Жолдасбеков Мырзатай - мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор. Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. “Халықтар достығы”, “Құрмет” ордендерімен марапатталған.
"Ел ағалары" бағдарламасы "Хабар" арнасының мұрағатынан алынған. |
Мырзатай Жолдасбеков
03 февраля 2014
Поделиться: