Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

№11. Қасірет


Алты перделі көп көріністі трагедия              

 

                 Қатынасушылар:

                            

                           Әлихан Бөкейханұв

                           Ахмет Байтұрсынов

                           Сәкен Сейфулин

                           Бейімбет Майлин

                           Ілиас Жансүгіров

                           Міржақып Дулатов

                           Мүстафа Шоқай

                           Мағжан Жұмабай

                           Мұхаметжан Тынышбай

                           Гүлжамал – Бейімбеттің әйелі

                           Фәтима – Ілиастың әйелі

                           Гүлбәһірам – Сәкеннің әйелі

           Оқиғаны хабарлаушы – диектор, тергеуші, жазалаушы, алаш арыстарының балалары, көпшілік.

 

                            БІРІНШІ ПЕРДЕ

 

                           БІРІНШІ КӨРІНІС

 

    Семей қаласы. 1905 жыл. Аспан ала бұлытты. Әуеде аққулар ұшып барады. Әлихан Бөкейханұвтың пәтері. Әлихан қазақтың «Батырлар жырын» оқып отырады. Есік қағып үйге Ахмет Байтұрсын кіреді.

Ә л и х а н (орнынан тұрып, оқып отырған кітабынының бетін жауыпқояды) О – о... Ахмет келдің бе, сөзіңде тұратын керемет жақсы қасиетің бар-ау сенің. Сағат емес, минотты қалт жібермейсің.

А х ы м е т (Әлиханға қарама қарсы отыра беріп) Сөзінде тұрмаған адам кімге болса да опа бермейді ғой Әлеке. Атам қазақ жүйелі сөзге тоқтаған. Берген уәде, серттен таймаған. Осындай қазақ мінезі дарымаған ұрпағының туған халқына мейірі болмайды-ау! Ұлт сатқыны сондайлардан шықпай ма?

Ә л и х а н (басын изеп) Рас айтасың Ахмет, қазақтың «Батырлар жырын» қайталап оқып шықтым, шүңетіне үңілген сайын тереңдей береді екен.

А х м е т. Қайталай оқығанда қандай әсерде болдыңыз?

Ә л и х а н. Ойлап көрсем, жаулары батыр болмаған елден, нағыз батыр шығуы екіталай көрінеді. Қазақтың жау елінің адамдарынан туған батырлары да, өзінің туған халқының амандығын, жерін, мал-жанын аман сақтап қалу үшін, қан кешеді екен. Өзге елді өзіне бағындырып, жерін, байлығын басып алып, өз елін көркейтуге жанын салатын сияқты.

А х ы м е т. Қазақтың жаулары да, өз ішінде біріне-бірі опалы, берекелі болғанда ғана жеңіске жеткен емес пе?

Ә л и х а н. Иә, солай, қазақ халқының тарихында сансыз қан төгіс болғаны мәлім. Берекесі қашқан елдің батырлары да қарсыласынан ойсырай жеңілгеніне тарлан тарих куа! Елдің іштей бүлінуінің басты себебі – туған халқына опасыздық пен жауға сатылып кетушілердің кесрінен. «Батырлар жырын» қайталай оқығанда, соны терең түсіндім.

А х ы м е т. «Ғашықтық жырларындағы» шынайы махаббатты өмір шындығы деуге бола ма Әлеке сізше?

Ә л и х а н. Сауыт киіп, найза ұстаған батырлар да сүйген жарын  жау қолынан құтқару үшін қара басын бәйтіккен. Сүиген жары да, ғашығына опалы болғандықтан, жанын қиған ғой? Қызжібек пен Төлегеннің махаббатын неге шынайы махаббат демейміз?Бірақ мұндай кейіпкерлер шынайы өмірде сирек кездеседі. Олар – ерекше жандар.

А х м е т. Қазіргі адамдардан «Ғашықтық жырларындағы» сияқты кейіпкер шыға қоя ма?

Ә л и х а н. Шықпайды деуге де болмас, қазақ түгелдей жойылып кетпесе, ұлттық мінез бүтіндей өзгере қоймас. Мәңгі жасайды әлі де.

А х м е т. Оныңызға келісемін, Әлеке. Біз де құлдықтың құрығы мойнынан түспей жүрген қазағымызды құлдықтан құтылдыру жолында жігерімізді жанып жатырмыз. Сіз Семей конистуциялық партиясының (кадеттер) мүшесі болғансыз. Оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында, Оралда, Семейде жиналыстар өткіздіңіз. Қарқаралыда патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатынасып, 14500 адам қол қойған петициясын ұйымдастырушылардың бірі болдыңыз. Мұны неге батырлық демейміз?

Ә л и х а н (басын шайқап) Бұл түпкі мақсаттың бастамасы ғана. Батырлық, ерлік шыңының баурайында жүрміз әлі.

А х м е т. Биыл Семей облысы қазақтарының атынан 1- інші мемлекеттік думаға депутат болып сайландыңыз. Оған да қуаныш қып жатырмыз бәріміз. Құйтұрқы саясаттың құйын білу үшін – соның төңерегінен табылу керек қой әрине. Бұл беталысыңыз баянды болса екен. Онді дума жұмысына араласатын боларсыз.

 

                                 ЕКІНШІ КӨРІНІС

 

     Үрейлі музыка естіліп, есік қағылады. Екі милиция кіреді. Түстері суық. Секіре басып, едірең-едірең етеді.

  1. М и л и ц и я (қалтасынан бір бет қағазды алып) Мына қағаз – дала өлкесі генарал – губернаторының жарлығы. Әлихан Бөкейханов үш ай түрмеде отыратын болдыңыз. Павладар абақтысына барасыз...

Ә л и х а н (ажырая қарап) Неліктен қамаламын?

2 – М и л и ц и я. Неліктен екенін біз қайдан білеміз? Біз – бұйрықты атқарушылармыз. Неліктен екенін тергеушіден сұрарсыз.Дайындалыңыз дереу!

Ә л и х а н. Ой, азаматтар-ау, соттың тергеуінсіз, генарал – губернатор жарлық жасамаушы еді ғой? Мұнда бір түсініспестік бар шығар?

1 – М и л и ц и я (Қолындағы қағазды Әлиханға ұстатады. Қағазға Ахмет те үңіледі)

А х м е т. Мұндай да сұмдық болама екен?! Кеше ғана Семей облысы қазақтарынаң атанан 1– інші мемлекеттік думаға депутат болып сайланған адамды арада біршеше күн өтпей жатып, соттың тергеуінсіз, қылмысын анықтамай, абақтыға отырғызуға бола ма? Мұндай заңсыз жарлықты шығаруға генарал – губернатордың батылы қалай барады? Бұл жарлықта бір шикілік бар азататтар...

2 – М и л и ц и я. Шикілік-пикілігіңізді өзіңіз анықтап алыңыз, біз жарлықты атқаруға міндеттіміз.

         (Милициялар Әлиханның қолына кулеткі салады. Асүйден Әлиханның әйелі шығып, оларға қарсылық білдіреді).

Ә й е л (жыламсырап) Әй-й... сендер аты-жөні жоқ, Әлиханды абақтыға апарып қамауға қалайша алып кеткелі жатырсыңдар? Жоғалыңдар ары!

1 – М и л и ц и я (әйелдің кеудесінен итеріп жібеіп) Генерал – Губернатордың жарлығын атқаруға қарсылық жасайтын сен кім едің? Қабаған қаншық!..

    (Әлиханның әйелі милицияның жағасына жармасады. Олар әйелді ұрып жығып, Әлиханды алып кетеді).

 

       Шымылдық

 

                                            ЕКІНШІ ПЕРДЕ

 

                                          ҮШІНШІ КӨРІНІС

 

    Алматы. 1917 жыл, шілде. Күн шайдай ашық. Декорацияда қазақ даласының көрнекті табиғат көріністері байқалады. Көлде жүзген аққулар сыңсып, тоғайда бұлбұл сайрайды. Жиналыс өтетін залға қазақ зиялы қауымы, ақын-жазушылар жинала бастайды.

Д и к то р д а у с ы. Ғұлама ғалым, орман танушы, аудармашы, әдебиет танушы, қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхаметұлы, Бөкейханов 1870 жылы, наурыздың 5- күні Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырау болысының 7- інші аулында дүниеге келген. Ататегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкейхан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, онан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Ол ауылда бастауыш мектепті бітірген соң, Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесін жақсы бітіріп, Омбының техникалық училищесіне қабылданып, оны бітірген соң, Ресейдің астанасы Санк-Петербургке барып, орман шауашылығы институтына түседі. Онда студеніттердің саяси, әдеби, экономикалық үйірмелердің жұмысына араласып, студеніттік толқуларға қатынасады. Екі ғасыр Ресей империясының қоластында отырған халқының ауыр тағдыры оны қатты толғандырады. Халқына білім мен мәдениет қажет екенін сезінеді. Әлихан оқуын тауысып, Омбыға келгенде, Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген көзқарасы қалыптасқан прогресшіл бағыттағы зиялылармен, жер аударылғандармен тіл табысады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, қазақ зиялыларының басын құрап, оысы партияның шағын тобын ұйымдастырады.

      (Диктордың даусы бәсеңдеп, жиналыс залында отырғандар Әлихан туралы «Алаш» партиясы және оның қозғалысы жөнінде ой бөлісіп отырады).

А х м е т (қасындағыларға барлай қарап) «Алаш» қозғалысы саяси ұйым іретінде, осы жолғы қазақ съезде шаңырақ көтергелі отырмыз. Менше «Алаш» партиясының төрағасы болуға Әлихан Бөкейханов лайық. Қауым халқы да оның қазақ үшін сіңірген еңбектерін, арман-мақсаттарын айтып жатыр. Оның алашорда партиясының тізгінін ұстауға қалай қарайсыңдар азаматтар?

М ү с т а ф а  Ш о қ а й (қасындағыларға мойнын бұрып) Мен Ахмет Байтұрсыновтың көзқарасына қосыламын. Алаш партиясына төраға болуға Әлихан лайық әрине. Қазақтың басын оңға қарату жолында жүрегін аузына тістеп жүр Бөкейханов. Сонысы үшін - үш мәртебе түрмеге отырды. Дала өлкесі Генарал – Губернаторның жалығымен, соттың тергеуінсір үш ай түрмеге отырғаннан кейін, Санк – Петербурға кеткенде, дума патшаның үкімімен тарап, соған бола нараздық ереуіліне шыққандығы үшін, Әлихан Санк-Петербурк сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен, тағы үш ай Семей түрмесіне отырды емес пе?

М ұ х а м е т ж а н  Т ы н ы ш б а е в.  Мен де бөтен ойа емеспін. Ахмет пен Мүстафа дұрыс айтады. Алаштың тұғырына әрине Әлихан отыруға тиіс. Қазақ халқының тәуелсіздік алуы үшін – құрбандығына дайын екендігін аңғартады.  Бір кездері қазақ даласында екі ағым болған. Әлихан Семей түрмесінен шыққан соң, Самар қаласына жер аударылған. Ол кездері тек ғылыммен айланысып жүрді.                                                                                                            1916 жылы жераударылу мерізімі бітіп, Самардан Орынборға келіп, қаланың қоғамдық саяси ісіне араласты. Қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланды. Әлиханға алаштың тізгінін ұстатуға Міржақып, Халел, Жаһанша, сендер не дейсіңдер?

Х а л е л (Міржақыпқа бұрыла қарап) Дулатовтың сөзінің жаны бар, алаштың тұтқасын ұстауға Әлекең тұрғанда, өзге кімді қарастырамыз?

Ж а һ а н ш а. Мен де сендердің пікірлеріңе қосыламын, Әлекең лайық төраға болуға.

        (Диктордың даусы қайта көтеріңкі шығып, жиналысқа келгендер үнсіз отырып қалады).

Д и к т о р  д а у с ы. 1906 жылы Әлихан Омбыдан шығатын кадеттік «Голес степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт – Петерборда жарық көрген Менъшевиктік «Товариш» кадеттік «Речъ», «Олово» газеттерінде редакторлық қызыметтер істеді. 1909 жылдан қазіргі 1917 жылға дейін «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істейді. 1911 жылдан бастап «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне аса зор еңбек сіңірді. Қазақ даласында екі ағым пайда болғаны белгілі, бірі - Бұхар мен Түркістан өлкесіне бетбұрған дәстүршіл пансыламизім ағым. Екіншісі - негізінен батыс өркениетін үлгі еткен жаңашыл пантүркісшіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған ойлы қазақ зиялылары тұрды. Халықтың сана-сезімін оятуға олар бар күш-қуатын жұмсады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермеді. Солардың көрсетуімен Әлихан қуғынға түседі. Кешікпей қамалады. Алдымен Семей түрмесіне түсіп, кейін Самар қаласына жер аударылып, ғылыммен айналысқан. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мүсфа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Міржақып Дулатов бастаған қайраткерлер 12 жыл бойы (1905 – 1917 жылдар аралығында) қажырлы еңбек етті. Осы партияның бағдарламалық мақсат-міндеттеріне сай, 1917 жылғы желтоқсанда өткізгелі отырған жалпы қазақ съезі алаш автономиясының немесе қазақ мемілекетін құрғалы отырсыздар. Оның үкіметі алашорданы сайлап, жаңа құрылған мемлекеттің қарулы күштерінің негізі болуға тиісті халық милициясын жасақтау туралы шешім қабылдайсыздар.

     (Бір сәт үзіліс болып, жиналысқа келгендер күбірлеседі. Ахмет Байтұрсынов мінбеге көтеріледі).

А х м е т (залда отырғандарға шарлай қарап) Қадірлі ашаш қайратаерлері, алаш автономиясының немесе қазақ мемілекетінің төрағалығына кімді сайлаймыз?

Ә л и х н (орнынан тұрып) Төрағалыққа Мүстафа Шоқайды сайлайық. Оның өресі жетеді төраға болуға.

М ү с т а ф а (ол да орнынан тұрып) Алаш автономиясы (қазақ мемілекетінің) төрағалығына Әлихан Бөкейханов тұрғанда, өз басым төраға болудан бас тартамын.

М ұ х а м е т ж а н. Ой, Ахмет-ау, енді дауысқа сал, бәріміз бірлікке келіп отырмыз, төраға болуға Әлихан Бөкейханды жөн көреміз.

А х м е т. Ендеше, партия төрағасы Әлихан Бөкейханов болсын дегендеріңіз қол көтеріңыз.

                (Залда отырғандар түгел қол көтереді).

А х м е т. Қарсы дауыс жоқ болса, Әлихан Бөкейханов Нұрмұхаметұлы қазірден бастап, алаш автономиясы – қазақ мемілекетінің төрағас, көсемі болғандығын жариялаймын!

                       

                         (Ду қол шапалақ)

 

А х м е т. Әлихан Бөкейханов төрағаны мінбеге шақырамын! Құрметті ашаш арыстары, енді төрағаның сөзін тыңдайық.                    

Ә л и х а н (мінбеге көтеріліп) Сүйкті ниеттес қандастар! Маған сеніп, алаш автономиясы – қазақ мемілекетінің төрағалығына сайладыңыздар. Алйда, алаштың тізгін-шылбыры жалғыз менің қолымда болады дей алмаймын. Бұл шылбыр-тізгін түгел алаш арыстарының қолында болады. Алаш партиясын құрып, алашорда үкіметін сайлағанда, тіпті өздеріңіз саяси күрес сахнасына шықтыңыздар. Бүгіннен бастап, аса маңызды үш ұлттық мақсат, мүддені атап айтқанда отарлық кезінде жойылып кеткен ұлттық мемілекетті жиырмасыншы ғасыр басындағы геосаяси жағдайда қалпына келтіруді, оның шаңырағының астына халқымыздың атақонысын яғыни этикалық територясын біріктіруде, осылардың негізінде халқымызды отарлық езгіден құтқаруды және реформа жолымен қазақ қауымын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзімізге басты міндет деп қарауымыз керек. Ауқымды стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда, тек ұлт қайраткерлері немесе оқыған көзі ашық адамдар ғана емес, қалың бұқараны да жұмылдыру қажет. Сондықтан да, халыққа түсінікті сана-сезімі мен жүрегіне ұялайтын идия ретінде алаш идиясын түсіндіруіміз аса қажет жалпақ жұртқа.

 

                            (Ду қол шапалақ)

 

Ә л и х а н. Қазақ халқының өзгелер тәрізді руға, жүзге, бай мен кедейге жіктелместен, бәрін алты алаш деп санағанымыз жөн. Қазақты жік-жікке бөлмей, бір тұтас ұлт ретінде қарауымыз қажет. Бұл ұсынылған алаш идиясы – ұлттық бірегейліктің идиологиясы.

 

        (Ду қол шапалақ. Әлихан мінбеден түсіп, өзге алаш арыстарының қасына барып отырады).

А х м е т. Енді, ерікті сөзді тыңдайық. Мұқаметжан Тынышбаиевқа сөз беремін.

М ұ х а м е т ж а н «мінбеге көтеріліп) Жаңа ғана құрған партия – үкіметіміздің төрағасы Әлихан Бөкейханов өзінің «Қазақтар» атты очерігінде : «Алаш» миф болсадағы қазақтың ортрқ атасы деп жазған. «Шыңғыс хан бүкіл мемлекетін төрт баласына бөліп берегенде, Дешті қыпшақты, Сібердің күнбатыс жағын, Сарыарқаны, Еділ-Жайық өлкесін үлкен баласы Жошыға беріп еді. Бұл кезде Жошы ұлысына қараған алты рулы ел бар болатын. Сол алты рудың әр қайсысына бөлек, Шыңғыс алты ұран береді. Әр руға өзіне бөлек таңба, ағаш қос береді. Сол күнде бүкіл Жошы ұлысының ұраны – «Алаш» болыпты. «Алаш» деген сөздің лоғат мағнасы – «отан кісісі» деген сөз еді. Мұны бір ақынның Абылайға айтқан өлеңінен де байқауға болады:

                                      «Тақсыр-ау,ұнатсаңыз, алашыңмын,

                                      Ұнатпасаң, жай ғана алашыңмын» депті.

     Осы өлеңде, «Алаш» - отан кісісі мағнасында. Яғни «Алаш» деген сөздің өзі жайдан-жай таңдалып алынбаған. Алаштың көсемі ұсынған бұл идия халықтың санасына сіңірілгені әбзал.

         (Мұхаметжан мінбеден түсіп орнына барып отырады).

А х м е т. Ендігі ерікті сөздің кезегін Мүстафа Шоқайға берейін.

М ү с т а ф а (мінбеге көтеріле беріп) Қай кезде, қайсы ұлтта болмасын, халық мәдениетінің асқар шыңын, халық санасының шалқар жеңісі мен тұнық тереңін, елінің асқақ арманын, ең жоғары биігін танытатын әпзал есімдері болады. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті басынан кешірген, бодандықтың босқыны болып, осы ғасырдағы жолайырыққа келген қазақ елінің барлық әрі мен мәні, сәні мен сырын, соры мен бағын терең түсініп, түнектен шығар жол іздеген теңдессіз тарихи тұлға болады. Сол тарихи тұлғаға сәтті сапар, ақжол тілеймін! Біз ерейік соңынан!

                  (Ду қол шапалақ. Мүстафа орнына барап отырады).

А х м е т. Ерікті сөз кезегі енді Міржақып Дулатовқа беріледі.

М і р ж а қ ы п (мінбеге көтеріліп) Әлихан Бөкейхановты ұлт-азаттық қозғалысының теуериялық негізін қалаушы ғана деп тану жеткіліксіз. Ол жиырмасыншы ғасыр басындағы қалыптасқан геосаяси жағдайда, ұлт-азаттық күрестің жаңа сапалы формасын, яғыни оның саяси түрін қалыптастырып, күрестің осы түрі негізінде елімізді тәуелсіздікке жеткізудің мақсат, мүдделерін айқындап, нақтылауда қажымас қайрат көрсеткен халқымыздың саяси көсемі десек артық кетпейді.

                                      (Ду қол шапалақ)

 

                                     ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

 

     Үшінші көріністегі жиын залы. 1920 жылы. Алаш арыстары бастарын қосады.

Ә л и х а н. Біз 1916 жылғы маусым жарлығына дейін негізінен оқу-ағарту жұмысымен айналыстық. Істеген шауамыздың дені сол болды. Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсылық танытумен болдық. Біз енді қазақ газетінің төңерегіне халықтың зиялы өкілдерін тұтастырып, ұлттық саяси жолдарын іздестіріп, жас қазақ интелегатциясының демеушілері болуымыз керек. Таптық прнисіптерді емес, тұтастық идияларын, төңкеріс жолын емес, реформа жолын таңдап алдық. Біз Ресей думасына қатынасып, саяси тәжірибелер жинақтаған қазақ интелегеніттері қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселеге ерекше көңіл аударуымыз керек. Ол – автономиялық тәуелсіз қазақ мемілекетінің шаңырағын көтеріп, іргесін мықтылау немесе демократиялық федеративтік және парламенттік Ресей республикасы құрамындағы қазақтың ұлттық териториялық автономиясының керегесін кең жайып, шаңырағын биіктете беру. Мен осы соңғысын құптағым келеді.

А х ы м е т. Алашорда үкіметі совет үкіметі мен болъшебектер идиясын қабылдай алмайды. Алайда, адам факторын екінші орынға қойып, бір жақты револоциялық идия жолын таңдаған болъшебектерге алаш ордалықтардың мұндай саясаты оларға түсініксіз. Өз басым автономиялық тәуелсіз қазақ мемілекетінің шаңырағын биіктете беруді құптаймын.

М і р ж а қ ы п. Мен Ахметтің көзқарасына қосыламын. Автономияляқ тәуелсіз қазақ мемлекетінің шаңырағын биіктете берген жөн.

Ә л и х а н. Екіншіден, халық меншігіндегі жерді жеке меншікке бөлмесек, өиткені: қазақ жерді жеке меншік қып алса, башқұрттарша көрші мұжықтарға сатып, бір жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді. Дінді мемілекеттен бөлген тиімді, себебі – молдалар үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болады. Молдалар үкіметке жетекшіл болып, ере жөнеледі. Біздің қазақ, қырғыр дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісінен бөліп қойған жөн. Алаш зиялылары уақыттық мемілекетті құру арманымызға жақындадық. Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісейік. Бұған Нүрпейсов белсенді кірісіп жүр. Қазір қазақ тарихында бұрмалаулар көп. Тіпті батырлардың өзін – «ел бұзар, барымташыл» дегенге келсек, шын тарихи ғылымға сын. Болашақ ұрпақты тура жолға салуды өзімізге парыз, мойнымызға қарыз санауымыз керек. Шаң басып жатқан шын тарихты жаңалап жазу, оқулықтарды құрастыруға федакоктар қатынасу керек.

А х м е т. Ұлттық автономия туралы сөз етсек, қос үкіметтің алашорда мен Түркістан мұхтариятының автономия құру – ұмытылған құрылымдардың қазақ мемілекеттілігін нығайтудағы ролы орасан зор. Ұлыттың өзін-өзі басқаруы, ұлттық бірлік, ұлттың териториялық жағдайын анықтау сияқты үш мәселені шешуге тырысуымыз ең қажетті. Басты түйін. Бұл жайлы төрағамыз Әлихан да ескертті.

М ү с т а ф а. Алты миллион қазағымыз бар. Сол қазақтың басын бір мемілекеттік құрлымға біріктіруге, қазақтың териториясын анықтауға ұмтылу қажет-ақ. Болъшебектер өздері автономия құрғанда, бұл қос құрылымның нәтижелерімен санасуға жәжбүр болады. Қазақ советтік социялитік автономия кеиін республика болып құрылуы әбден мүмкін. Бұған менің көзім жетіп тұр. Оған дейін, екі автономиялық бастаудың біздің тәуелсіздікке зор ықпалы болып қалар бәлкім.

М і р ж а қ ы п. Түркістан мұхтарияты көп мәселелерді заңдық тұрғыда шеше алады. Сондықтан оны тездетіп, іске асыруды жариялау қажет. Съезге қатынасқан делегаттар түгелдей қолдап ұсынылды ғой.

М ү с т а ф а. Түркістан мұхтарияты біздің автономия екенін әзірше жарияламау керек. Өиткені: бұл менің тәуелсіздікке қасылығым емес, әрине саяси тактика қажет бізге де. Түркістан мұхтарияты тәуелсіз ел болған жағдайда, ары қарай өмір сүру қиын болып қалады. Бұл жағдай алашордаға да қатысты.

Ә л и х а н. Мүстафаның сөзінің де жаны бар. Қазіргі саяси жағдайды терең түсінуге тура келіп тұр. Билік муделін жасауымыз керек. Республикалық бсқаруды қолдамауға амалымыз жоқ. Қазақ хандығында монархиялық жүйе сақталып келді. Төре тұқымынан ауысқан хандық билік, соңғы ханымыз Кенесарыға дейін жалғасты. Алашорда мен Түркістан автономиясы биліктің басқарушысы халық арасынан сайланады. Оның қандай тұқым екендігіне, кімнің мұрагері болуына қаралмайды. Заңда сайлау негізінде жалпы халықтық съез арқылы жанама түрде болса да, сайлау арқылы жасалатын билік муделі жасалады. Ол негізінен президенттік республика құрылу көзделінеді.Оған екі түрлі моделді салыстырып талдау қажет.

М ұ х а м е т ж а н  Т ы н ы ш б а й. Менің ойымша, біріншіден, АҚШ- тағы сияқты президент басқаратын және штаттар құрамы болсын.

М і р ж а қ ы п. Жоқ, біз ұлыбритания мен Индістанның байланысы сияқты Ресеймен байланыс жасасақ қайтеді? Біз республикада кең тараған республикалық муделді таңдағанымыз жөн ғой деймін? Әділ сайлау өтетін, халықтық басқаруы бар, парламенті мен үкіметі жасақтаған моделдерді үлгі етсек тиімді болар. Біз өзімізді сонау сах, ғұн, үйсіндердің, түркілердің бергі қазақ хандығының тарихи мұралерлеріміз деп санағандықтан, алаш аптономиясының заңды мұрагеріміз. Оған тарихи және хұқықтық жағынан толық негізіміз бар. Себебі: біз қазір сол територяда тұрмыз. Сол халықпен осы жаңа сипатты мемілекет құрдық. Демек өзімізді алашорда мен Түркістан автономиясының заңды мұрагеріміз деп айта аламыз.

І л и а с. Қытаймен арадағы шегара бұрыннан Ресей патшалығы мен Қытай келісімі арқылы анықталған болатын. Қазақстанның шегарасын анықтауда қазіргі ең қиын шаруа – бұрын Ресеймен арадағы шегара анықталмағандығы.

С а к е н. Шегара бөлісіне алашорданың зиялы қауымы қаншалық атсалысқанымен, түпкілікті шешім шығару қазір Мәскеудің қолына өте бастады. Сондықтан қазақ автономиялық социялистік республикасы құрылмай әл бола қоймас.

Б е и і м б е т. Біз осы, кейін қалай болады деп, қарап тұрмай, кеңес үкіметінің орнауы қарсаңында алаш қозғалысын тоқыратпауыз керек қой. Алаш азаматтары елді оятуға жабал кіріскеніміз жөн. Бәріміз де ұлттық біртұтастық идияны құптап отырмыз. Болъшебектер идиясын қабылдаудан сақтанайық.

Д и к т о р  д а у с ы. Осы кезде алашорданың Түркістан автономиясының ардагерлерінің барлығы Еврупада, Петербуркте, Маскеуде оқыған азаматтар. Олар дүние жүзлік тарихты, дүние жүзлік саяси хұқықтық територияларды, мемілекеттік басқару моделдерін жақсы білетін. Әрі олар кезкелген саясаткерлерден кем білмейтін. Олар сол себепті Еврупада кең тараған моделді жақтады. Алаш арыстарына жөн сілтеп отырған Әлихан Бөкейханновтың еңбегі ұшантеңіз.

 

                                                                                        Шымылдық

 

                                             ҮШІНШІ ПЕРДЕ

 

                                            БЕСІНШІ КӨРІНІС

 

         Алматы. 1929 жыл. Дауыл соғады. Аспанда дауылпаз құйғып ұшады. Әлихан Бөкейхановтың бөлмесінде Ахмет Байтұрсынов бен Міржақып Дулатов, Мүстафа Шоқай келіп отырады.

Д и к т о р  д а у с ы . Патша тақтан құлап, алып империяның саяси билігі күрт өзгеретінін ұққан алаш зиялылары қамдана бастаған. Түркістан мұхтарияты мен алаш автономиясы негізінде армандары жүзеге аса бастаған. 1917 жылғы қазан төңкерісінен соң, 22- қаршада Ташкенітте кеңес билігі орнап, Түркістан халық комисиялары кеңесінің құрылғаны өлкедегі биліктің кеңестер қолына өткені белгілі болды. 14 мүшесі бар, бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтаррының өкілі жоқ еді. Бұған жауап іретінде, «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі» 26- қарашада Қоқан қаласында, 4- түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. 3 күнге созылған съезд нәтижесінде, Түркістан өлкесін – Түркістан автономиясы деп жариялады. Саяси билік Түркістан уақытша кеңесі мен Түркістан халық билігіне өткені жөнінде қаулы қабылданады. Түркістан автономиясы мен желтоқсанда құрылған алашорда үкіметі Ортаазия тарихында елеулі орын алып, блъшевектерге оппазициялық күш іретінде қарсы тұра білген қазақ қайраткерлері Түркістан алаш автономияларын сақтап қалу жолында, көршілес әскери және саяси күштермен, мемілекеттік құрлымдармен депіломатиялық қарым-қатынастар жүргізді. Бұл қимыл-әрекет кеңестер одағының билңк басында тұрғандардың шабына от тастағандай болып, тулата бастады. Олар алаш арыстарының көзін жою үшін, әуелі алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтан бастады.

           (Сахнада күн күркіреп, найзағай жарқылдап, даыл соғады)

Ә л и х а н. Менің басыма тағы ауыр күн туды. Тұтқындалатын болдым.

А х м е т. Не кіна тағып отыр сізге?

Ә л и х а н. КСРО халық комисарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» маған жапқан жалавсы – «1921 жылы Орынборда контрреволоциялық ұйым құрдың. Ортаазиялық пантүркісшіл ұйымның басшысы Валидов пен байланыста болдың. 1627 жылы қазақ даласында қарулы көтеріліс даярлау әрекетіне қатыныстың» дейді.

М ү с т а ф а. Оған қандай дәлел-факіттері бар екен?

Ә л и х а н. Дәлел жоқ, жаламен жазылған бірдеңелер көрінеді. Менің көзімді жоюдың сылтауы ғой баяғы. Соттың тергеуі кезінде факіттесіп көрмесем, басқа амал таппай тұрмын. Мүмкін шегара бөлісін – «бөлектендің» дейтін шығар?

І л и а с. (басын шайқап) Қызылдар саяси билікті қолға алған соң, алаш орданы таратып тынды. Шегара мәселесін қазақ револоциялық комитетінің уағында біржайлы қылды ғой. Қазақ социялистік республикасы құрылғаннан кейін, Ленин мен Калинин қол қойған декреттің шығар тұсындағы 1920 жылғы тамыз айында жасалған шаруа еді. Ал орталық Азиядағы шегаралар онан кейін, 1924-1925 жылдары Ташкеніттегі алаш зиялыларының Орынборға ауысар тұсында әл болмады ма? Шегара бөлісін қалайша алаштың ісі демекші?

Ә л и х а н. Қызылдар сынықтан сылтау іздеп, мені қолға алудың қамын жасап жатыр. Шегара бөлісіне бізден ашаш тұлғалары қатысуымен анықталған ғой? Сол кезде Сұлтанбек Қожанов бастаған алаш қайраткерлерінің біразы Ташкеніттің Өзбекстанның құрамында қалып қойғанына қарсылық көрсеткен болатын. Дегенмен, қалай болғанда да шегара бөлісіне бәріміз атсалыстық Солай болуға тиісті әрине. Шындығында түпкілікті шешімнің Мәскеудің қолында болғаны өтірік емес. Қазақты бәйгеге үкімет басқалармен қатар қосты. Қатардағы жұрттар, комитеттер түзеп, істің тізгінін қолдарына алғанда, қазақ көмитет жасай алмай, қарап отырса қалып қоятын еді. Ескі үкімет қатардан жарамсыз деп, шығарып тасталған. Сонда ақталды. Тең болсақ екен деп едік, теңгермеді. Теңгермеген жержде, кем шықсақ ұят болатын болды. Байқауымша, көмитет құрудағы істен кілтипан тауып, «халықты қарсыластыруға желіктірді» дегілері бар сияқты.

А х м е т. Көмитет құру тұсында, алаш балалары мен ақсақалдарына дейін елдің тыныштығын, бүтіндігін ойлап, комитетке дұрыс адамдарды сайлап, комитет жасауға көлденең тұрып, кешіктіремін деушілер болса, комитеттерге жеткізу керек екенін дәріптеді емес пе? Комитетті қалай жасау жайын, кейін де басылған граждан көмитеттері туралы Торғай обсысной комитеттің шығарған боложениесінен тануға болады. «Жоспармен істелсе теріс болмас, комитет жасап, жұрт реттеліп алса, неше түрлі халыққа, мемілекетке керек істердің бәрін оңай, һам шапшаң істеуге болады. Сондықтан комитет жасауда мән көп. Неғұрлым тез жасасаңдар, солғұрлым игілігін көресіңдер, асығу керек» деп «Қазақ» газетіне де басылмады ма? Қазақ арыстары тәуелсіздікке ұмтылды. Азаттықты аңсады. Сол себебті үкімет үшін біз қауыпты болып отырмыз.

 

                                    АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

 

      Алдыңғы көріністегідей. Әлихан, Міржақып, Ахмет, Мүстафалар сөйлесіп отырғанда, екі милиция есік қағып кіреді.

  1. М и л и ц и я(сомкесінен бір бет қағазды алып) Әлихан Бөкейханов, сізді тұтқындау үшін келіп тұрмыз. Біз – КСРО халық комисиялар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» бұйрығын атқарушылармыз.                                                                   

Ә л и х а н. Соттың тергеуінсіз албаты тұтқындауға бола ма екен?

  1. М и л и ц и я (едіреңдеп) Біз оны қайдан білеміз? Мәскеуге, Бутркаға барған соң, сол жердегі соттың тергеушісімен сөлесерсіз. Жүруге дайындалыңыз Әлихан Бөкейханов! Бұйрықты жедел атқармасақ болмайды, бізге де бас керек!

(Әлихан милиция қолына берген бір бет қағазға үңіле қарап, басын шайқап күрсінеді).

Ә л и х а н. (милицияға шаншыла қарап) Мен үйге барып, киім-кешегімді алуым керек.

М и л и ц и я. Ондай болса, жүріңіз, үйіңізге бастап барып, киіміңізді алуға мүмкіндік берейік, бірақ, отбасыңызда көп аялдауыңызға болмайды.

  •  

М ү с т а ф а. Құдай-тәңір аман көрісуге жазсын Әлеке! «Өгізге туған күн бұзауға да туар» бәлкім...

А х м е т (ауыр күрсініп) Қырына алды-ау қызылдар бізді! Көшбасымыздан бастады тұтқындауды...

М і р ж қ ы п. Әкау, Әлекеңді Алматының соты тергемей, Мәскеудің соты тергейтіні қалай? Мұнда қандай сыр бар?

М ү с т а ф а. Әлекеңнің ел ішіндегі бет-беделінен секем алған қызыл билік туған халқының арасына тұрғызғысы келмеген болар?!...

М і р ж а қ ы п. Әлеке, алла жар болсын сізге! Басқа не деймін?!...

    (Екі милиция Әлиханды бөлмесінен алып шығып, алдыларына салып айдап бара жатады. Ахмет, Мүстафа, Міржақыптар Әлиханның бөлмесінен шығып, өзара сөйлесіп бара жатады).

А х м е т.Ең жаманы - көшбасымыздан айрылдық.Бұрын Ресей патшалығынан көріп едік, енді қызыл одақ қырына алды. Әй, білмеймін, мұның соңы қайдан шығар екен?!

М ү с т а ф а. Қайдан шығады дейсің Ақа, бәрімізді де аяғалы тұрған жоқ мұртты кісі!... Жағажардан құлатып, құйға батырмай тынатын түрі жоқ бәрімізді...

М і р ж а қ ы п. Сталин жазалау саясатын жаңа қырынан бастады енді. Өзі биікте тұрып, нұсқап, өзгелердің қолымен жазалау әдісіне көшті.Жанашырлық, аяушылық дегенің мүлде жоқ. Әлиханның мойнына түскен бұғалық біздің мойнымызға да түспей қоймас түбінде...

                    (Сахна қараңғыласады. Дауыл соғады)

 

                                                                                     Шымылдық

 

                                      ТӨРТІНШІ ПЕРДЕ

 

                                     ЖЕТІНШІ КӨРІНІС

 

   1937 жыл.Маусым. Газетхананың алды. Бейімбетті кісен салып, милициялар алыпбара жатады. Көшеге шыққан қалың ел. Мұңлы музыка.

Д и к т о р  д а у с ы. Әлихан Бөкейхановқа «1921 жылғы Орынборда котрреволоциялық ұйым құрды. 1927 жылы қазақ даласында қарулы көтеріліс жасау әрекетіне қатынасты» деп тағылған жалған айып бойынша, РСФСР қылмыстық кодексінің 58- бабының 24 және 11 – тармақтары бойынша ату жазасына кесуге жарлық шығарды. Әлихан Мәскеуге жер аударылып, бірақ оның ел ішіндегі зор беделінен қорыққан Болъшевиктер үкіметі Әлиханды Қазақстанға жолатқысы келмеді. Маскеуде 10 жыл үй қамауында отырғызып, 1937 жылы тамызда қайра тұтқындап, бір айдан кейін, алғашқы жалған жаламен 67 жасында Маскеуде ату жазасына кесіліп, 27- қыықиекте көз жұмды. КСРО атты алып кеңестікте Әлиханның көзін жоюмен тынған жоқ, 1937 жылы жаппай терорлық қырғындауды жалғастырды. Қазақ даласында бұқпалық, қорқақтық мінез бой көтере бастады. Жазалау саясатының жендеттері құтырынды. Халық жауларын қара халықтың ішінен де тауып, таңба басты. 1937 жылдар басталған қасірет Совет одағынан сырт дүниежүзі мемлекеттерін де шарпыды. Бірінші дүниежүзлік соғыстың нәтижелері әділетсіз үлес бөлісіне, әлемдік жер мен бөлісіне алып келді. Бәсекелес идиялогиялар дүниежүзі елдерін екіге бөліп-жарды. Бір кездері одақтас болған елдер екі түрлі ұстанымның кесірінен іштей жауыға түсті. Меншікке, ежелгі түсінікке қайшы идиологияны өзімн бірге ала келді. 1917 жыл мен 1937 жылдың аралығы социял демократиялық идиология мен капиталистік идиологияның аңысын аңдыған бәсекелес өшпенділіктің әсері Қытайды да шарпыды. Жауласудан ақыры жауыздық туды. Тек бір ғана адамның батыл батырлығымен жеңіске жету бой көтерді. Ішкі қауыпсіздік мекемесі министрлігі, мемілекеттік қауыпсіздік комитеті тек қана Сталиннің өзіне бағынатын КПССОН ның жеке бақылау, барлау, жазалау орталығы құрылды. Сталиннің өзі ғана білетін тізімдерін өзге ешкім білмеді де, бүкіл жазалау органын бастап кетті. Ішкі істер министрлігі де Берия бастаған қауыпсіздік комитеті де көрінбейтін, үшінші бір бақылау, барлау тобының қоластында қалды. Оны Сталин байқамады. «Толықтай жазалау жағын Ягода, Ожов, Берия атқарды»деу айтарға ғана еді. Берия да, Ожов та, Якода да өздерінің бақылауда екенін сезінген. Сталиннің өзі шымылдық артында тұрды. Сталиннің жазалау саясатын қолданған үндеулер Қазақстанда да «Қазақ әдебиеті» сияқты басылымдар да жарялана бастады.

    (Қолдарына газет ұстаған Міржақып пен Мағжанды алқақотан қоршаған бір топ ер-әйел олардан Бейімбетті неліктен қолға алғанын сұрайды)

Б і р  а қ с а қ а л. Құдай-ау мына сұмдықты қалай түсінуге болады азаматтар?! «Қазақ әдебиеті» газетінің бас тедакторы өзі бсқарған газетке халық жауларын әшкерелеу туралы мақаланы, көсемнің үндеуін арт-артынан жарялап еді ғой? Сөйткен Бейімбетті ойламаған жерден өзінің кабинетінде қолға алғаны несі?

М а ғ ж а н (төңергінде тұрған жұртқа шарлай қарап) Жазықсыз қаламгерлерді тұтқындаудың сылтауы табан астында табылып жатпай ма ақсақал-ау?! Маскеуде өлім жазасы атқарылған Әлихан Бөкейханның топырағы жасырынбай жатып, алашорданың өзге азаматтарына құрық көтеріп, бұғалық салды қызыл билік. Бейімбет «Қазақ «дебиетінің» төрт бетінде шпиондық ұйымдарды, зиянкестерді, кісі өлтіруші жауыздарды әшкерелеген мақалаларды басып еді, бүгін бас редактордың өзін қолға алды. Оның бар кінасы жинағындағы бір әңгімесі Троцкиді жиырмасыншы жылдары мақтағандығы екен.

А қ с а қ а л. Ол жылдар Троцки Лениннен кейінгі екінші адам есептелмеуші ме еді? Не деп мақтапты оны Бейімбет?

М а ғ ж а н.Бейімбеттің ол әңгімесінде: «Троцкидің қызыл армиясы жеңістен жеңіске жете берсін!» деген сөйлем бар екен. Сол сөйлем 1936 жылы шыққан кітабында қысқартылмай кетіпті. Осы сөйлем «мақсатты түрде жіберілген» деп айып тағылып отыр Бейімбетке.

А қ с а қ а л. Ойбай-ау, жиырмасыншы жылдар Троцкиді мақтамаған кім қалды? Көсемнің өзі де оған сеніп, билік беріп төбесіне көтермеді ме?

М і р ж а қ ы п. Бейімбет, Троцкидің қателесіп, халықжауы болатынын көріпкел болмаса қайдан мөлшерлесін? Жазалаудың арандату саясатын қолдап-қуаттаған үндеулер 1936 жылғы қазан айында «Алашорду» деген атпен жарық көрген. Онан соң, осы жылдың қаңтар айында орысша газеттерде жарық көріп, Темірбек Жүргеновтың мақаласы оқырмандарды жалт қаратып, тамсандырды. Осындай мақалалар жалған әшкерелеушілерді желіктіріп жатпай ма?

М а ғ ж а н. Бұл жылдың қаңтар айында орталық комитетінің халық жауларын әшкерелеу туралы қаулысы шықты емес пе? Сонан соң, өтірік-шынды әшкерелеушілердің аузына кім қақпақ бола алады? Сол дүрмекке есі кірген балалар мен есін жиған аналарға дейін қолдады ғой оларды? Қаламгерлер де атсалысты сол қаулыға. Бұлардың: «халық жауларын әшкерелеуіміз керек» деген қолдаулары әуелі «Социялистік қазақстанға», кейін өзге газеттерге жаппай жаряланды. Үндеуді, қаулыны бір кісідей қолдаған, халық жауларын әшкерелеген мақалаларды тоқтаусыз басқан «Қазақ әдебиетінің» бас редакторының өзі тұтқындалып отырмай ма? Демек, алашорданың азаматтарына түгел қатер төнді деген сөз...

А қ с а қ а л (тамсанып) Ой, алла-ай! Қазақтың көзі қашан ашылар екен?!...

               (Аспанда аққулар ұшыпбара жатады. Мұңлы музыка)

 

                                СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС 

              

      1937 жылдың тамыз айы. Жазушылар одағының алды. Қаламгерлердің қарасы мол. Ілиас Жансүгіровты кісендеп, милициялар алдына салып айдап бара жатады. Сәкен мен Мағжан екеуі ауаша әңгімелесіп тұрады.

С ә к е н(айдауда кетіп бара жатқан Ілиасқа қарап тұрып күрсінеді). Алашшыл қазақ жазушыларына түгел тықыр таялды Мағжан. Қызыл биліктің қынабынан суырылған қылыш қыржелкемізге төніп тұр. Әлиханның артынан Іллиас Жансүгіров кетіп барады. Біз де кетерміз солардың соңынан...

М а ғ ж а н. Рас айтасыз Сәке, Бұл жылғы репрецияның басталуы тұтқұйыл емес, желісі арыдан басталып тартылған. «Совет одағы жеткен әрбір жеңісіміздің артында, оны көре алмаған қауыпты жаулар бар» деп тісін басып тұр мұртты көсем... Жазалаудың басталуы мен шегі белгілі. Оның түп негізі тұйыққа тірелген мемілекеттік идиялогияда жатыр. Жеке билік бір адамға сүйенген кезде азуға салып шайнаумен аяқталады әрине. Қызылдар ақтарды шайнап бүркіп тастады. Ал Қытай билеушілері Маоцзәдун мен Чанкаиши дің де, Гитлер мен Мусоллинидің де қасіреті осында – биліктің бір ғана адамның қолына шоғырлануында жатыр. Мұндай билік түптің түбінде жақсылыққа апармайды.

С ә к е н. Берия өзі жасаған қинау, мәжбүрлеу машинасының жұмысымен жақсы таныс болса да, бірақ жазалау саясатын кімнің жасап отығанын біледі. Амалсыз жындыкөбелек болып, отқа өзі түсетінін де сезеді. Бірақ амалсыз дәрмен жоқ. Берияның өзіне де қауып-қатер төнсе де, жазалау саясатын белсенді атқарып жатыр. Сол саясаттың құрбандығына шалынатын шығармыз біз де.

               Елес

   (Әлихан Бөкейхановтың алаш көсемі болып, төрағалыққа сайланған кезіндегі оқиғалар Сәкеннің көз алдына келеді.Сахна қараңғыласып, қайтадан жарық түседі. Жазушылар одағының ғимараты алдында қалагерлердің екіден, үштен сөйлесіп тұрғандары көрініс береді)

М а ғ ж а н. ОК – тің үгіт-насихат бөлімін басқарып отырған бүкіл идиологияның серкесі болып тұрған адамдарға да қатер төнетін сияқты. «Билік үшін ең қауыпті адам - жазушы» деген Гюгонің сөзі бар. Қазақ жазушыларының серкесі Әлихан Бөкейхановтан бастап, қауыпті жауларының көзін жоюға кірісті қызыл билік.

     (Қасқыр ұлып, құзғұн құңқылдайды).

 

                                   ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС

 

     1937 жыл, қырықүиек. Алматы. Сәкен Сейпулиннің үйінің маңы. Сәкеннің қолына кулеткі, аяғына кісен салып, милициялар алып бара жатады. Әйелі Гүлбәһрам милициялармен қарсыласады.

Г ү л б ә һ р а м (жылап) Сәкеннің не жазығы бар? Кісі өлтіріп, үй тонап, ұрлық қыппа еді?! Партия, үкіметке қарсы қозғалаң ұйымдастырды ма? Қораға шапқан қасқырдай адамды қой-қозыша ала қашатын не жөндерің бар?

1-М и л и ц и я (Гүлбәһрамды кеудесінен итеріп) Арыз - арманыңды ұлы көсем Сталинге барып айт! Бізде не жазық, бұйрықты атқарушылармыз.

Г ү л б ә һ р а м (күйеуіне таласып) Жібермеймін Сәкенді, әйтпесе мені де кісендеп, бірге алып кетіңдер! Тірі ажырамаймын! Өлтіріп кетіңдер мені!...

  1. М и л и ц и я (Гүлбәһрамды сүйрелеп) Мына бейшара қатын қайтеді?!

Г ү л б ә һ р а м (Милицияны шапалақпен тартып жіберіп) Қаюан! Жауыз!

    (Милициялар Гүлбәһрамды итеріп құлатады. Көшеде көріп тұрғандар араға түсуге батылдары бармайды. Бір кемпір жүгіре басып келіп, Гүлбәһрамның басын сүйейді)

К е м п і р. Сендер тұтқындаған адамның әйелін де жазаламақшы ма едіңдер?!

1-М и л и ц и я. Бұйрықты атқарушылармен неліктен қарсыласады бұл бейшара қатын? Шапалақтайтын баласы ма едік біз?

К е м п і р. Тұтқынның әйелін ұрып жығып, бұйрықты атқар деппе еді бастығың?! Ой, «шаш ал десе, бас алатын» жендеттер!!

С ә к е н (айдауда кетіп баражатып) Құдайға аманат Гүлбәһрам! Өзіңе мықты бол!..

    (Айдаудағы Сәкен ұзап баражатады)

К ө ш е д е г і л е р:

- Бұл недеген сұмдық! Қазақ жазушыларының түбіне жетпей тынбайды-ау деймін мыналар?!

- Қаламгерлердің қасіреты – елдің қасіреті ғой!..

- Ақтан құтылып, қызылға қарағандағы күніміз осы болды иә!..

- Кісі қолына қараған соң, көретін күніміз осы...Кісінің кілті аспанда... 

- Ойбай-ау, бұл ақын-жазушылар нені бүлдірді?!- Олардың бүлдірген-сүлдіргеніне қарап жатқан заң жоқ болып тұр ғой бұл күнде. Өзге жұртты құлдыққа ұстау үшін – секіріп алдыға шығатын серкелерін қасапханаға апармай ма?

- Ақын-жазушыларды тұтқындағанымен қоймай, тарпа бассалып ататынды шығарды.

- Мақсат – атып көзін жою емес пе, Әлиханды аямағанда, өзге қйсы ақын-жазушыны аяйды дейсің.

         (Сахнада құйын тұрады)

 

                           ОНЫНШЫ КӨРІНІС

 

1937 жыл. Қазан. Алматы. Жазушылар одағының алды. Соңғы толқында жиналыстан шығып, қаламгерлер үштен-төрттен әңгімелесіп тұрады.

Д а у ы с т а р:

- Қазіргі жазушылар одағының төрағасы Мұхаметжан Қаратаев аса көңілсіз ғой бүгін? Партиядан, жазушылар одағының мүшелігінен шығарылған қаламгерлердің атын атауға аузы әрең барды.

- Сөйтпегенде қайтеді, бар бетке ұстаған атақты жазушылар Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұханнов, Ғабит Мүсіреповтар жазушылар одағының мүшелігінен, партиядан шығарылды. Мұхтар өмірбойы партияға кірмеген екен.

- Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейпулин, Ілиас Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабайлар арт-артынан тұтқындалды. Олардың күні неболарын құдай білсін!...

- Партидан, жазушылар одағының мүшелігінен қуылған атағы алатаудай жазушыларға шара көруге Мұхаметжан Қаратайдың құдіреті қалай жетеді? Ұлыкөсемнің бұйрығын жарялауға ғана дүркіні барып отырмай ма оның.

- Ұлыкөсемнің оң қолы болып тұрған Мырзаян бұйрық беріпті ғой Мұхаметжан қаратайға. «Партиядан, жазушылар одағының мүшелігінен Мұхтар, Сәбит, Ғабиттерді қуалауды жазушылар одағының жиналысында жарияла» деп бұйрық берілсе, жаряламауға амалы қанша Мұхаметжанның? Оған да бас керек қой?

- Әлихан Бөкейхановтан кейінгі жазалау науқаны басталысымен, ең әуелі тұтқын болған Бейімбет Майлин ғой, оған тағылған басты кіна – жинағына кірген бір әңгімесінде Троцискиді мақтағандығы үшін болсын-ақ, ал, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан жұмабай, Сәкен Сейпулин, Ілиас Жансүгіровтардың кінасы не? Оладың не үшін қолға алынғанытуралы төрағамыз Мұхаметжан Қаратайев ауыз ашпады ғой?

- Оларға қандай кіна тағылғанынан Мұхаметжанның хабары да жоқ шығар? Тұтқын жазушыларға қандай кіна тағылғанын мұртты көсемнің өзі ғана біледі-ау, менің ойымша.

     (Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтар сүмірейіп, жазушылар одағынығ алдынан өтіп бара жатады).

Д и к т о р  д а у с ы.Берия, Мырзаяндарды алдыға салып, өзі олардың артында тұрып, алаш арыстарын қудалау, тұтқындау Сталинның аса тереңге жасырынған саяси тактикасы болды. 1937 жылдардағы жаппай терор ұлттық болмысты өзгертіп, қаламгерлерді бұқпантайлық пен қорқақтық мінезге тап қылды. Жазықсыз жазалап, тұтқындап жатқан алаш арыстарына арашашы бола алмады. Бір жылдың тоғыз айында немесе 1937 жылдың наурыз айынан басталған тұтқындау Бейімбетті тамыз айында, Ілиасты қырықиок айында, Сәкенді қазан айында, Ахмет пен Мағжанды бірінің соңынан бірін тұтқындап, абақтыға қамады. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтарды да тұтқындаудың дайындығы еді. 1937 жылдың қазан айында өткен пилономдаОК-тың үгіт-нәсихатбөлімін басқарып отырған бүкіл идиологияның бас серкесі Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтар жазаланып, Мұхаметжан Қаратаев, Дихан Әлілов, Әлжапар Әбішовтар отбасылық себептермен ұсталмай қалды. Ғабит Мүсірепов қазан айында партиядан, жазушылар одағының мүшеліген қуылғаннан кейін, оның бір шағын әңгімесі «Правда» газетіне аударылып басылған. Сол газетке шығармасы шыққан қаламгер Сталинге қатысы бар делініп қаралады екен. Себебі «Правда» - Сталиннің сөзі «Правдаға» шығармасы басылған адам ұсталмайды. Ал, Ғабит Фадейев арқылы Москуаға жүріп кетіп, демалыпты. Осы жағдаймен оның жаны қалған.

    (Аспан бұлыңғыр. Қарға қаңқылдап, сауысқан шықылықтайды)

 

                                                                                      Шымылдық

 

                                БЕСІНШІ ПЕРДЕ

 

                             ОНБІРІНШІ КӨРІНІС

 

     1937 жыл, қараша. Алматы. Қала сырты. Сәкен Сейпулинді кісендеп, екі милиция желкесінен тұқырта басып, оны ататын жерге алып келеді. Алаңға қалың ел жиналған. Сахна күңгірттеніп, қараңғыласа бастайды. Сәкеннің әйелі Гүлбаһрам белі бүгіліп, өксік атып жылап тұрады. Қарашаның үскірік желі азынап соғады. Құзғұн құңқылдап, қасқыр ұлиды. Атылған мылтық даусы естіледі. Сәлден соң, сахнаға жарық түседі. Қанға боялып, жығылып жатқан Сәкен ақтық ірет көзін ашып, қайта жұмады.

                        Елес

    (Жаны үзіліп бара жатқан Сәкеннің көз алдына алаш арыстарының бас қосып, Әлихан Бөкейхановты төраға сайлаған жиналыс, өзін тұтқындағанда әйелі Гүлбаһрамның милициялармен қарсыласып шапалақ ұрғаны, олардың өзін сүйрелеп құлатқаны көз алдына келіп, Сәкен қорқырап жатып көз жұмады. Гүлбаһрам күйеуінің өлі денесін құшақтап жылайды).

А й н а л д а ғ ы  да у ы с т а р:

- Қазан айында тұтқын болған Сәкен Сейпулинді қараша айында атып салды ғой, Сәкеннен бұрын тұтқындалған Бейімбетті қайтер екен? Жаны қалар ма, жоқ, кім біледі?..

- Әй, Әлихан мен Сәкенді аямағанда, Бейімбетті аяйды деймісің?!..

- Жазушы біткеннің бәрі- халық жауы болып бара ма немене?

- Мына қалпында ол да болмай қоймас...

- Мхтар, Сәбит, Ғабиттарды да қудалай бастамады ма? Партиядан, жазушылар одағының мүшелігінен қуалапты оларды.

- Сәкеттннің сүйегі де қылмысты емес шығар, жүріңдер, сүйегін қорламай, алып кетейік , арулап жерлейік марқомды.

    (Бірнеше адам Гүлбаһрамды Сәкеннің мүрдесінен ажыратып, сүйегін алып кетуге әрекеттенеді.Сахна қараңғыласады).

 

                              ОНЕКІНШІ КӨРІНІС

 

     1937 жыл, қараша. Алматы. Жазушылар одағының құрылысы маңы. Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабайды Милициялар кісендеп алып бара жатады. Соны көріп тұрғандар тым үрейлі бейнеде.Мұхаметжан қаратаев бастаған қаламгерлер мен қала тұрғындары тұтқындалған Ахмет пен Мағжанның бейнелеріне, милициялардың қылығына көз жүгіртіп, қарап тұрады. Өзара ойларын айтысып, сырласады.

Д а у ы с т а р:

- Ойпырмау, бір жылдың ішінде жазушы біткенді түгел тұтқындап, жандарын жаһаеамға жібере ме немене?! Кеше ғана Сәкен Сейпулинді өлім жазасына кесіп, жедел атқарып еді, міне бүгін Ахмет Байтұрсын мен Мағжан Жұмабайды тұтқындап алып бара жатыр. Сұмдық-ай!

- Мұртты көсемнің қаһары – қарадауыл болып соғып тұрғанда, қазақ қаламгерлерінің тағдыры қанды жұтқа тап болғалы тұр.

- Бұларды да ататын шығар?

- Құдай-ау, енді тұтқындаған қаламгерлерді марапаттап, көкіректеріне алтын өрден таққалы алып бара жатыр деймісің? Атады, айрылдық мәңгілік арыстарымыздан.

- Қайран қасқа мен жайсаңдар-ай!...

   (Сахнада қарлы дауыл тұрады. Дауылпаз саңқылдайды).

 

                        ОН ҮШІНШІ КӨРІНІС

 

     1937 жыл, желтоқсан. Алматы. Тергеушінің кабинеті. Бейімбет Майлиннің әйелі Гүлжамал тергеушінің алдында қарама-қарсы отырады. Оның ерте келген баласы қасында болады.

Т е р г е у ш і (Гүлжамалға түйіле қарап) Иә, тыңдап отырмын, Гүлжамал қаным, не айтқалы келдің?

Г ү л ж а м а л (жыламсырап) Бейімбет абақтыға қамалғалы кезіктірмедіңіздер, ауыстырып киетін киімдерін, біраз үйдің дәмін әкеліп едім. Баласы екеумізді күйеуіме кезіктіруді талап етемін. Қалай дейсіз тергеуші мырза?

Т е р г е у ш і. Бейімбетті қалай басқару туралы шешім шқпай тұрып, сендерді кезіктіре алмаймын. Кешір қаным! Алып келген киімдері мен әкелген тамағыңды тастап кет, түрме күзетшісі тапсырып береді.

Г ү л ж а м а л(тістеніп) Тергеп болған жоқсың ба әлі? Не қылмысы бар екен оның?! Контрреволоциялық қозғалаң тудырып, қантөгіске бастамашылық істеп пе?

Т е р г е у ш і (Гүлжамалға шатынай қарап) Тергеушіні тергейтін хұқықты кім берді саған? Күйеуіңнің не қылмысы бар екенін, шешім шыққан соң білесің.

Г ү л ж а м а л. Ей, сенде адамгершілік, қайырым-мейірім деген болмай ма? Тірі жесір әйел мен тірі жетім бала келіп отыр алдыңа. Бізді кезіктіріп қойсаң, бірдеңе бүлініп кетеме?!

Б а л а (өксіп жылап) Ағатай, әкемді сағындым... Көрсетіңізші әкемді!...

Т е р г е у ш і (ақырып) Сөз ұғасыңдар ма, шешім шықпай тұрып, кездестіруге болмайтынын айттым ғой?!

    (Гүлжамал өзі отырған орындықпен тергеушіні қосқолдап періп қалып, шалқасынан түсіреді Сыртта бақылап тұрған милтциялар Гүлжамалды соққының астынан алады. Араға түскен баланы да шырылдатып ұрады).

 

                              ОН ТӨРТІНШІ КӨРІНІС

 

    1939 жыл. Ақпан. Алматы. Қала сыртындағы алаң. Бейімбет майлин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабайовтарды кісендеп, алаңға алып келеді. Бұл араға ел мол жиналады. Тұтқындарды көрген жұрт тым үрейлі.

А й н а л а д а ғ ы  д а у ы с т а р:

- Ой, тауба! Мыналарды да ататын болды. Жазушылар биліктің көзіне шыққан сүйел болды ғой!..

- Атпаса, мұнда кісендеп әкелеме? Көріп тұ, атады қазір...

- Бейімбеттің әйелі Гүлжамал көрінбей ғой? Күйеуі атыларда көріп қалса болар еді, ол байқұс неге келмеді екен?

- Гүлжамал тергеушіні өзі отырған орындығымен ұрғандығы үшін – жер аударылып, Қарағанды лагеріне әкетіпті дейді. Қазір қамауда екен.

- Бәсе, әйтпесе елден бұрын келер еді мұнда. Балаларын қайтіпті?

- Қайтушы еді, байқұс тірі жетімдер қайыр тілеп қаңғырып жүрген көрінеді.

- Ілиас Жансүгіровтың әйелі Фатима келіпті, бірақ оның күйеуін бұл жолы атпайтын сияқты...Мұнда әкелмепті...

- Оны да ататын кезегін келтірер қанішерлер!

    (Сахна қараңғыласады. Қасқыр ұлып,қарға қаңқылдап, құзғұн құңқылдайды.Үш ірет атылған мылтықтың даусы естіледі.Сахнаға қайта буалдыр жарық түседі. Ахмет, Бейімбет, Мағжандардың қанға боялған өлі денелері қанық көрінеді.

Д а у ы с т а р:

- Па - а – а!.. Қайран ардагер арыстарымыз-ай! Туған халқыңның қамын ойлап, құлдықтан құтылдырмақшы болып, қанға боялдыңдар-ау! Қайран Ахмет, Мағжан, Бейімбет-ай!..

- Елдің қасіреті – ердің қасіреті! Есіл ерлер елі үшін қиды міне жандарын!..

- Алаштың туын көтерген ақын-жазушыларымыздың түбіне жетті ақыры. Тағы кімдердерге көз тігіп отыр деші қанішерлер?!

     (Ахмет, Мағжандардың әйелі мен жақындары шұрқырап жылап, қанға боялып жатқан адамдарының қасына барады. Бейімбеттің мүрдесіне ие болатын ешкім байқалмайды).

Д а у ы с т а р:

- Күйуінің тірі кезінде тергеушіні орындықпен ұрып жыққан Гүлжамалды жазалап, Қарағанды лагеріне жер аударып жіберіп еді. Бейімбеттің сүйегіне ие болуға туыстарының батылы бармай тұр ма құдай-ау?! Бұлары несі?

- Ел-жұртпыз ғой, неге ие шықпайды Бейімбеттің сүйегіне?! Жүріңдер біз ие болып, жерлейік арулап. Жаназасын шығартайық молда тауыып....

     (Екі-үш адам Бейімбеттің сүйегінің қасына барады).

Д и к т о р  д а у с ы.1938 жылдың ақпан айында ұсталғандар жаппай атылды. Сол жылы ұсталғандарды. Кешіктірмей, көзін жою туралы қаулы шығып, арт-артынан атқарылды. Осы жылдар жазушылар одағының төрағасы болып тұрған Мұхаметжан Қаратайевтің өзіне де қатер төнді. Ол Мырзаянға барып: «Қазақ әдебиетінде жазушы қалмады» дейді. Сталинге: «Сіздің берген тапсырмаңызды орындап жатырмыз. Бірақ енді осы науқан осы күйінде қете берсе, қазақстанда жазушы қалмайды. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов сияқты атақты жазушыларды қайтеміз?» деп хат жазады. Сол хатты жеткізген Мырзаянның өзі сол жылдың көктемінде москуаға кетіп бара жатқан жолда ұсталып, абақтыға қамалады. Билік үшін ең қауіпті жаужазушылар болғандықтан - үш жазушының кем дегенде, екеуі ұсталды осы тұста.

            (Сахнада дауыл тұрады)     

 

                         ОН БЕСІНШІ КӨРІНІС

 

      1938 жыл. Наурыз. Алматы түрмасінің бір камерасы. Қамауда жатқан Ілиас Жансүгіровтің аураяқ әйелі Фатима оның қасына келеді. Түрме кілітшісі қару ұстап, есіктің сыртында тұрады.

І л и а с (басын изеп) Фатима, менен мәңгі айрылатын болдың. Мені де өлім жазасына үкімімді шығарып қойды. Не айтамын, өзіңе-өзің мықты бол! Құрсағыңдағы баланың аман-есен дүниеге келуіне көңіл бөл! Артымда бір ұрпақ қалсын.

Ф а т и м а (жыламсырап) Мен сенен қайтіп тірі қаламын Ілиас-ау?!

І л и а с. Сен тірі қалуың керек Фатима, ұрпағымыз үшін өмір сүр! Түсімде бүркіт ұстап жүріппін, Сен ұл табасың. Атын Болат деп қой. Заманына болаттай берік болсын. Бұл бала ешқашан жазушы да, зиялы да болмасын! Жазушының көрген күні осы ғой міне... Тірі жүрсін әйтеу өзіңе алданыш болып. Етікші етіп қарапайым касіпке баулы.

    (Есік сыртында аңдып тұрған кілітші ішке кіреді)

К і л і т ш і. Сіздерді кездестіру уақыты бітті жеңгей. Енді аялдамай қайтіп кетіңіз.

Ф а т и м а (еңіреп) Енді сені көре алмаймын ба Ілиас?

І л и а с. Үкім атқарылғанда көресің тағы. Қош-қош Фатима жан!..

Ф а т и м а. Қо...ш...жаным!..

     (Кілітші Фатиманы түрме камарасынан шығарып, есікке құлпы салады. Зарлы музыка, күңіренген күй естіледі).

 

                           ОН АЛТЫНШЫ КӨРІНІС

 

     1938 жыл. Наурыз айының соңы. Алматы қаласының сыртындағы алаң. Ілиас Жансүгіров Бастаған төрт тұтқынды кісендеп, алаңға әкеледі. Осы араға жиналған жұртпен бірге Ілиастың әйелі Фатима да келіп тұрады. Атылатындарға ашынған жұрт күбірлесіп сөйлеседі.

Д а у ы с т а р:

- Бұл жолы Ілиас Жансүгіровті де атқалы әкеліпті-ау, е!

- Фатима байқұс екіқабат екен, күйеуі атылғанда шошып қалып, түсік тастап жүрмесе де!..

- Ол келмесе де болғандай екен.

- Келмей дәті қайтіп шыдайды? Көзі тірісінде көріп қалу керек қой.

- Қызыл билік жазушыларды қынадай қырып бітетін болды.

- Ілиастан өзге үшеуі қазақ емес қой, Троцискишіл орыстар болуы мүмкін.

- Ақтардың қалтарыста қалып қалғандары болуы да мүмкін.

- Біреуі неміс сияқты.

- Бәлкім...

    (Сахна қараңғыласады. Төрт мәртебе мылтық даусы естіледі. Тағы да қарға-құзғын құңқылдап, сәл кідірістен соң, сахнаға қайта күңгірт жарық түседі. Қанға боялған Ілиясты әйелі Фатима құшақтап өкіріп жылап жатады). 

 

 

                                                                                       Шымылдық

 

 

                                  АЛТЫНШЫ ПЕРДЕ

 

                               ОН ЖЕТІНШІ КӨРІНІС

 

      1939 жыл.Алматы.

Д и к т о р д ы ң  д а у с ы. 1938 жылы қаңтарда, орталық комитеттің жаңа қаулысы шықты. Ол қаулы партия ұйымдарының коммунистерді партиядан шығарудағы қателіктері БКП-дың партиядан шығарылғандардың формалды «бұюрогіраттық қозғалыс туралы және бұл кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар туралы» деп атады. 1937 жылы халық жауларын кімдер әшкереледі? Кім ұстап берді? Кімдер көрсетті? Кім әшкерелемекші болып, мақала жазды? Соладың өзін әшкерелеу туралы жаңа науқан басталды. Ягоданың өзінен бастап, тоғыз ай бойы халық жауын әшкерелегендердің өзінің көзін жою әрекеті қарқын алды. Енді Сәкен, Бейімбеттерді, Ілиасты, Мағжанды кім көрсетті? Олар туралы кімдердің қарсы мақаласы шықты? Енді солар ұсталды. Оларды қамап, жазалап болған соң,1937 жылдың басында тағы да бұл жазалау саясаты қате жүргізілді болып, бақылау одан ары күшейтіле түсті де, тағы жаңа қаулы қабылданды. Енді алдыңғы саясатты атқарушы болған Ежовтың өзі бас болып үсталып, 37-38-39 жылдар ішінде үш министрдің көзін бірін-бірі жойды. Бұл үш іреткі қаулыдан кейін, бүкіл совет үкіметінде бас көтерер адам қалмады. Сол тазалау кезінде, адамгершілік те, саяси ұстаным да, аяушылық та болмады. Неге ұсталғандар бірден атылды? Неге көзі тез жойылып, екінші науқан басталды? 1938 жылы шыққан қаулы негізінде 1937 жылы ұсталған Сәкендер, Бұхариндер ақталу керек еді, олай болмады. Жаңа қаулы күшіне енгенше, 1938 жылдың ақпан, наурыз айларында ұсталғандар шұғыл атылды. 1939 жылғы қаулыда, 1938 жылы ұсталғандарды біржайлы етті.

               Елес

    (Алаш арыстарының ұсталған, атылған көріністері декорацияда көрінеді)

Д и к т о р д ы ң  д а у с ы.Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабайлар тұтқындалған кезде, Мұқтар Әуезов та ұсталуға тисті еді, егер ұсталса, атылатын еді. Сәбит, Ғабиттер де ұсталатындардың тізімінде бар болатын. Жаңа қаулы шыға қалып, жандары қалған. Биліктің бірінші жауы – жазушылар болғандықтан, Сталин үшін де басты жау – жазушы болды. Ел басына түскен қасірет – ұсталғандардың әйелдерінің жанына батқан жарақат еді.

    (Декорацияда қаңғырып қайыр тілеп жүрген 3 бала көрініс береді.Қарағанды лагерінде қамауда жатқан Гүлжамалды түрме кілітшісі сырқа алып шығады).

Г ү л ж а м а л (кілітшіге) Мені қайда апарасың інім? «Түсі жылыдан түңілме» деп түсің жылы екен шырағым!

К л і т ш і. Сізді жер аударып, Қарағанды лагеріне алып келгелі түрме бастықтары сыртқа шығартпады. Бүгіннен бастап, түнде қамауда болып, күндіз лагердің қойын бағатын болдыңыз жеңгей. Қазақтың кең даласында еркін еңбек етудің қадірін қамауда жатқанда білген шығарсыз? Менің міндетім – түрме кілтін ұстау ғана. Бастықтың бұйрығы бойынша жұмыс істеймін...

Г ү л ж а м а л. Рахмет інім, жасың ұзақ болсын, жаның ашып тұр жазықсыз тұтқынға. Әйел басыммен көптен бері қараңғы түрмеде жаттым. Балаларым қайыр тілеп тентіреп кетті. Әкелері атылып, шешелері тұтқын болып, қамауда болса, қайыр тілемей қайтеді балалар?

    (Гүлжамал абақтыдан сыртқа шыққанда, Қарағандының аспанында тізіп ұшқан тырналарды көріп, соған күнсалып қарайды)

Г ү л ж а м а л (өзіне-өзі) Ой, жалған дүние-ай! Бейімбет атылудан аман қалса, ақталып аман шығарма еді күндердің бірінде бәлкім? «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деп тегін айтпапты-ау бұрынғылар...

    (Маңыраған қой-қозінің даусы естіледі. Ит үріп, қасқыр ұлиды).

К і л і т ш і. Сіз бағатын қойлардың даусын естіген шығарсыз Гүлжамал жеңеше? Қойға шабатын қасқырлар да жоқ емес. Қой баққанда қолыңыздан сойыл тастамай, сақ болыңыз!

Г ү л ж а м а л. Мен қасқырдан қоықпаймын, кең далада ержеткен ауыл қызымын ғой...

Д и к т о р д ы ң  д а у с ы. 37-38-39 жылдар ел басына түскен қасірет – ербасына түскен қасірет болды. Ердің басына түскен қаірет – әйелдердің де басына түскен қасірет еді. Жене олардың ұрпағының басына түскен қасірет екенін еске алсақ, ел өксігі өмір бойы тиылмайды. Ол терорлық әйелдердің маңдайындағы бес елі сорына айналды. Бұл, біріншіден, әйелдің азаматша адам іретінде қорлануы, екіншіден, әйел ретінде қорлануы, үшіншіден, ана ретінде қорлануы еді. Олар жазықсыз атылған ерлері үшін де, өздерінің еркінен тыс қорлануы үшін де, панасыз қалған балалары үшін де күйікті бірдей тартты.Тергеушіге қарсы шығып, «бұларың әділетсіздік» деп, олардың жендеттктерін айтқандығы себепті Бейімбеттің әйелі Гүлжамал сүргін болып, абақтыға қамалды. Ол қарапайым, оқымаған, мінезі кең, ашуы тезқатар, өмірдің қиынына төзімді, қайтпас жүректі әйел еді. Қойға шапқан қасқырды да сойылмен ұрып жығыпты.

   (Декорацияда қойға шапқан қасқырлар, сойыл ұстаған әйел көрініс береді. «Саржайлау» күйі күмбірлейді).

 

                                 ОН СЕГІЗІНШІ КӨРІНІС      

 

     Семей қаласы. Ауаша көше. Гүлжамал қайыр тілеп, қаңғырып кеткен үш баласының біреуін көрген бір таныс әйелмен кезігеді.

Т а н ы с  ә й е л (Гүлжамалмен құшаөтасып)  Жаным-ау қайдан келесң Гүлжрмал?  

Г ү л ж а м а л . Қарағанды түрмесінде жатқанымнан хабарың бар шығар сенің?

Т а н ы с  ә й е л. Иә, оны естігенмін. Тергеушіні орындықпен ұрып, соған бола жер аударылып барағансың ғой Қарағанды түрмасіне.

Г ү л ж а м а л. Қоянды маңындағы Қарасұр көлінің жағасындағы лагердің қойын баққанмын абақтыдан шығып. Сол қойларды Семейдің қасапханасына жаяу айдатып әкелтті маған бастығым. Қайыр тілеп кеткен балаларымды іздеп жүрмін Семей көшесінен.

Т а н ы с  ә й е л. Ой, сенің бір балаңды жаңа ғана осы көшеден көргенмін. Ауаша кезігіп қалғанда, ішетін-жейтін бірдеңе беріп қоямын... Үйге кіргізіп алайын десем, «тап жауының баласын бауырыңа тарттың»деген пәлеге қаламын. Аңдушылар артымызда...

     (Гүлжамал таныс әйелмен сөйлесіп тұрғанда, оның қаңғып жүрген баласының біреуі шешесін көріп қалып, қасына жүгіріп келеді. Гүлжамал баласын құшақтап, боталап жылайды).

Б а л а с ы (өксіп) Апа, сен қайда кетіп қалдың? Сені қатты сағындым!..

Г ү л ж а м а л. Атылған әкеңнің арасына түсіп, тергеушімен соғысамын деп, жер аударылып, Қарағандының түрмесіне отырып келдім ғой балам. Осы жолы лагердің қойын айдасып келгенмін Семей қасапханасына. Сені кездестіріп қаламынба деп, көшеде кележатып, мына апаңмен ұшырасып қалдым. Бұл апаң сенімен ұшырасып жүргенін айтып тұрғанда, өзің келе қалдың құдай оңдап. Қара-жаным, қарғам-оу, сендерден айрған жексұрын жендеттер ғой!..

Б а л а с ы. Енді мені тастап кетпеші апатай! Қайыр тітеп қалдық қаңғырып...Біздің отырған үйіміздге бөтен бір орыс кіріп алыпты. Барсам ұрсып қуып жібереді шошқаның мегежініндей былшиған семіз әйел...

Г ү л ж а м а л. Кетсем де, өзіммен бірге алып кетемін сендерді. Мен түрмеден шығарып лагердің қойын баққызып қойған. Сені тауып алғаным қандай көрім болды! Енді екі баламды тауып алсам, сендерден өлсем де ажырамаспын!

Б а л а с ы. Қатты сағындым апа сені!..

Г ү л ж а м а л. Мен де!..

Т а н ы с  ә й е л. Бала деген – бауыр ет қой Гүлжамал, ананы бауыр етінен айрған заманға не айтамыз?!..

     (Зарлы музыка. Аспанда аққулар ұшып бара жатады).

 

                             ОН ТОҒЫЗЫНШЫ КӨРІНІС

 

     Көкшетау қаласы. Сәкен Сейпулиннің «әйелі Гүлбаһрам шетінеген екі жасар жалғыз ұлы Аянды тірі бала сияқты қып, арқалап келе жатып, Бір таныс әжейге кезігеді.

Ә ж е й. Ой, Гүлбаһрам, жаным-ау қайдан келесің? Сәкен атылғалы сені көрмедім ғой?

Г ү л б а һ р а м. Апа-ау, жалғыз ұлым Аянның бір жасқа толғанын қуаныш қып, атап өтпек болып жатқанымызда, Сәкен ұсталды. Кешікпей атылды. Үкім атқарылған соң, мені Семейден Ақмолаға айдады жер аударып. Екі жасқа толғанда Аяным шетінеді. Оның өлгенін білсе, жендеттер жерлетпей алып алатын болғандықтан, баламның

мүрдесін тірі бала сияқты қып, арақалап келе жатырмын апа.

Г ү л б а һ р а м (жылап) Сәкен атылғалы көрмеген қорлығым жоқ апа!

Ә ж е й (көзіне жас алып) Пай-пай, мына заман қайтеді? Ер-азаматтың басына күн туып еді, әйелдерінің, балаларының басына да ауыр күн туды. Қандай қайсар едің Гүлбаһрам! Жүр менің үйіме! Ас-су ішіп тынығып алған соң, шетінеген баланы жуындырып, арулап жер қойнына береміз. Қазасы жеткен соң амал не, біреу ерте, біреу кеш кетеді. Біреу ажалынан бұрын өмірден өтеді Сәкен секілді...

    (Әжей Гүлбаһрамды үйіне бастап барып, өлген баланы біжерге жатқыза тұрып, дастарқан басында екеуі әңгімелеседі).

Г ү л б а һ р а м. Апа, маған жанашырлық жасағаныңызді өмірімнің соңына дейін ұмытпаспын! Жақсылығыңыз менен қайтпаса, Құдайдан қайтар.

Ә ж е й. Мына заманда кейбір адаамдардың пиғылы бұзылып кетті. Адамгершіліктен алыстап барады. «Патшаң соқыр болса, біркөзіңді қысып жүр» депті бұрынғылар. Енбіреулер бір көзін қысамын деп, екі көзін бірдей қысып алып, жүрер жолын таба алмай қалады. «Соқыр-мылқау танымас тірі жанды» дегеннің керін келтіреді. Билік жағы да ұл күнде үрейлі сияқты. Барлық қара қалықтан күманданады. Өздерінен басқаның бәрін жау санайды.

Г ү л б а һ р а м. Сізді де жау санайтын шығар қызылдар.

Ә ж е й. Жау санағанда қандай! Ахмет Байтұрсынов қолға алынған кезде маған: «Ахметтің үстінен арызданып шағым дан» деп қысым жасады. Өтірік айтуға менің арым көтермеді. Нағып Ахмет туралы менің соңыма түсіп алды десем, оны қолға алардың алдында, көшеде кезігіп қалып, бас изесіп амандасқанбыз. Соны аңдушылардың біреуі көріп қалған сияқты. «Халық жауымен байланысы бар, оны көргенде әмпей-жәмпей болады екенсң»дейді мені тергеуші. Мен ахметтің үстінен арыз жазбай қойдым. Мінеки, саяси жазалау- қазақ халқының да, бүкіл әйел атаулының қасіретіне айналды Гұлбаһрам.Соның аяғынан жазаланып, мен де түрмені бір көріп қайтқанмын.

    (Декорацияда бейіт басында жүрген екі әйел көрінеді. Дала торғайы шырылдайды)

 

                          ЖИЫРМАСЫНШЫ КӨРІНІС   

 

      1940-41 жылдар. Түрмедегі әйелдер қамалған камере. Сәкеннің әйелі Гүлбаһрам түрмедегі бейтаныс екі әйелмен бір камерада болады.

1-Ә й е л (ішек-сілесі қатып,Гүлбаһрамды құшақтайды )Өзің еркектердің көзінің құртын қоздыратын керемет сұлу әйел екенсің. Түрмеге ойнасыңның нұсқауымен күйеуіңді өлтіріп түскеннен саумысың?

Г ү л б а һ р а м (жиіркене қабағын түйіп) Ойнасқа бола күйеуін өлтіретін бұзық әйел емеспін мен!

2-Ә й е л(ол да Гүлбаһрамды қосыла құшақтап) Енді нағып келдің түрмеге? Әйтеуір бірдеңе істеген боларсың?Мұнда тегін айелдер келмейді... біз де...

Г Ү Л Б А Һ Р А М. Сәкен Сейпулин деген алашорданың ардагарі болған атақты ақынды естулерің бар ма?

1-Ә й е л. Е, ол халық жауы болып атылмады ма? Сен оның неменесі едің?

Г ү л б а һ р а м. Сол Сәкеннің әйелімін.

2-Ә й е л. Бәсе, сондай бір атақты адамның ханымы болуға лайық екенсің. Сені Сәкеннің әйелі болғандықтан түрмеге отырғызды ма?

Г ү л б а һ р а м. Мен күйеуімнің жазықсыз атылып кеткендігі туралы ұлы көсем Сталинге арыз жазғанмын.

1-Ә й е л. Иә, сенің жүрегіңнің түгі бар екен, Сталинге арыз жазып жүрген! Не деп жауап берді арызыңа ұлы көсем?

Г ү л б а һ р а м. Хатымның ұлы көсемге тиген, тимегенін білмеймін, тергеуші: «сен халық жауларын ақтадың, ұлы совет одағының үкіметін, заң орындарын қаралап, жала жаптың» деп өзімді қамап отырмай ма!..

2-Ә й е л. Әй..й, қайран қаракөз сұлу-ай! Күйеуің атылып кеткеннен кейін оны ақтамай-ақ, басқа біеуге тиіп алсаң болмай ма? Сонан бері ешкіммен төсектес болмадың ба? Өзің еркексіреп қалған сиятысың, иә?

Г ү л б а һ р а м (ашуланып) не деп тұрсың ей?! Мұндай анайы әзілді көтере алатын күй жоқ менде!...

1-Ә й е л. Әзіл айтып тұрған жоқпыз, шындықты айтып тұрмыз... Еркексізеген сұлулардың сауабын біз де ала-аламыз...қа-қа-қа...а...

Г ү л б а һ р а м. Ей, өздерің түрмеге нағып түсіп едіңдер? Қандай әйелсіңдер, қайдағы сұмдықты айтып, ауыздарыңа келгенді көки беретін?!...

    (Түрмеде бұрыннан отырған екі әйел екіжақтап, Гүлбаһрамды зорлап шешіндірмекші болады. Оладың қылығына қорланған Гүлбаһрам айғай салып бақырады. Оның даусын естіген түрме күзетшісі есік ашады).

Д и к т о р д ы ң  д а у с ы.Сондай қиын заманда, әйелдің ұлтқа, дінге бөлінуге мұрсалары болмаған. Жақсы әйелдерді түрмедегі шығаннан шыққан бұзық әйелдерге қосып қойып, әдейі қорлататын. Тергеушілердің айтқанына көнбеген, тергеу актісн мойындамаған, қарсыласқан, жоғарыға шағымданған әйелдерді бұзық әйелдерге табыстап, жалған қылмысқа мойындағанша, адам естімеген зорлық-зомбылық жасатады екен. Фатима жалғыз ұлы Болатты қарлы боранда қаңғырып келе жатып, толғатып, қардың кеуегін паналап босаныпты. Бұран басылғанда перзенітханаға барып, жанын сол кезде сақтап қалған екен. Үйсіз-күйсіз жүріп, біреудің тауық қорасына түнеген кездері де болыпты.

    (Декорецияда сол көріністер мүмкіндігінше елестейді).

Д и к т о р д ы ң  Д а у с ы. Алаш арыстарының әйелдері соншама қиындықты бастан кешіріп, жүректен ұрпақтарына мейірімін жоғалтпаған жандардың тағдырын естіп, көз алдыңа келтірсең, зәрең ұшады. Қорлаудың мұндай машинасы басқа елде, ешжерде болмаған. Бұл кездегі жазалау саясатындағы мінездерді талдап қарасақ, сатқындық мінездер де болмай қалмады. Өзімізді-өзіміз әшкереледік. Кейбір жазушыларымыз жанын сақтап қалу үшін, күмілжіп қалды. Шындықты айтып, қарсылық білдіруге батылдары бармады. Қатыкез саяси жазалау адамдарды ауыздықтап тастады.

   (Сахна қараңғыласып, қарға қаңқылдап, құзғұн құңқылдайды. Атылған мылтықтың даусы естіледі. Сахнаға қайта күңгірт жарық түсіп, аққуулар аспанда тізіліп ұшып бара жатады).

 

Шымылдық

 

                   Соңы                   

 

 

 

            

 

 

Оставить комментарий:
Captcha