Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы жарық көрді...

05.11.2013 3141

Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы жарық көрді

Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы жарық көрді - adebiportal.kz
аудио.jpg
Бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген жоба болып табылады. Оқырманның тіл мәдениетін жетілдіру мен қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді көздеген жобаның ашылуына белгілі қоғам қайраткерлері, ақын, жазушылар, жобаны жүзеге асыруға жауапты дикторлар мен әріптестер қатысты.

 

Мақсат Сқақов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы:

 

Жобаның негізгі мақсаты - ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жастарды әсіресе мектеп оқушыларын интернет көздері арқылы қазақ және әлем әдебиеті өкілдері шығармаларының аудионұсқасын өз бетінше іздеп, қызыға оқуға дағдаландыру болып табылады. Аудиохрестоматия мектеп жасындағы балаларға, ата-аналарға сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдеріне, жалпы көпшілік қауымға арналған. Жоба Тіл комитетінің til.gov.kz сайтында орналастырылатын болады.


Қайнар көз: baq.kz порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар