Сондықтанда арқамды ос қатты рақ,
Сонда ғана алға ұмтылам шақпылап.
Ит қоспайтын ұл боламын артыңнан,

Қамшыңменен сүйіп тұрсаң жақсылап.




Қасты аңсау


(Немесе жат қолындағы жерге сағыныш)

Көзімнің ұшында бұлдырап қас қалды,
Мендегі өкініш осыдан басталды.
Көргенде сол еді жазықсыз
Кесілген бастарды
Көл болып төгілген жастарды.
Ғасырдың қайғысын ішіне сидырып.
Арқырап ағатын қақ бөліп тастарды.

Тауында тарихым жел мұжып өшірген,
Күн сүйіп қарайтын бұлыттардан тесілген.
Көркіне көз тіккен қандыкөз қатал жау,
Елімнің тынышын кетірген,
Елімдеп туылған ерлердің күшімен,
Бәрінің тамыры кесілген.
Сол Қасты қыстаған қазақтай қайсар ел,
Алкеуде бөрідей мені де өсірген.

Хош киелі қас өлкем
Қырыңда түнегем ,
Құзыңнан түлегем.
Семсерің болайын,
Жауыңа білеген.
Мал тапса аспайтын,
Жау шапса саспайтын.
Әкбармен Сейттер
Қазақтың жүрегі ең .
Жігіті жұтпаған мәңгүрттің уынан,
Ұлыт үшін өзегі өртеніп тулған.
Ол болса дарыған киелі өзеннің суынан.

Айғыры азынаса ат қумас биесін,
Иттері құтырып қаппаған иесін. 
Ұлы өлкем құлазыр қызарып күн батса,
Қайтеді қайғылы кеудеде мұң жатса.
Жоғалтып алған ғой иесін.

Өйткені кер заман керуені кері кеткен,
Өгейсіді ұл-қызы төсінде ержеткен.
Ел үшін, жер үшін ешкім жоқ бұл күнде,
Тұлпарын терлеткен.

Біркезде табаны тимеген,
Біреудің қолымен ұлы өлкем күйреген,
Даңқымен даланы билеген,
Қазағым шынымен күнің бе күйреген.
Мен осы кейпіңнен именем,

Бабамның басына бұйырған ұлы өлкем,
Баламның жасына қаларсың күн ертең.
Қасымды қалдырып қолында жат елдің,
Көз жасын анамның, арманын әкемнің.
Аманатқа ата жұрт, арқалап әкелдім.

 

Оставить комментарий:
Captcha