Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Спецпроекты
Алаш ТҰРСЫНӘЛІ

Алаш ТҰРСЫНӘЛІ


Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы

Алты Алашқа аты жеткен айбарлым

Алты Алашқа аты жеткен айбарлым.

Өлмейтұғын өр рухыңнан айналдым.

Жете алмаған сенің сұлу жырыңа,

Желмаядай желіп өткен қайран күн.

 

Тәңіртаудан көшкен кезде бұлт аунап.

Асқақ жырың зәу биікте жүр самғап.

Көркем Іле көзіңдей боп сезілер,

Алтын ізің сол далада тұр сайрап.

 

Оған куә бір тәңірім көк пен жер.

Елі үшін қызыл қанын төккендер.

Тәңіртауда туған қанша өр ұлдар,

Жолбарыстай жүрегі бар отты ерлер.

 

Аңыз болып қалған артта ән-дастан.

Жыры нәрлі рухы биік алдаспан.

Хас дұшпанға өр еңсесін идірмей,

құйындайын жүйткіп өткен марғасқам!

 

Асыл жыры алып мұхиыт телегей.

Ақ айдында еркін жүзген кемедей.

Ата жаудың айдарына қадалған,

Адырнасын алып ұшқан жебедей.

 

Өткен екен дұшпанына дес бермей.

Ел құлазып алты алашы кеткендей.

Абақтының төріне кеп жайғасқан,

Жалын атқан аждаһадан сескенбей.

 

Нұрын шашқан ертеңіне сенеді ер.

Елім үшін ажал ерте келе бер.

Қара қазақ қайғысы еді баяғы,

Асыл тәнге кірген анау шегелер.

 

.Танауына зәрлі заһар құйылған.

Шырылдамай көрсін кәне шыбын жан.

Алашымның тынысы еді білемін,

Тектілерге азап өмір бұйырған.

 

Арда жұрттың маңдайында жан жара.

Жазылмаған, жазу шіркін арман ә.

Қалың қазақ қасыреті секілді,

Табанынан талайтұғын қандала.

 

Еске түсіп жаннат мекен гүл Іле.

Қос жеңгесін есіне алды сүйіне.

көр азапты мойындатып дүлдүлім.

Дүбірінен дүр сілкінді дүние.

 

Тектілердің тұяғы еді ежелден.

Мерейі де үстем сосын көп елден.

Құсқа айналған ақын рухы зу етіп,

Қарашы әне өте шықты төбеңнен.

 

Ақын рухы жебейтінін сезем мен.

Өрнек салған өшпейтұғын өлеңмен.

Қалқанысың қалың оқтан қорғайтын,

Қаруысың қарсы жауға кезенген.

 

Жалындаған жас өркенге бердің от.

Тарланым-ай асып туған ержүрек.

Ақын жыры кең даланы тербетіп,

Алаш туы тұра бермек желбіреп.

 

2018.03.08

 

 

Құлжа

 

Елімнің қайыспас қалқаны.

Жүрегім сен жаққа тартады.

Мен саған оралам бір күні

Шығыстың жайнаған жауһары.

 

Көңілім көктемдей елжіреп.

Сенімен қоштасып соңғы рет.

Кеткенде қимадың білемін,

Іленің суындай мөлдіреп.

 

Жырымыды ең алғаш тыңдаған.

О, менің аяулы гүл қалам.

Сенімен көрікті сол ару,

Сенімен әдемі бұл ғалам.

 

Еске алып ғажайып көктемді.

Есіме түсірсем өткенді.

Даңғаза шулаған көшеңнен,

Қалмапты әттең-ай еш белгі.

 

Ағылған көліктер мазалы.

Өзгерген пенделер жамалы.

Не үшін мұңдана қарады,

Анау бір адамның жанары.

 

Көзінде үміттің ұшқыны.

Сүйегі өзгеден тіпті ірі.

Басынан өткен бе дәурені,

Әлсіздер жеңеме күштіні.

 

Әлде бір ерлікті жасардай.

Жұртынан ежелгі қаша алмай.

Қарайды тыпыршып алысқа,

Бас бермес баяғы асаудай.

 

О менің мерейлі жұлдызым.

Көгіңнен естілер бұлбұл үн.

Үйірден ажырап бір құлын.

Кісінеп алыста жүр бүгін.

 

Мұңайып қарайма батқан күн.

Келеді сырымды ақтарғым.

Айбаты ежелгі түркінің,

Мекені ғұндардың сақтардың.

 

Сырлысың сен тағы жұмбақсың.

Сол үшін бәрінен қымбатсың.

Даламның ерлігі оянып,

Бабамның рухы да тіл қатысын.

 

Алысқа тараған атағы

Арыдан басталған сапары.

Мен саған оралам бір күні,

Шығыстың жайнаған шаһары.

 

2018.02.28

 

Қарындастарым

 

Дей алман сендер бағымды ашпадың,

Шексе де бүгін жаным басқа мұң.

Қайырылып бір қарасаңдар нетті,

Қара көз менің қарындастарым.

 

Алыстап кетті сағымдап арман,

Қасірет тағы қалыңдап алған,

Қарашадағы сезетін халымды шексіз,

Бірің де жоқсың жанымда қалған.

 

Болсаңдар қаста күлімдей аз күн,

Қайғымда өшер үніндей қаздың.

Табалап ешкім кетпес те еді,

Тұрсаңдар құлпырып гүліндей жаздың.

 

Өтті де кетті білемін бірақ,

Тәңірден қайтем бір емін сұрап.

Өмірдің қайқаң ызғары батып,

Желтоқсанда жүдеді жүрегім жылап.

 

Қызғалдақтарым болмады дара кеткенің,

Жүруші еңдер қаумалап аға деп мені.

Ессыз-түссіз күй кештім бұл күндері,

Өмірімнің бастамай жаңа көктемін.

2018.02.18

 

 

Оставить комментарий:
Captcha