Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Спецпроекты
Спецпроект "Пересказ"
Алдым мың сом, бердім жүз сом

25.05.2018 1148

Алдым мың сом, бердім жүз сом

Автор: Асылбек Байтанұлы
Пересказ: Асылбек Байтанұлы

Байөлкенің Цэнгэл өлкесінде Қапсалаң деген дау-шарға бейім, пысық кісі болған екен. Әлгі кісі бір тывадан 1000 сом қарыздап алады да, қарызын қайтармай, соза беріпті. Тыва ары сұрайды, бері сұрайды. Ақыры бір күні 100 сомын қолына ұстатып: Алдым мың сом, бердім жүз сом, рас па?, - депті.

 

Қапекеңнің иіліп тұрғанын пайдаланып, қолхат алып қалмақ болған тыва: Рас-рас! Осыны қағазға жазып берші!, - дейді. Ойбуй, мен хат танымаймын ғой. Өзің жазып берші, осы сөзді, - депті Қапекең. Ойында ештеңе жоқ, тыва отыра қалып, оқушы дәптерінің парағына: Алдым, мың сом, бердім жүз сом, - деп жазып ұсынады. Жақсы болды, ендеше!, - деп қағазды қойнына тығып алып жүре береді. Артынан қуа жеткен тыва: 

 

- Қағазымды бермейсің бе? - дегенде Қапекең қатуланып: 
 

- Алдым мың сом, бердім мың сом. Енді алдың мың сом, бердің мың сом. Фактісі қойнымдағы қағаз. Тоғыз жүз сомымды сұрап сотқа сүйремей тұрғанда, тайып тұр! - деген екен.

Самые читаемые