Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Спецпроекты
Дүйсенәлі Алиасқар

Дүйсенәлі Алиасқар


Алматы облысы, Жамбыл ауданы

Жан баба

1)
 
Жан баба жалынымен кеудемдегі,
Ержеттім өзіңғұсап ер кеуделі.
Отызда талай мінген ойқастатып,
Кер бестің біз емес пе кермеңдегі?!
Жамылып жатыр жырың бір ғасырды,
Жамылар әлі талай мың ғасырды.
Жарқылдап жанарыңда жасын ойнап
Қарадың сұлуларға қанша сырлы.
Ерлігіңіз елітті ме сезімге ерек
Сіздегі сезім бөлек, төзім бөлек.
Аруағың Шыңсысайды атты ма екен,
Өлді ақыры үрейге өзін бөлеп.
Іленің табиғатын кім айта алды,
Сіздегі асау сезім жыр айта алды.
Мұңайтса сіз жырлаған табиғаттың
Бұрымы-ақ ақындарды мұңайтады.
Хан-Тәңір байлап алған қалжасына
Ерімес сіздің жырлар қар ма,сірә?
Қатық қып қара өлеңді мен де келем
Тағдырым тамшы боп тұр тал басында
Сетік көк,сері жігіт,сетер ақын
Келгенде шежірені шерте алатын
Қойдымдай қобызының болғанында
Жеріне жеткен шығар жете алатын.
Теңізінде тентек жыр тербетілген,
Керім дала берді енші келбетінен.
Адалдықты бойыңа жиып алып
Адалдықты іздедің жер бетінен. 
Бәрі де куә болып шын ақынға 
Аң-құсың қалды бүгін жын атудан. 
Табиғат жылап тұр деп күрсінумен, 
Қырғи кетті тоқсанның қыратында. 
Жырыңды оқып, шаршамай жылатудан, 
Қалғанын айта барар қырғи досың
Төзген талай саяси сұрапылға. 
Екі дүние арасын тең жалғаған, 
Қырғи сынды дос керек шын ақынға
 
(Ескерту: Қырғи - Ырымбек Сарқұлжаұлы)
 
2) 
 
Арғымақ мінген бабамның, 
Артынан іздеп барармын. 
Сұраса егер сүйінші
Қаймығып қалқам қалармын. 
Батырлар жортқан даламның, 
Құрметін сыйын алармын. 
Тауыма шығып тамсанып, 
Жоғымды іздеп табармын. 
Байеке,Сасан бабамның, 
Аруағы Қызай анамның, 
Қолдай көр мені, қолдай көр
Адыраменен қалармын. 
Елбасы бабам Дарубай, 
Десіңді берші тарылмай. 
Десіңді  берсең тарылмай, 
Табар ма менің жаным жай
Әкбардың берсең ерлігін, 
Басынар бізді енді кім?! 
Жарының сыйлап ерлігін, 
Еңіреп туса Еңлігім. 
Бар ма одан асқан бақытың? 
Анаңның ақтап ақ сүтін, 
Көрге енсең елді күңірентіп, 
Жарыңның тістеп ақ шытын. 
Таңжарық бабам шықса алдан, 
Ақынға мен де ұқсап жан
Көрде біз өлең оқысақ, 
Оқысақ тағы құтпаннан. 
Елбасы бабам Қара би, 
Қасына қонған қаралы үй. 
Ел үшін туып еңіреп, 
Атанған ерте дара би. 
Аруағы қорғап бабамның, 
Ардағы ұлы даламның
Арманым мәңгі адал боп, 
Сақтасам арын адамның. 
Қара жер деген анамның
Адамзат үшін тербеткен, 
Қасиетін сақтап қалармын. 
 
3) 
 
Өз отыма өртеніп, 
Кетем бе екем бір күні? 
Құлағымда жаңғырып, 
Бала күнгі жылқы үні. 
Ұзақ-ұзақ ойлардан 
Отырамын болдырып. 
Жанға дауа бола ма, 
Ақ жауынның сіркірі. 
Жұмекенше ойланып, 
Мұқаңдарша сілкімей, 
Жыртығыма кім кепіл
Кететұғын жыр түней. 
Мағжан болып маздадым, 
Төлегенше ұмтылып, 
Қасым болып арман жоқ
Жанып кетсем шіркін-ей! 
Ақын болу айып ма, 
Байрон болып қайықта, 
Еділменен еркелеп, 
Бірақ шықсам Жайықтан. 
Ертіс болып еңіреп, 
Іле болып көрінсем. 
Каспийіңді өңгеріп, 
Балқашыңа төгілсем. 
Тентегіңді ағайын
Шыға келме айыптап.
 
Оставить комментарий:
Captcha